КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Німдердің нитрат және нитриттермен ластану жолдарын және оның адам денсаулығына әсерін сипаттаңыз
Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химияландыру топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе кең ауқымда ол ауылшаруашылығында гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минерал тыңайтқыштарды қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазартып, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын-шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге, ауылшаруашылық өнімдеріне, жануарлар организміне, содан кейін транслокациялық жолмен адам организміне, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.
Ауылшаруашылығында қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, тұрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.
Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі.
Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерден тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам организміне түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қолдану адамның жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитриттермен және нитраттармен созылмалы улану қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады.
Алматы қаласы тұрғындары санының ұлғаюына байланысты су қалдықтарының проблемасын (Сорбұлақ) қандай жолдармен шешуге болады, түсіндіріңіз
Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін туғызады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі-оңтүстік астана атанған Алматы қаласы. Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық – коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын. Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай су қоймасына қарацй- ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.Суды азайтататын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 км артып, ұзындығы-15 км, ені - 8 км, тереңдігі- 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі-1 млрд м– ға жетіп отыр. Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле- Балқаш алабы бұрын сонды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзне бойындығы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде. Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындығы химиялық қоспалар тіршіллікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүние жүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып келіп жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр. Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың көбеюі артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организіміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл. Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл- ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі– ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі– Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу. Екінші жоба- Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті су қоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара отырып тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу жұмыстары талап етілуде. Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша– қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып қайта пайдалану.
|