Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі




АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөленеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктің нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша объектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құраммен жасақтау және метериалдық техникалық мүлікпен жабдықтау (табелдеу) Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде аңықталады.

Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалдары кемінде он адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізі түрлері:

- қутқару қурамалары — барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан (командасынан), құтқару командасынан (тобынан) немесе адамдарды іздестіру тобынан, барлау тобынан (звенодан) тұрады;

- инженерлік қурамалар — инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетін аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жол-көпір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

- АҚ жэне ТЖ қызметтерінің қурамалары — халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялык-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлінеді.

Республикалық жедел-құтқару отряды баруы қиын аудандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл кемек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады.

Облыстық және қалалық жедел-құтқару отряды іздестеру құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

АҚ құрамаларына 1, 2, 3 топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, соғыс кезіндегі жұмылдыруға белгіленгендерден өзге еңбекке жарамды ерлермен әйелдер алынады.

Бейбіні уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшін АҚ-ның бар кұрамалары мен штаттық мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзірліктегі облыстық, қалалық және аудандық жедел іс-қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларының санатына жатады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 449; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты