КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гомойо- және пойкилотерімділерге салыстырмалы сипаттамаЖылу алмасу ерекшелiктерiн ескергенде жануарларды салқын қанды-пойкилотермді және ыстық қанды - гомойотермдi деп екiге бөледi. Біріншілердің дене температурасы орта температурасының өзгеруiне қарай өзгередi, ал екiншiлерiнде дене температурасы тұрақты сақталады. Гомойотермдi оргамизмдер түрлерi саны жағынан болсын, жеке тұлғалар саны жағынан болсын, жануарлар әлемiнің аз бөлігін құрайды: оларға сүтқоректiлер мен құстар жатады. Басқа организмдер қарапайымдардан бастап жер бауырлап жүрушiлерге дейiнгiлер - пойкилотермдер. Дене температурасыньң тұрақтылығы - жануарлар әлемiндегi жоғарғы өкілдерінде эволюция барысында қалыптасқан өте маңызды биологиялық константа. Сыртқы орта температурасынан едәуiр артып тұрған гомойотермдердiң дене температурасы, организмдегi химиялық реакциялардың өте жоғары жылдамдығьн камтамасыз етедi, сөйтiп барлық тiршiлiк процестерiнiң жоғары қарқындылығына септiгiн тигiзедi. Гомойотермдердiд ыстық пен суыққа дене температурасын тұрақты сактай отырып төтеп бере алуыньң шекарасы бар. Сыртқы орта жағдайларының аса колайсыздығы (өте жоғары немесе өте төмен ауа температурасы, жоғары ылғалдылықпен қабаттаса), гомойотермияны бұзады. Шамадан тыс жоғары немесе төмен орта температурасы жағдайында, қорғаушы термореттеу механизмдерi жетiмсiз болады да, гомойотермдi организмнiң температурасы не жоғарылап, не болмаса төмендейді. Бiрiншi жағдайда гипертермия, екiншi жағдайда гипотермия байкалады. Гомойотермдi организмде екi температура зонасын айырады:бiрiншісі-сырткы, екiншісi - iшкi. Сыртқысын “қабығы” деп, iшкiсiн “ядросы” деп атайды. Тек “ядросы” тұрақты температурамен сипатталады. Оларға ми, кеуде мушелерi, құрсақ және кiшi жамбас мүшелерi жатады. Шетте жатқан мүшелер мен ұлпалар (терi, қаңқа еттерiнiң көпшiлiгi және сүйектер), “қабықты” курайды. Соңғылардың температурасы белгiлi бір дәрежеде сыртқы орта температурасы көтерiлсе көтерiледi, төмендесе төмендейдi, “Қабық” температурасының тербелiсi гомойотермия “ядросын” ұстап тұруға бағытталған. Кызып кету қаупi төмендегенде “қабық” температурасының көтерiлуi жылуды сыртқы ортаға беруге септігін тигiзедi, тоңазып кету қаупi төнгенде “қабық” температурасының төмендеуi, жылуды берудi шектейдi. Кеңiнен колданылып жүрген “дене температурасы” деген термин, дененiң iшкi аймақтарының температурасы, немесе “ядросы” жөнiнде айтылады. Осыған қарамастан “ядро” участоктерiнiң температурасы бiрдей емес. Мысалы, iшкi мушелерден қанды жинаушы көктамырларда әртурлi температура болады. Басқалармен салыстырғанда, төс ойық көктамыр канының температурасы ең жоғары, екiнші орында - бауыр көктамырыньң қаны, сонан соң тәж синусының, бүйрек көктамырының, оң жүрекше қаны келедi. Мұндай айырмашылықтар әртурлi мушелердегi энергия алмасуы әртүрлi пәрмендiлiкпен жүретiндiгiн көрсетедi. Осымен қатар, жергiлiктi қанайналымы екпінділігінің маңызы бар. Әдетте, тамырлармен ағып отырып қан “ядродан” жылуды алып, “қабықтар” тамырларымен жүрiп ұлпаларға бередi. 5 Гомойотерімділерде температураның реттелу механизмімен, шағаланың аяқ температурасы «Ғажайып тор» бойынша түсіндіріңіз
|