Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СИПАТТАМАСЫ




 

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР Заңында төтенше жағдай аймағы ретінде төтенше жағдай жарияланған аумақ түсініледі.

Осы заң бойынша ҚР үкіметі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды аймақтық немесе ғаламдық түрлерге жатқызады да, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды объектілік және жергілікті түрлерге жатқызады, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Қазақстан Республикасының біршама аумағында жер сілкінісі болып тұрады.

Осы зілзала, әдетте, үлкен аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй-жайлар қирайды, адамдар қаза болады және жарақат болады, материалдық құндылықтар жойылады.

Жер сілкінісі кезіндегі зақымдаудың қайталама факторлары төмендегідей:

— коммуналдық-энергетикалық және газ желілерінің бұзылуы, өндірістік авариялар нәтижесінде болатын алапат өрттің шығуы;

— сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

— тоғандардың бұзылуы нәтижесінде елді мекендер мен тұтас аудандардың су астында қалуы;

— химиялық және радиациялық қауіпті объектілердің қирауы нәтижесінде ҚӘУЗ ошақтары мен радиоактивті зақымдау аумағының пайда болуы.

Сел тасқындарының бастапқы факторларының арасынан, ең алдымен, автомобиль және темір жолдарға, көпірлерге, электр беру желілеріне, ғимараттар мен тұрақ жайларға, ауылшаруашылығы жайылымдарына келтірілетін залалдарды айтуға болады. Сел тасқындары үлкен қашыктықтарда лайлы-тасты массамен суландыру жүйесінің магистральдық каналдарын басып кетеді, соның салдарынан егістік сусыз қалып, жайылымдардың жойылуы нәтижесінде жанама шығын (қайталама фактор).

Гидротехникалық ғимараттардың қирауынан ықтимал су басу аймағы (өзенге, көлге, су қоймасына, су басқан тұрғылықты жерден жапсарлас аумақтың бір бөлігі) және апатты су басу аймағы пайда болады (бұзу толқыны таралатын шектегі ықтимал су басу аймағының бір бөлігі).

Апатты су басудың негізгі зақымдағыш факторлары екпіннің қиратқыш толқындары, құрлық аумағы мен объекгілерді қан су тасқыны мен жәй ағатын су болып табылады. Бұл жағдайда адамдар қаза болып мал мен егістіктер жойылады халықтың тіршілігі мен кәсіпорындардың өңдірістік-экономикалық қызметі бұзылады, мәдени және тарихи құндылықта жоғалады, табиғи ортаға үлкен залал келтіріледі.

Өрттің негізгі зақымдағыш факторы оттың жанып жатқан затқа тікелей әсері және сәулелену салдарынан жоғары температуралардың заттар мен объектілерге қашықтық болып табылады. Өрт кезінде технологилық қондырғылар мен көлік құралдары толық немесе ішінара жойылады»! немесе қатардан шығады, адамдар қаза болады немесе әртүрлі деңгейде күйік алады, үй жануарлары мен малдар қырылады.

Өрт кезіндегі қайталама зақымдау факторлары жарылыстар, қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығуы болып табылады. Өрт жаймаған ғимараттар мен онда сақталған заттарға өрт сөндіру үшін пайдаланылған су да үлкен зала келтіруі мүмкін. Өрттің ауыр әлеуметтік және экономикалық салдары, өрт бүлдірген объектінің өзінің шаруашылық; немесе өзге де міндеттерін атқаруды тоқтатуы болып табылады.

Жарылыстың зақымдағыш факторларының әсерінен нәтижесінде (ауа толқынның соққысы) ғимараттар мен тұрақ жайлар бұзылады немесе зақымданады, адамдар қаза жарылыстың қайталама факторлары объект ішіндегі адамдардың ғимараттар мен тұрақ жайлардың қираған кұрылғыларының сынықтарынан жарақаттануы, олардың астында қалуы болып табылады. Жарылыстар нәтижесінде зақымдалған қондырғыдан кауіпті заттар ағып өрттер пайда болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде химиялық аймағы пайда болады. Ол ҚӘУЗ әрекеті нәтижесінде тіршілігі үшін қауіптілік деңгейімен сипатталады, оларда сырқатты ахуал тудырғыш, тіпті қазаға ұшыратуы мүмкін

Химиялық зақымдау ошагы — ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

Аварияның ықтимал саддарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объектілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерекшелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты.

Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді.

Соққы толқыны — негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша І Мгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта 5 километрге, 22 секундта 10 километрге жетеді.

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өңдірістік қондырғыны, ғимаратты, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынының зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төңірегіндегі артық қысыммен сипатталады.

Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 5000 см2, тұрған адамға артық қысымы 0,5 кг/ 2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді:

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сыртқы шекараға 0,5кг/см2 жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

Екінші аймак, (қатты қирау) 0,5 — 0,3кг/см2 соққы толқынның артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас «ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардын көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 — 0,2кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мен тұрақжайлармен ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 — 0,1кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

Жарықтың сәуле шығаруы — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралған, аз уақыт қана әсер етеді.

Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал ядролық жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесінің зақымдағьш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытыш қарсы орналасқан үстінгі беттегі 1см2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне кал/см2 алынады. 2 — 4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4 — 7,5 кал/| см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы), 7,5 — 12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғы шарының толық жансыздануы), 12 кал/см2-нан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті.

Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұман, жаңбыр мен қар оның әсері қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттің шығуы мен күйік қолайлы жағдай жасайды.

Өткіш радиация — ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторы. Ө.Р-нің көзі — ядролык реакция. Ө.Р-нің әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды (ядролық реакцияның ұзақтығы). Ө.Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле алуын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Ө.Р. әсерін күрт әлсіретеді.

Жердің радиоактивті ластануы — ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардын түсуі нөтижесінде болады.

Жердің радиоактивті ластануының деңгей жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әртүрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріледі, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.

Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіңдеп төмендейді.

Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш төрт есеге, ал 7 сағаттан кейін он есеге азайады. заттармен зақымданған жерде тұрған адам әрдайым сыртқы сәулеге немесе сәуле ауруына ұшырауы мүмкін заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.

Электромагниттік импульс — ядролық жарылыстың зақымдану факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына және электрондар ағыны мен оң иондар нәтижесіңде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер.

Э.И – тің әсер ету ұзақтығы – бірнеше ондаған миллион секунд. Э.И – тің байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жұмысын бұзуы мүмкін. Әсіресе жартылай өткізгішгерде жұмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшгі. Э.И әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 256; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты