Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы




Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азаюымен сипатталады. 150—200 рад доза сәуле алған кезде дамиды.

Орташа дәрежедегі сәуле ауруы 200 — 400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бұл жағдайда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту, іш өту, дененің қызынуы, 5—8 жасар койларда жүннің түсуі байқалады. Лейкоцитгер саны 50%-ке, ал лимфатциттер 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ушығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді.

Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 400 — 600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің температурасы көтерілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан ай-налымындағы лейкоцитгер, эритроцитгер, тромбоцитгер санының күрт темендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азайады. Емдеусіз малдың 60%-не жуығы шетінейді. Емдеу кезінде ұзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.

Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 600 — 750 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді, хайуанаттар 10—15 күнде шетінейді, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек шетінейді.

Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсер тудыратын сөулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге ұшырағаннан гөрі жоғарырақ болады.

Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері ұлпаларында "бета-күйікті" тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң тұрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қорықтенетін малдарда шөп жеген уақытында бета-сәулелену нөтижесінде беттерінің радиациялык зақымдануы жиі байқалады.

Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады. Радиациялық заттардың біршама бөлігі ас қорыту жолына түскен кезде сорылады, ал қалған бөлігі ішекке етіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегейлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жұмысын тұрақсыздандырады.

Сорылған радиоактивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалқанша безде жинақталады (басқа ұлпалармен салыстырғанда 1000 — 10 000 есе артық). Өте үлкен дозалармен сәулеге ұшыраған кезде органдар бүлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) я болмаса жұмысы айтарлықтай бұзылады (бауыр).

Қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронций, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады; церий, рутений, рубидий, изотоптары организмде бүкіл ұлпалар бойынша бір қалыпты орналасады.

Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жұтады олар қай организмде болмасын әртүрлі таралады. Егер, мысалы, барлық организмдерде жиынтық ра-диоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65% ішкі органдарда, 10,5% желбезекте, 19% жүзу жарғағында, 3% бұлшық етте және 2,5 % сүйекте кездеседі.

Радионуклидтермен ауьишаруашылық өсімдіктері азық-тулік пен судыц ластануы.

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдікгерді ластайды. Бөлшектердің көлеміне байланысты өсімдік бетіндегі жерге түскен радиоактивті шаң 8 — 25 пайызды құрайды. Атап айтқанда, өсімдік бетінде келемі кемінде 44 микрон (қалың шөп ескен жерде) бөлшектер 25%-ке дейін, көлемі 1 — 2 микрон бөлшектер 25%-ке астам және қатты жауын-шашында 50%-ке дейін бөлшектер сакталады. Бұл көрсеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалындығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын-шашын ұзақ сақталады), жапырақтың түріне және оның үстіңгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстіңгі беттен жел ұшырып алып кетеді және жаңбыр шайып кетеді. Осының, сондай-ақ вегетативті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиоактивтілігі екі аптадан кейін орташа екі есе азаяды. Көрсетілген мерзім жартылай тазару мерзімі деп аталады.

Өсімдікке гамма сәулелер мен бета-бөлшектері, әсіресе үстіңгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета бөлшектерінің өткіш қасиеті шамалы болсада, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп-өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жұтылған дозадағы бета сәулелерінің үлесі гамма-сәулелерінің үлесінен 10-20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге ете сезімтал келеді, ал есімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде, бұршақ тұқымдастар бутонизация — гүлдену кезінде иондаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің тұқымдарының пісуі аяқталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бұл кезде іс жүзінде аякталған. Алайда бұл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астык, ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады. Таблицада ауылшаруашылығы дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген. Зақымданған аудандағы халықтың іс-әрекеті мен өзін- өзі ұстау тәртібін АҚ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық ахуалдың сипаты туралы хабарлап, не істеу

керектігін түсіндіреді.

Өсімдіктің түрі Сәулелену дозасы (рад) Ағаштар мен өсімдіктердің түрлері Сәулелену дозасы (рад)
Пияз Қара бидай
Сұлы Арпа
Жүгері Бидай
Қырыққабат Бақша бұршағы
Қызанақ Орамды қарағайлы
Күріш Көгілдір шырша
Зығыр Жапон бал қарағайы
Картоп Буланғыш тұт
Қантты қызылша Қайың
Тисс Қызыл емен
    Қызыл үйеңкі

 

Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жерт-өледе, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық-түлік пайдалануға жарамды.

Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзінде радионуклидпен ластанбайды.

Радиоактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мұқият жуып тазалаған жөн. Бұдан кейін қабығымен қоса 5мм қабатын кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактиті зақымдауға ұшырайтындығын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабат алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.

Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымданған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (құрғақ немесе қойылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, онда сүзбе әзірлеңіз, онда радиактивті элементтер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте шектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді.

Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар. Соядан жасалынған сорпаны ісік ауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қатарына батыл жатқызуға болады. Капустадан зақымдану белгілері — сүр жұлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастаған жөн. Түрлі-тісті капустаны, тошаланы, қызыл қара-қатты жемеген дұрыс — олар жылдам бүлінеді.

Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қорғайтын темір бар. Жемес бұрын шамамен 5мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаған жөн. Қалғаңдарын батыл жеуге болады.

Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы. Өйткені олардың құрамыңда радиоактивті элементтерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигаент бар.

Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жеген жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дұрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінеді.

Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дұрыс. Өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта қалады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге болады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн. Қайнатылған жұмыртқаны жеуге болмайды, ейткені кайнаған кезде қауыздағы радиоактивті стронций жұмыртканың сарысына өтеді. Кофе мен какао организмде радионуклидті ұстап калады. Ал көк шәй зиянды заттарды бөліп шығарады.

Сәбіз-алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмекке жатқызуға болады.

Ұйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыроттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жақсы. Жалбыз бен сермене басқа өсімдіктерден гөрі радионуклидтерді жақсы сіңіреді. Жалпы сұйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен қызыл шарапты ішкен жақсы.

 

ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР МЕН

УЛАҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ

СИПАТТАМАСЫ

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әртүрлі химиялық өнімдердің барған сайын көбірек қолданылуын қажет етіп отыр. Бұл оларды ендіру және үлкен көлемде та сымалдануын қажет етеді.

Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратьш, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы (төгілуі) ықтимал. Олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай катер төндіреді.

Алайда, аса қауіпті объектілердің қирауы (авария) кезіңде олардың шығуы (төгілуі) нәтижесінде химиялық заттардың барлығы бірдей үлкен залал келтіре алмайды. Тыныс алу органдары мен тері ұлпалары арқылы әсер еткен уақьптағы жоғары улылық, өндіріс көлемінің ірілігі, тұтыну, сақтау жене тасымалдау, сондай-ақ шыққан (төгілген) кезде негізгі зақымдағыш күйге (бу немесе аэрозояь) оңай өту қабілеті сиякты белгілі бір қасиеттері үйлескен кездегі химиялык қосылыстардың бір бөлігі ғана адамдардың жаппай зақымдануына себеп бола алады.

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.

Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың) салдарын дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу (төгілу) салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.

Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 232; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты