КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Современным россиянам удается адаптироваться к современным условиям, хотя это непросто.Біріншісін кез келген ойыншық сататын дүкеннен алуға болады. Яғни, ойыншық ретінде көп тиражбен шығарылатын үлгілер, мұнда машина компаниясы сонымен қатар ойыншық шығаратын компанияларда шығарады. Ал коллекциялық үлгілерге келетін болсақ, за тиражбен шығарылады және машинаның дәл үлгісі болып келеді. Коллекциялық машина сувенирлері әртүрлі дүкендерде сатыла бермейді. Мұндай моделдерді сол машина фирмасының диллерлері арқылы алуға және қазіргі технологияларға сай интернет арқылы тапсырыс беруге, сонымен қатар машина аукциондарында алуға болады және осындай моделдерді көбінесе коллекционерлер алады. Коллекциялық моделдер сериялық түрде немесе қолмен жасалып шығыралады. Жасау процесі қиын болғандықтан моделдер арзан емес. Коллекциялық автокөлік моделдердің есіктері ашылуы мүмкін, жарықтарының өшіріп-жағу мүмкіндігі, т.с.с. Қазіргі кезде ақшаң болса бәрін жасатуға болады, мысалы, машина моделдерін жасайтын шеберлерге тапсырыс беру арқылы өз автокөлігінің дәл үлгісін жасатуға болады, яғни алдыңғы сынық фараңызбен, рулде отырған өз бейнеңізбен немесе багажниктегі өзіңіздің заттарыңызбен, т.б. Тағы айта кететін болсақ, қазір сатылымда жоқ машиналар немесе бұрын шығарылған, ескі машиналардың кішкентай моделдері бар. Сондықтан, қорытындылай келе , автокөлік шығарын фирма басшысы болсам, әрине әртүрлі фирма логотипі бар ұсақ заттармен қоса, машиналардың дәл үлгілерін шығаруды қолдайтын едім. Яғни бұл бір жағынан фирма жарнамасы деп айтуға болады және коллекциялық моделдерді сату арқылы фирмаға қосымша табыс көзі ретінде қарастырылады. Автокөліктің кішкентай моделі темір тұлпарлары бар жүргізушілерге таптырмас сыйлық деп айтуға болады. Қазіргі кезде моделдер жасайтын, жинайтын адамдар бар, олардың кейбіреулері хоббиін бизнеске айналдырып отыр, яғни олар моделдерді жасау арқылы пайда тауып отыр. Мұнда айтарым, тек осындай сувенирлерге автокөлік шығарытын фирмалар емес, жай адамдарда қызығушылық танытып отыр.
53. Фирманың жарнамалық науқанына он мың теңге бөлінді. Сіздің ойыңызша осы соммамен ең әсерлі жарнама түрін жасауға нені жатқызасыз? Ойыңызды нақтылаңыз? 10000 теңге бюджет жарнама науқаны үшін аса көп қаражат емес. Сондықтан да бұл қаражатқа бейнеролик түсіруге, теледидар жарнамасын қолдану мүмкін емес. Қазіргі кезде интернет- жарнаманың дамуына байланысты және интернет ақпараттың қайнар көзі болғандықтан осы жарнама түрін қолдану өте тиімді.Қазақстандық сайттардың жарнама орналастыру бағасы: 1) Оң қапталдағы үстіңгі баннер Бағасы: Бір аптаға - 5$, 1 айға - 17$ 2) Оң қапталдағы астыңғы баннер Бағасы: Бір аптаға - 3$, 1 айға - 10$ 3) Сол қапталдағы үстіңгі баннер Бағасы: Бір аптаға - 5$, 1 айға - 17$ 4) Сол қапталдағы астыңғы баннер Бағасы: Бір аптаға - 3$, 1 айға - 10$ 5) Оң және Сол қапталдағы үстіңгі баннер Бағасы: Бір аптаға - 9$, 1 айға - 29$ 6) Оң және Сол қапталдағы астыңғы баннер Бағасы: Бір аптаға - 7$, 1 айға - 19$ Ал адам кіруі жоғары саттар бағасы да қымбат.nur.kz сайтынды 1000 көрсетілім үшін баға 2500 тг көлемінде. Келесі жарнама түрі радиожарнама. Оған ұсынатын дауыс жаздыру 6500 тг көлемінде. Ал радиода орындату қымбат болып келеді және көрсетілген қаражат шегінде тиімділікке қол жеткізу қиын. Сондықтан ең тиімді жарнама түрі газет жарнамасы болып табылады. Оның бағасы газеттің түріне және жарнама көлеміне байланысты 1000- 10000 теңге көлемінде ауытқиды. Біз бар бюджетті бір ғана газет жарнамасына, бірақ үлкен көлемде әрі көп оқылатын газетте орналастыруға болады. Келесі жарнама түрі парақша буклет тарату арқылы болып табылады. Типографияда бір парақша(листовка) шығару 20 – 50 тг көлемінде. Көп тапсырыс берген жағдайда бағасы да төмендейді. Орта есеппен 20 теңгеден 350 парақша шығарсақ, қалған қаражат таратуға жалдайтын адамның жұмыс ақысы болып табылады. Алматы қаласында көшедегі стенд жарнамасы 20000 теңге көлемінде. Ол тек орналастыру бағасы. Ал оны жасау шығындары, оған төленетін салық мөлешрін ескерсек баға одан да асып түседі. Сондықтан, менің ойымша 10000 теңге қаражатпен газетке жарнама орналастыруға, сайттарға жарнама беруге және парақшалар тарату арқылы жарнамалауға болады. Ал қалған жарнама түрлері – теледидир, радио, стендте жарнама орналастыру біздің бюджет үшін қолжетімсіз болып табылады. Бұл жағдайда да компания өз күшімен интернетте пошталық жарнама қолдануына болады, әрі тегін көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу арқылы халыққа танылу өте тиімді жол болып табылады. Өз әлеуметтік желілері арқылы тегін ақпарат тарату қазіргі кезде өте кең тараған
54. Ақпараттық, насихаттау, еске салу, салыстыру, нығайту жарнамаларына мысал келтіріңіз Ақпаратты жарнама сұранысты туғызу мақсатында тұтынушыларды тауарлар және олардың қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданылады. Жарнаманың бұл түрі іскерлік сипатта болады және ол адам сезімінен гөрі, санасына бағытталған. Мұнда өз тауарын жарнамалаушы ұйымның деректемелері хабарланады. Жарнаманың бұл түрі көбінесе өндірістік-техникалық тағайындалған тауарды жарнамалау үшін қолданады. Мысалы, енді ашылғалы жатқан әйелдер киімін жарнамалау: « Қала орталығында жаңадан ең әдемі, ең заманауи әрі төмен бағадағы әйелдер киімі дүкені ашылды. Біз сізге соңғы сән үлгісіне сай жасалған киімдер мен аксессуарларды ұсынамыз. Ең, ең, ең әдемі болғыңыз келсе, бізге келіңіз. Біздің мекен-жай: ________ Насихаттау жарнамасы – маркаға деген тартымды талғам қалыптастыру. Өз маркаңызға ауысуды мадақтау, тұтынушының тауардың сипаттарын ұғуын өзгерту, тұтынушыны делдалды қабыл алуға көндіру. Мысалы, Сіз біздің дүкеннің сәнді костюмімен жаздай жарқырап турсыз. Көрінісіңіз көз шағылыстырарлық. Ескертпе жарнама – тұтынушыларға кешікпей тауарға қажеттік туатынын ескерту. Тауарды қай жерде сатып алатынын еске салу және тауар туралы мағлұматтылықты жоғары деңгейде ұстау. Мысалы, Назар аударыңыз! Құрметті сатып алушылар, бұл тауардың қала дүкендерінде күннен күнге азайып жатқанын естеріңізге саламыз. Кей дүкендерде мүлдем қалмаған. Асығыңыздар! Салыстырмалы жарнама – тауардың бір маркасының басқа тауар маркасымен тікелей немесе жанама салыстыру. Өз жаңа тауарыңды алдындағы тауармен салыстыру әлдеқайда оңай. Ал бәсекелесіңнің тауарымен салыстыру қиынырақ. Мысалы, тіс пастасы, бәсекелес марканың атауын көрсетпей. Мысалы, Duracell Жай ғана батарейка емес. Зерттеулер көрсеткендей, Duracell басқа батарейкаларға қарағанда 2есе ұзақ жұмыс жасайды.
