КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптеріКүн шығыстан шығып, батысқа батады. Егер таңертең күнге қарап тұрсаңыз солтүстік сол қолыңыз жағында, ал оңтүстік оң қолыңыз жағына болады. Көптеген өсімдіктер нағыз компас болып табылады. Бақшадағы күнбағар, ормандағы кейбір гүлдер, тіпті бұлтты күннің өзінде бастарын күнге қаратады. Итқонақ пен қына және тебірткілер көлеңкені жақсы көреді. Сондықтан олар негізінен ағаш бұталарының, тастар мен ағаш түбірінің солтүстік жағында өседі. Ағаштардың қабығы әдетте солтүстік жақтан қаралау және дөрекілеу. Бұл әсіресе қарағайда, қайында, теректе анық байқалады. Құрғақ, ыстық ауа райында емен мен қарағайдың майы оңтүстік жақтан көбірек бөлінеді. Құмырсқалар өздерінің тұрағын ағаштардың, тамырлардың, бұталардың оңтүстік жағынан салады. Құмырысқа илеугінің оңтүстік жағы солтүстік жағына қарағанда жайпақтау болады. Қайтатын құстар көктемде міндетті түрде солтүстікке, күзде оңтүстікке ұшады. Халықтың осы бір қарапайым жоралғысын біле отыра сіз орманда болғаңда бағдар жасауға жеңіл болады. Орманға жалғыз баруға болмайды, адасып кетуіңіз мүмкін. Еш уақытта өз жолдастарыңыз туралы ұмытпаңыз. Орманда бірге болу қажет. Бір-біріңізден ажыраған бойда жолдасыңызды табу үшін айғайлай бастаңыз. Адасқан жағдайда ешбір үрейленуге болмайды. Көрінген жаққа қарай жүгіруге болмайды. Отырыңыз, сабаңызға түсіңіз және белгілі бір дыбыстың төңіректен шығуын есту үшін мүқият құлақ түріңіз: машина, поезд шуы, кеме дабылы, иттің үруі, үй жануарлары мен құстарының шуы, адамдардың жақындығын білдіретін басқа да дыбыстар. Дыбысты естіген бойда оны естіген жаққа қарай бұрылыңыз және сол бағытпен жүріңіз. Егер дыбыс жақындаса, онда сіздің дұрыс келе жатқандығыңыз. Егер сіз адассаңыз, ал жолда өзен немесе үлкен жылға кездессе ағыс бойымен төмен жүріңіз. Бұл жол, әдеттегідей үйге алып келеді. Бағдар жасау үшін биік ағашқа шығып, шығу жолын межелеуге болады. Найзағай жарқыраған кезде жеке тұрған ағашқа жасырынуға болмайды. Найзағай көп жағдайда соған түседі. Ең жақсысы бұтақ астында немесе шағын орманда жасырынған жөн. Найзағай көбінесе еменге, терекке, талшынға, шегіршінге түседі (сирегірек шыршаға, қарағайға, шамшатқа түседі) өте сирек ақ қайыңға, үйеңкіге түседі. Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергілікті тұрғындардан "жылан ордалары" туралы сұраңыз. Орманға саңырауқұлақ пен жидек жинау үшін барғанда міндетті түрде етік киіңіз. Жыланды кергендс оған тиіспей, айналып өтіңіз. Егер улы жылан басын көтеріп ысылдаса, бұл оның шабуылға әзірленгендігін білдіреді. Тек өздеріңізге таныс саңырауқұлақ пен жидекті жинаңыз. Еш уақытта өзіңізге таныс емес жидектің дән татпаңыз. Өзіңіз білмейтін, орманда кездескен саңырауқұлақ пен жидек туралы кездескендерден сұраудан ұялмаңыз. Улану негізінен улы өсімдіктердің осы тектес усыз өсімдіктерге ұқсастығынан болады. Балалар көп жағдайда ақ желкенге ұқсас у тамырдан, шиеге ұқсас ит жидектен, көкнәр дәніне ұқсас меңдуана дәнінен уланады. Балалар үрлегіш жасау үшін кесетін қарағай балдырғанының қатты күйдіретін қасиеті бар. Табиғат аясында жүргенде адамдар ұқыпсыздықтан өрт шығаруы мүмкін. Ормандағы өртке лақтырылған сіріңке, темекі немесе сөндірілмеген от себеп болуы мүмкін. Ең жақсысы отты ескі алау орындарында жаққан жөн. Отты кұрғақ шөпті және құрғақ ағашпен қатар жағуға болмайды. Өте үлкен алауды жөне күшті желде, құрғақ ыстық ауа райында от жақпаған жақсы. Кетер кезде оттың сөндірілгендігіне көз жеткізу керек. Отта сөнбеген шоқтарды қалдыруға болмайды, өйткені соққан жел оның жалынын үдете түсіруі мүмкін. Ең сенімдісі отты сумен сөндірген жақсы. Жалынды сынған бұтақпен, кішкентай ағашпен немесе күртешемен әлсіретуге болады. Жанған шөпті аяқпен таптауға немесе топырақ шашу арқылы өшіруге болады. Ормандағы өрт кезінде желге қарсы жүру керек. Елді мекендерден тыс жерлерде сиырға немесе бұқаға жақындамау керек. Жолда табын кездессе оны айналып өтіңіз. Бұзаулардан сақ болыңыз. Өйткені оның мүйізі шығар кезде басы қышиды, сондықтан жарақаттауы мүмкін. Кез келген климатты географиялық аймақта адамға жолда кездескен өзен мен және жылғамен жүруге тура келеді. Ең жақсысы бейтаныс өзенді кешіп өткен жөн. Өткел ретінде соқпақ жол, автомобиль дөңгелегінің ізі, суды бойлай өтетін және карсы жағалаудан көренетін сүрлеу, сондай-ақ өзеннің екі жақ жағалауындағы өсімдіктер арасындағы сүрлеуше қызмет етеді. Ең таяз жерлер өзеннің енді жерлерінде кездеседі. Және керісінше ең терең жерлермен ағыс жылдамдығы арналар тарылған орындарда байқалады. Таяздықтың белгісі ретінде өзеннің бүкіл бойынша ағыс жылдам өтетін енді шұңғымалар, өзен тарамдалып бірнеше шағын аралдарға бөлінетін орындар, көрініп тұрған тас пен су өсімдіктері қызмет етуі мүмкін. Күндіз жайлы ауа райында су беті тегіс және мөлдір болып келеді. Су бетіндегі ұсақ бүршіктер таяздығы білдіртеді. Таудағы және жазықтағы өзендерде көктемгі уақытта судың азаюы түнде және таңертең байқалады. Ал судың көтерілуі күндіз және кешке таман байқалады, бұл мұз бен қардың күндіз еруіне байланысты. Ағыннан, кедергіден — тастан, шағын аралдардан немесе өзен бұрылысынан сәл төмендеу жерден өткен жақсы. Өйткені бұл жерде ағын күші әлсіздеу. Ашық судан аяққиіммен кешіп өткен жөн. Өзеннен жалғыз өткен адам мықты ағаш таяқпен сүйеніп өтуге болады. Ағыннан бір-бірінің қолынан ұстап тізбектеліп өтуге болмайды, өйткені адамдардың көптігі ағынды бөгеп, оның арынын күшейтеді. Таулы жерлерде өзенен тастардың үстімен өткен жақсы. Бұл үшін бір-біріне өте жақын орналасқан, балдырлармен және қияқшөппен жабылмаған мүмкіндігінше беті құрғақ орынды іздестірген жөн. Тәуекелдік факторлары — бұл авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін факторлар. Оған ауру, зілзала, аштық, ыстық және шел, суық, қорқыныш, әлсіреу, жалғыздық, авария орны жатады. Аштық. Аштық - бұл азық-түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайды организмнің күйі. Жағдайға байлынысты аштық: - мүлде аштыққа — су жоқ кезде; - толық аштыққа — азық түлік қоры, бірақ сумен қамтамасыз етілуі шектелмеген жағдайда: - ішінара аштыққа — азық -түлік қоры жеткілікі болған жағдайда адам тағаммен бір немесе бірнеше витаминдер, белоктер, улгеводтар және т. б. заттарды түгел ала алған жағдайда бөлінеді. Толық аштық күінде организмнің өмір сүруі заттардың алысуы процесі және нәрлі материалдар қорының (резервтер ең бастысы май) және босатылған азық-түлік бірте-бірте ұлпалар бөлігінің және организм құрылымының атордәллану кезіндегі сұлпалар көлемімен мөлшерінің келуі энергия бөлінуі есебінен қуатталады Организм сыртын нәрлі заттардың түсігендігінен тиісті қайта құрылудан соң өзінің ұлпалық қорын жұмсауды бастайды. Олар өте сұсты есептеу бойынша салмағы 70 кг адам толық аштықты өзінің ішкі резервтері есебінен 20-25 күн шыдай алады. Адам үшін аштықтың шекті мерзімі 65-70 күн болып саналады және егде жастағы адамдар да тамақ жоқ болғанына көбірек шыдайды, өйткені оларды заттардың алмасу деңгейі төмендеген. Керісінше жастарда, өсіп тұрған организмде энергиясының жұмсалуы орташа көрсеткіштер мен салыстырғанда 15-20% пайызға артық. Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда аштық оңай шыдайды. Бұған қатысты Ленинград блокадасының статистикалық мәліметтері айғақ. Жұртқа мәлім, ең алдымен аштықтан 14-тен 18 жасқа дейінгі ұл балалар өлді, сонан соң жас ер адамдар, содан кейін қыз балалар, әйел адамдар, жасы үлкен адамдар барлықтарынан ұзығырақ тірі қалып оларға өмір сүру үшін тіпті азғана тамақ қажет болды. Әдеттегідей толық аштықта балғамқы салмағының 30-40 пайызын жоғалтқан кезде өледі. Азық-түлік қоры болмаған, аң, балық аулау, жабайы жеуге жарайтын өсімдіктерді мүмкіндігі жоқ жадайда тірі қалудың бей-жай әдісін ұстанған жөн, яғни апат орнынан жақын маңда көмек күту. Энергия көздерін үнемдеу мақсатында аса қажетсіз баспанадан кетпеуге: көбірек жатуға, тек өте қажетті жұмыстарды орындауға тырысу керек. Тамақ ұзақ уақыт бойы жоқ болған кезде тұщы суды жиі ішу аса маңызды. Су ашығу кезінде организмге өзінің клеткаларының қорын ұзақ сақтауға көмектеседі. Суды ыстықтай ішкен жақсы, оған жапырақ, қарақат, бүлдірген мен жалбыз қосуға болады. Аштықтан үйреншікті тамақтануға көшу сатылай және аса сақтықпен жүргізілуге тиіс. Бұл ережелерді сақтамау тамақтануды қалпына келтіру кезінде ауыр салдарға тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Ыстык Шөлдеу. Авариялық жағдайға қатысты "ыстық" түсінігі бірнеше ахуалдың жиынтығы-қоршаған ауаның температурасы, күн сәулесінің жиілігі, топырақ бетінің температурасы, ауа ылғалдығы, желдің болуы немесе жоқтығы, яғни авария болған жердің климаттық жағдайлары. Шөлде немесе жартылай шөлде болған авариялық жағдай адам үшін аса күрделі. Және бұл қатты ыстықпен емес, ыстықтың шөлмен қаскөйлік одақ құруымен үғынылады. 15% сұйықты жоғалту (организмнің кебуі) өлімге алып келеді. Аштық бірнеше аптаға созылуы мүмкін, ал адам сусыз санаулы күндерде, ал ыстық климатта бірнеше сағатта қаза болады. Адам организміне судың керектігі қолайлы жағдайларда тәулігіне 2,5-3 литрден аспайды. Бірақ ол ауаның жоғары температурасы кезінде өседі, әсіресе шөлде немесе жартылай шөлде тәулігіне 4-6 литр және оданда көп болады. Суды бірден көп ішуге болмайды. Бірден көп ішу шөлді қандырмайды, алайда адамды әлсіретуі мүмкін. Ішкен судың шөлді бірден қандырмайтындығы, асқазанға барып, қанмен араласқаннан кейін, яғни 10-15 минут өткен соң шөлді қандыратындығын есте ұстау керек. Суды араға үзіліс салып, бірнеше рет ұрттау арқылы толық шөл қанғанша ішкен жақсы. Суық. Статистикалық мәлеметтерге сәйкес адамдардың, 10-15% туристік маршруттарда суыну құрбандықтар болады.Суық адамға үлкен деңгейде қысқы уақытта қауіпті. Төмеңгі температура жағдайында адамның тірі қалуы үшін желдің жылдамдығы маңызды. Ауаның -3°С шынай температурасында желдің жылдамдығы секундына 10-11 м< болса, оның тондыру әсері адам үшін —20°С градуска тең. Термометр шкаласында байқалған желдің осы жылдамды -10°С-та, -30"С-та, ал -25°С-та, -50°С градусқа дейін барады. Табиғи баспана жоқ жерлерде ауаның төменгі температурасы күшті желмен қосылып, адамның өмір сүру уақытын бірнеше сағатқа дейін қысқартуы мүмкін. Суық температураларда өмір сүрудің ұзақтығы көрсетілген климаттық факторлардан басқа киім мен аяқ киімінің жағдайына, салынған тұрақтың сапасына, отынның, жанар май мен тамақ қорының көлеміне, адам моральдық жағдайы мен әл-қуатына байланысты. Қорқыныш. Қорқыныш — өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдай адамның табиғи жауабы. Қорқыныш авариялық жағдайға көмектесумен қатар көп жағдайда оны асқындырып жібереді. Қорқыныш сезімнің күшеюіне кез-келген кездейсоқ оқиға — ауа райының бұзылуы, қозғалыс құралының сынуы, бағдардан айрылу және т. б. қызмет етуі мүмкін. Жарылыс, жер сілкінісі, көлік құралдарының соғылысуы және басқа кездейсоқ қауіптерде қорқыныш сезімі болады. Әр адам қорқынышты өзінше қабылдайды және түрлі жағдайларда ол әр түрлі болуы мүмкін. Авариялық жағдайға түскен адамдар үшін өзін-өзі ұстаудың бірнеше үлгілері тән: - жүнжіп қалу — адам қауіппен кездескен сәтте бірден абдырап қалады; - белсенді-жедел іс-әрекеттен сипатталады (бей-берекет қимыл); - қисынды-адам төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерге кәсіби және психологиялық тұрғыдан дайындалған (өрт сөндірушілер, теңізшілер). Әлсіреу. Әлсіреу - авариялық жағдайлардың тұрақты серігі, үнемі ой шырмауында және тұрмыс істеудің салдары болып табылады. Бірден сары уайымға салыну және қатты қимылдау жағдайында адам аса қысқа мерзімде әлсіреуі мүмкін. Шынайы немесе елестегі қауіптен есі шығып қашқан адам санаулы минуттарда өзінің күшінен айрылуы мүмкін, бұдан кейін әлсіздік күшейіп, адам өз тағдырына немқұрайды қарайды. Ақыл ой мен жүйкелік (жан дүниелік) әлсіреудің ерекшеліктері. Белгілі бір нерв жүйесі қалыптасқан адамдарға үздіксіз ақыл-ой еңбегі ашушаңдыққа келуі мүмкін. Ол күндіз-түні ойлау, жауапкершілікті қатты сезіну, іштей сары уайымға салынудан пайда болады. Шектен тыс толқыған және әр түрлі міндеттемелері көп адамдарда жүйкесінің тозуы жиірек байқалады. Өмірді ұзартуға талпыну кезінде тынымсыз еңбек, тоя тамақ ішпеу, ұйқының қаңбауы, күндіз-түні ойлау, адамды әбден қажытады. Күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, тамақтардың бір сарындылығы, шектен тыс ойнау балаларды жылдам шаршатады. Жүктеме көбейген сайын (екі мектепте, бірнеше үйірмеде және т. б. оқу) шаршау, әлсіреуге жалғасады. Қалыпты тұрмыстық жағдайда күшті қалпына келтіру үшін бірнеше күн демалып, нәрлі тамақ ішу жеткілікті. Алайда тосын жағдайда бұған мүмкіндік жоқ. Дене күшін дұрыс жұмсау, демалысты өз уакытында ұйымдастыру — апат жағдайында адам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Жалгыздық. Апатпен бетпе-бет келген адамның алдында физикалық, сондай-ақ моральдық түрғыдағы мәселелер шығады. Жалғыз адамға от жағатын жерді жабдықтау, күртік қарда жол салу, азық-түлік табу қиын, арнайы құралдарсыз белгісіз жерлерден өту кезінде сенімді сақтық пен көптеген басқа тірліктерді ұйымдастыру қиын. Тосын жағдайда жалғыз қалған адам көп жағдайда жан-дүние күйзелісіне ұшырайды. Жалғыз қалған адам аяқ асты абдырап ессіз күйге түседі, ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмайды. Мұндай жағдайда жүйкенің қозуына бой алдыртпаған, аса маңызды және мүмкіндігінше парасатқа жеңдірген жөн. Әр минут сайын бос қиялдан құтқарудың пайдалысы тіршілік жасауға ұмтылу керек. Авария орны (бақытсыздық болган климаттыц-географиялық аймак). Нақ осы фактор тірі қалудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды. Шөлейт (құргақ дала). Жартылай шөлейтте ұзақ уақыт тірі қалу өз бетімен елді мекенге темір жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегі - ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегі қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкін. Шөл. Шелде қысқы мерзімде тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру керек. Елді мекендер алыс болған немесе өзінің тұрған жерін білмеген жағдайда жақсы көрінетін жерде қомақты лагерь жасау ұсынылады. Жазғы уақытта тұщы судың едәуір қорысыз тірі қалу мүмкін емес! Жазда шөлде ұзақ уақыт болу үшін күн көзін қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегімен алумен, тұщы суды тәулік бойы бақылау, бақытсыздық белгісін беру қажет. Түнде шөлде жарық дабылы аңық көрінеді (шам, от, жарық). Күндіз мүлдем жүруге бомайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады. Шөлде адам дененің кебуінен, ыстық пен күннің өтуінен, улы жыландар мен өрмекші тектестердің шағуынан қаза болуы мүмкін. Таулар. Биік тауда тіршілік етудің өз ерекшелігі бар және арнайы альпинистік даярлығы мен арнайы қондырғылары бар адамдар жүреді. Тауда адамдар қардың көшуінен, тастың құлауынан, үлкен биіктіктен құлаудан, суық тиюдің асқынуынан қаза болуы мүмкін. Тірі қалу факторлары - бұл төтенше жағдайдағы іс-әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін-өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру. Авариялық жағдайдаеы іс-әрекетке әзір болу. Көлікпен келе жатқан, туристік жорыққа қатысқан, жексенбі күні саңырауқұлақ жинауға шыққан кез-келген адам авариялық жағдайдағы кез-келген іс-әрекетке дайын болуға тиіс. Әзірлік деңгейі алдағы маршруттың болжанған деңгейімен аңықталуға тиіс. Жарнамаларда, нұсқауларда айтылған ережелерді елемеуге болмайды. Олар ондаған авариялық жағдайларды талдау негізінде жасалған. Авариялық жағдайдағы моральдық әзірлік бірінші кезекте өзін-өзі құтқару әдістерін білумен түсіндіріледі. Авариялық жағдайыдағы іс-әрекетке әзірлік деңгейінің айтарлықтай дәрежеде адамның дене күші мен жігерінің жалпы деңгейі ықпал етуі мүмкін. Ұстамдылық, салқын қандылық, ойлай білу сияқты мінездің ерекшеліктерін дамытуда спорттың көрсетер көмегі үлкен. Өмірге кұштарлық. Авария жагдайында ерте ме, кеш пе күш азайып, жүйке әлсіреп, бұдан әрі тырбану қисынсыз болып көрінсе, адамның жігері жасиды. Адамды бойкүйездік, немқұрайдылық биледі. Ол құтқарылатындығына сенбейді және күш-жігерді аяғына дейін жұмсамай, азық-түлік қорын пайдаланбай қаза болады. Статистика кеме күйрегеннен кейін құтқару құралдарына жеткен адамдардың 90%-нің үш тәулік бойынша моральдық факторлардан өлетіндігін дәлелдейді. Құтқару кемелерді мүхитта кездескен қайықтар мен желкендерден азық-түлік қоры мен су ыдыстарын және өлі денелерін талай рет кездестірді. Тірі қалуға "Менің өлгім келмейді!" дейтін жалаң тілекі емес, "Мен өмір сүруге тиіспін деп қойылған мақсат көмектеседі. Тірі қалу ниеті сезіммен, ойластырылған қажеттілікпен ұштастырылуға тиіс. Авариялық жағдайдағы өмірге құштарлық бірінші кезекте дұрыс іс-әрекетке байланысты. Өзін-өзі кұтқару әдістерін білу. Ұзақ уақыт тірі болу негізі. — әртүрлі салалардағы нақты білім. Қажетті білімнің болмауын күш-жігер де, шыдамдылық та, азық-түліктің артық қоры мен авариялық құралдар да құтқара алмайды. Мысалы, бір қорап сіріңке адамды, егер ол қыста немесе жаңбырда отты қалай тұтатуды білмесе, суықтан құтқармайды. Тасқынға тап болу қауіпі, егер тасқын қауіпі бар учаскеден өту тәртібін білмесе күшейе түседі. Алғашқы медициналық жөрдемді дұрыс көрсетпеу зардап шегушінің жағдайын қиындата түседі. Болашақ авария тұрғысынан әмбебап тақырыптарға әңгіме өткізу аса маңызды: қолда бар құралдар көмегімен бақытсыздық белгісін беру, компассыз бағдарлау, жүру кезінде бағыт ұстау, елді мекендерді, адамдарды іздеудің жалпы принциптері, ыдыссыз тамақ әзірлеу, тұрпайы әдістермен от жағу, ұзақ уақытқа лагерь ұйымдастыру, жарақат алған кездегі алғашқы көмек, су тосқауылдарынан өту және т. б. Тіршілік дағдылары, Өзін-өзі құтқару әдістерін білу теория практикамен ұштасқан жағдайда пайдалы іс-әрекеттерге қол жеткізеді. Басқаша айтқанда адам оны тек қана біліп қана қоймайды, қандай да бір жағдайда оны қалай жасалатындығын іс жүзінде көрсетеді. Талай ұрпақ жинаған білім іс жүзіндегі тіршілік дағдылары болып қалыптасып, адамдардың, сыртқы ортаның аса жағымсыз жағдайына бейімделуіне мүмкіндік береді. Солтүстіктегі эскимостар, тайгадағы аңшы-қол өнерші, шөлдегі австралиялық абориген ата-бабалар жинақтаған тәжірибемен өздерін мүлде еркін сезінеді. Кез-келген төтенше жағдайдағы тірі қалу дағдыларын біліп қана қоймай, оны қалыптастыруға тиіс. Жалпы дене шынықтыру, шынығу. Авариялық жағдайда дене күші шыдамдылықтан маңызды немесе керісінше, бағамдауға болмайды, барлығы авариядағы нақты жағдайға байланысты. Лагерьде жүк жеткізу немесе құрғақ ағашты шабу, құз жартаста құлаған адамды ұстау үшін күш қажет. Азық-түлік жетпей ұзақ уақыт бойынша жұмыс істеу немесе бірнеше күн бойы жүрген жағдайда шыдамдылық қажет. Шыдамдылық, күш, шынығу сияқты организмнің физикалық ерекшеліктерін авария жағдайында алу мүмкін емес. Бұл үшін, айлар, жылдар қажет. Бұл қасиеттерді спорттың белсенді түрлерімен жүйелі шұғылдану уақытында сіңіруге болады. Спорттың альпинизм, туризм, жүгіру сияқты түрлері аса пайдалы. Адам неғұрлым шыныққан сайын жағымсыз температуралардың әсерін жеңіл қабылдап, авариялық жағдайларға оңай көндігеді, өзінің жұмысқа қабілеттілігін ұзақ сақтайды. Құтқару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру. Авария жағдайында әртүрлі жұмыстарды ойластырып, ұжыммен бірге жасаған дұрыс. Тіпті ең күшті адамның бірнеше әлсіз адаммен салыстырғанда құтылуға мүмкіндігі аз. Топта жасына, күшке, дағдысына қарамастан әрбір қызметкер қажет. Лагерь ішіндегі жұмысты әр адамның күші мен мүмкіндігіне орай білу керек. Әйелдерге, балаларға, әлсіз адамдарға — ұшақтарды аңықтау мақсатында бақылау, елді мекендер белгілерін табу, азық-түлік жинау, қақпан мен тұзақтың көмегімен балық аулау, аңға шығу, жаралылар мен ауруларды күту, тамақ дайындау, от жағу, киім кептіру мен жамау. Ал еркектерге ағаш дайындау, баспана салу, төңірекке барлау жасау және басқалар тапсырылады. Жұмсалған еңбек шығынына қарамастан жұмысты жалғастыру аса және маңызды. Кез-келген жұмыс бір сарында, күш-жігерді дұрыс жұмсай отырып істелуге тиіс. ЖЕР -АУА
|