КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рекреационды зоналарға сипаттамаРекреациялық аудан - рекреациялық іс-қимылдар мамандану саласы ретінде байқалатын аумақ. Рекреациялық ауданның құрамына рекреациялық кәсіпорындар жүйесі мен олардың қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындар енеді. Рекреациялық аудандар қызметтік бейіні (емдеу, сауықтыру, спорттық, танымдық және олардың әр түрлі үйлесімі), халықтың әр түрлі құрамының рекреациялық іс-қимылдарының түрлеріне бағдарлануы (халықаралық, республикалық, жергілікті), рекреациялық қызмет ету жүйесінің даму деңгейі бойынша бөлінеді. Рекреациялық аудан ірі аумақтық бірліктің — рекреациялық зоналардың бөлігі ретінде және ұсақ аумақтық бірліктің — рекреациялық ауданшалар мен ареалдардың бірлестігі ретінде қаралуы мүмкін.Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру үшін тарихи-мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттің ұйымдару құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонталды және вертикалды өзара байланыстардың басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.
|