55. Сізде шаттану және қуану, қызығушылыұ оятатын, маркаға деген сенімділік тудыратын, шамдандыратын, сенімсіздік тудыратын жарнамалық хабарландырулардың мысалын келтіріңіз. Мұндай реакциялардың себептерін атаңыз. Мен үшін белгілі бір маркаға қатысты шаттану және қуану, қызығушылық оятатын, маркаға деген сенімділік тудыратын жарнамалық хабарландыруға Pepsi сусынының жарнамасына белгілі футболшылардың түскен жарнамасын айтуға болады. Себебі өте әйгілі футболшылардың түсуі бір жағынан қуаныш тудырса, екінші жағынан бұл компанияға қатысты сенімділік сезімі пайда болды. Мұндай футболшыларды жарнамаға түсіру компанияның қаржылық жағдайының жақсы екенінен хабар береді. Ал сенімсіздік сезімін тудыратын жарнамаға Активиа йогуртын 14 күн қолданған кезде адамның ас қорыту проблемалары бірден шешілетінін және артық салмақтан бірден құтылатынын айтатын жарнаманы жатқызуға болады. Себебі бұл жарнама адам денсаулығы мәселесін өте оңай және еш қиындықсыз шешуге уәде береді. Менің ойымша, мәселені бірден және оңай шешуді насихаттайтын жарнамалар тұтынушылар тарапынан сенімсіздік туғызады деп ойлаймы
56. Ұялы байланыс операторы өз тарифын төмендетті. Жарнамалық құрал ретінде өз абаненттеріне SMS жолдап шықты. Әсері тиімді болады деп ойлайсыз ба? Сіз қандай шара ұсынатын едіңіз? Ұялы байланыс бұл қазіргі таңдағы көп қолданылатын құрал болып табылады. Ұялы байланыс операторлары өз тарифтерін төмендету арқылы осы байланыс желісін қолданушылардың санын арттыра алады. Себебі тұтынушылар ұялы байланыс тарифінің төмендеуіне байланысты осы желі арнасын қолдануға тырысады, себебі ол желі арзан болуы мүмкін, үнемді болуы мүмкін, қолдану аясы кең және қолайлы болып табылуы мүмкін. Ұялы байланыс операторлары осындай тариф барын өз тұтынушыларына «SMS» арқылы жолдады әрине бұл өз тарифтерін жарнамалаудың бір түрі, мұны оқыған тұтынушылар сол байланыс желісінің арзан болуына немесе басқада жақсы талаптарының болуына байланысты осы желіні таңдайды. Осы жарнама түрі арқылы осы желіні қолданушылар саны артады.
57. Агрокомпания экологиялық таза өнім шығармақшы. Соған сәйкес логотипке өзгеріс енгізбекші. Қызыл, көк, жасыл, қоңыр, сұр түстердің қайсысын көбірек қолданғаны дұрыс? Неге олай деп ойлайсыз? Логотип - фирманың немесе ұйымның өз тауарын (өнімін, бұйымын) таңбалау үшін ұдайы пайдаланатын тауар белгісі. Өндірушінің мүдделерін дәл де анық білдіруге тиіс.Агрокомпаниялар бәрімізге белгілі бұл өнімдер табиғи түрде жасалатын, табиғаттан алынат ын экологиялық таза өнімдер. Яғни, осыған байланысты агрокомпаниялық фирмалар өз логотиптерін өзгерткен жағдайда, олардың түстері экологияға, табиғатқа негізделген түстер болуы тиіс, ол түс жасыл түс. Жасыл түс жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты бейнелейтін түс. Сонымен қоса жасыл түс тұтынушылардың назарын аудара алатын түс деп те ойлайм, бірден өзіне тартатын түстердің бірі. Яғни әр түстің өзіне тән ерекшеліктері бар, және сипаттамалары да әртүрлі келеді, қорытындылай келе егер агрокомпания экологиялық таза өнім шығармақ болса, ол өз логотиніне жасыл табиғи түсті қолданғаны дұрыс және ол тұтынушылардың көңілінен шыға біледі деп санаймын.
58. Кофе өнімін көбірек тұтынуы үшін қоғамдық пікірді қалыптастыратын PR науқанын қалай жүргізетін едіңіз? Кофе өнімін тұтынуды көбейті үшін тұтынушының сатып алуға әсер ететін факторлардық қарастырайық. Менің ойымша осы жағдайжа олар келесідей: Кофе сапасы. Кофе дәмі. Кофе бағасы. Осылардың бәріне бөлек-бөлек PR құралын қолдануға болады. Біріншісіне, кофены "Контрольная закупка" сияқты телебағдарламаға ұсыну. Нәтижесінде, сынаудан өткен тауарға сенімділік өседі. Соған қоса, кофе дәндерін жинайтын орындарын табиғатқа жақын қылып көрсетіп, жарнамаға қосу. Екіншісіне, менің ойымша, ең тиімді құрал "Кофенің дәмін көр" атты PR науқанын қолдану. Ол келесідей өтеді, арнайы алынған қызметкерлер көшеде жүрген адамдарға кофенің дәмін тегін байқап көруге ұсынып, 10 баллдық жүйе бойынша бағалауды сұрайды. Осының бәрі видеоға түсіріліп, кейін теледидарда арнайы бағадарлама ретінде қолдануы мүмкін. Үшіншісіне, қандай да бір қымбат тауардың бағасына тең ақшаға қанша кофе сатып алуға болатындығын жарнама түрінде көрсету.
59. Темекі өнімдерін пайдаланбау туралы мектеп оқушылары арасында акция жүргізілмекші. Оқушылардың есінде ұзақ сақталуы үшін қандай әдіс тәсіл ұсынатын едіңіз? Темекінің қазіргі қоғамда адам денсаулығына тигізер зияны мол. Ал бұл ретте үлкендер өз балаларының темекі өнімін пайдаланбауын қарастыру қажет. Жасөспірімдер арасында осы өнімді сатып алу және қолдануға шектеу қою қажет. Темекі өнімін тұтынбау жөнінде көбіне қазіргі таңда насихаттау жұмыстары мектепте жүргізіледі. Себебі мектеп балаларының осы өнімді сатып алу қаупі бар.Оқушылардың естерінде ол өнімнің зияны жөнінде көптеген ойлар қалдыру қажет.
60. Фирма өнімдерін қымбат сегменттен орташа бағадағы сегментке ауыстыруда қоғамдық пікірді өзгертуі үшін қоғаммен байланыстың қандай әдістерін қолданғаны дұрыс? Фирма өнімдерінің қымбат сегменттерінің сатылу көлемі егерде аз және төмен деңгейде болар болса онда бұл топтағы сегменттерді орташа баға көлеміне ауыстыруға тура келеді. Мұндай кезде фирмаөнімді сатудын ынталандыру жүйесін таңдаса қателеспеуі мүмкін, себебі сатуды ынталандыру арқылы қымбат бағадағы өнімдерді жеңілдетілген бағада тұтынушыларға ұсыну ,тұтынушылардың сатып алу көлемін ұлғайта алады. Кез келген фирма өз тауарларының сұранысқа сай емес болуына байланысты тауар бағаларын белгіленген мөлшерде деңілдетіп тұтынушыларды ынталандырады.
Современным россиянам удается адаптироваться к современным условиям, хотя это непросто. -Большинству приходится хвататься за любую работу, чтобы обеспечить себя и свою семью; -Многие живут, КАК И РАНЬШЕ, в их жизни ничего не изменилось;
|