Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Айталамалық ығыстыру командалары




Бұл командалар орындалған кезде жылжытылған разрядтың мәні қайтадан босаған орынға (қайтадан операндқа) жазылып отырады (17-сурет). ROL және ROR командаларында CF жалаушасының бастапқа қалып-күйі нәтижәнің белгілі бір бөлігі болып табылмайды, жалаушада ығыстырылған биттің тек көшірмесі сақталады. Ал RCL және RСR командаларында CF жалаушасы ығыстырылып жатқан шаманың бір бөлігі болып табылады.

ROL командасы.ROL (rotate left) – қайталамалап солға ығыстыру командасы. Операндтың мәні санауышта көрсетілген санға тең битке солға қарай ығыстырылады. Солға ығыстырылған биттер сол операндқа оң жағынан қайтадан жазылады.

ROR командасы.ROR (rotate rіght) – қайталамалап оңға ығыстыру командасы. Операндтың мәні санауышта көрсетілген санға тең битке оңға қарай ығыстырылады. Оңға ығыстырылған биттер операндтың сол жағынан қайтадан жазылады.

RCL командасы.RCL (rotate through carry left) – қайталамалап тасымал жалаушасы арқылы солға ығыстыру командасы. Операндтың мәні санауышта көрсетілген санға тең битке солға қарай ығыстырылады. Солға ығыстырылған биттер кезек-кезегімен CF жалаушасына енгізіледі, ал тасымал жалаушасының бұрынғы мәні операндтың босаған орнына (кіші битке) жазылып тұрады.

RСR командасы.RСR (rotate through carry rіght) – қайталамалап тасымал жалаушасы арқылы оңға ығыстыру командасы. RСL командасына ұқсас, тек оңға ығыстыруды жүзеге асырады. Оңға ығыстырылған биттер CF жалаушасына енгізіледі, ал тасымал жалаушасының бұрынғы мәндері операндтың босаған орнына (үлкен битке) жазылып тұрады.

Бұл топтың командасы орындалған кезде жалаушалар регистрінің CF және OF разрядтарының мәні команданың орындалу нәтижесіне байланысты тағайындалады.

Мысалы, AL=10111100 және CF=1 болсын дейік, онда

ROL AL,1 ; команда орындалғаннан кейін: AL=01111001 CF=1 OF=1
ROR AL,1 ; команда орындалғаннан кейін: AL=01011110 CF=0 OF=0
RCL AL,1 ; команда орындалғаннан кейін: AL=01111001 CF=1 OF=1
RCR AL,1 ; команда орындалғаннан кейін: AL=11011110 CF=0 OF=1

Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 177; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты