Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сәулелену дозасы туралы түсінік




Ионданушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сөулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бұл жағдайда сәулелену көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен ауамен келуі нетижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығьш және бұның қай уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.

Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сәулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескермейді. Сондықтан дозаның келесі түрі эквиваяентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1 рад хк =1бэр; 1 Грхк=1 Зв (зиверт). Алайда, эквивалентті доза әр түрлі ұлпалардың сәулеленуді әр түрлі сезетіндігін ескермейді. Дененің бұл мүшесі басқасына қарағанда анағұрлым сезімтал: мысалы, сәулеленудің бірыңғай эквивалентті дозасында қатерлі ісік қалқанша безге қарағанда өкпеде жылдамырақ пайда болады, ал жыныс бездерінің сәулеленуі генетикалық зақымдану салдарынан аса қауіпті. Сондықтан әртүрлі ұлпалар мен органдар үшін тиісті коэффициеттер енгізіледі. Эквивалентті дозаларды осы коэффициенттерге көбейтіп және барлық ұлпалар мен органдар бойынша қосып, организм үшін сәулеленудің жиынтык, әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаны аламыз.

Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалентті доза және тиімді эквивалентті доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалентті дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл хайуанаттардың немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.

СИ Халықаралық бірлік жүйесінде дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр). Сіңірілген дозаны бағалау үшін, сондай-ақ РАД =0,04 1/кг; ІГр = 100 Рад жүйеден тыс бірлігі пай-даланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңірілген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясының санын білдіреді.

Сіңірілген доза қауттылығын бір секундтағы (р/с) рентген үлесі бірліктерімен өлшеу кеңінен жайылған, бір секундтағы милиренттен (мр/р), бір секундтағы микрорентген (мкр/с), бір сағаттагы микрорентген (міф/с). Бұл бірліктерде (мкр/с) әдетте тұрмыстық дозиметрлердің ақпараты беріледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 679; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты