Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДЫҚ ШАРАЛАРЫ




 

" Тіршілік қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.

Пәнде мынадай мәсәлелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:

-тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;

-адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

-жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологаялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;

- ТЖ мен оның салдарын болжау;

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

- тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік-техникалық және ұйымдық негіздері.

Курстың негізгі мақсаты-төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу:

- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;

-техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;

- шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы;

- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;

- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жөніңдегі шараларды қабылдау.

"Тіршілік қауіпсіздігі" курсының көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары үшін кемінде 70 сағат, ал техникалық және ауылшаруашылық жоғары оқу орындары үшін кемінде 50 сағат болып белгіленген.

"Тіршілік қауіпсіздігі" курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.

Курсты игеру барысында шәкірт мынаны білуге тиіс:

- өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;

- тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін;

-жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық салдарын;

- ТЖ-да шаруашылық объекгілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді;

- төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдістерін.

Шәкірт:

- өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен экологиялығын арттыру жөніндегі шараларды әзірлейді;

- шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметтің тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау мен іске асыруды;

-төтенше жағдайларда халық пен өндірістік қызметкерлерді қорғау жөніндегі шараларды жоспарлай алуды білу қажет;

- ТЖ салдарын жою кезіңдегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуға тиіс.

Студенттердің "Тіршілік қауіпсіздігі" курсының Бағдарламасының білуінің төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.

Тіршілік қауіпсіздігі - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматық қорганыс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылык, объектілері - өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым - бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 407; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты