Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алып-орналастыру командалары




Алып-орналастыру командалары регистрлер мен жедел жады ұяшықтарының немесе енгізу/шығару порттарының арасында деректер мен мекендерді айырбастау үшін керек. Бұл командалар 4 топқа бөлінеді:

1. Жалпы міндеттік алып-орналастыру командалары.

2. Енгізу/шығару командалары.

3. Мекенжайды алып-орналастыру (тасымалдау) командалары.

4. Жалаушаларді көшіріп жазу командалары.

Жалпы міндеттік алып-орналастыру командалары

MOV командасы

Бұл негізгі жалпы міндетті команда регистр мен жады ұяшығының немесе екі регистр арасында байтты немесе сөзді алып, көрсетілген жерге орналастыра алады. Сондай-ақ, бұл команда тікелей мекендетілетін мәнді регистрге немесе жады ұяшығына алып-орналастырады. Команданың пішімі:

MOV қабылдағыш, таратқыш

Мысалы: MOV AX,TAB ; AX-ке жедел жадының TAB ұяшығының

MOV TAB,AX ; мәнін орналастыру және керісінше

MOV AX,BX

MOV AL,AH

MOV CX,40

MOV TAB,40

MOV командасын пайдаланған кезде мыналарды ескеру қажет:

а) Жедел жадының бір ұяшығының мәнін екінші ұяшыққа орналастыру үшін жалпы міндеттік регистрлердің біреуін пайдалану керек.

MOV AX,TAB ; жедел жадының TAB ұяшығының мәнін

MOV TABL,AX ; TABL ұяшығына АХ арқылы жазады

ә) Бір сегменттік регистрдің мәнін екінші сегменттік регистрге ауыстыру үшін жалпы міндеттік регистрлердің біреуін немесе стекті пайдалану керек.

MOV AX,ES

MOV DS,AX ; ES-тің мәні DS-ке жазылады

б) Жедел жадының ұяшығының мәнін сегменттік регистрлерге орналастыру үшін жалпы міндеттік регистрлердің біреуін пайдалану керек.

MOV BX,TAB ;жедел жады ұяшығының мәні

MOV DS,BX ; DS-ке жазылады.

в) командалық сегмент регистрін (CS) қабылдағыш операнд есебінде пайдалануға болмайды.

Стекте орналастыру - стектен шығару командалары

Стекке сөзді орналастыру командасының пішімі:

PUSH таратқыш

Әрбір PUSH командасына стектен сөзді шығару (оқу) РОР командасы сәйкес келеді. Оның пішімі:

РОР қабылдағыш

Мәселен, PUSH AX

PUSH BX

. . . . . . .

. . . . . . .

POP BX

POP AX

Стектен оқу үдірісі оған жазудан теріс тәртіптен жүргізіледі (соңғы жазылған сөз бірінші болып оқылады). Сегменттік регистрлердің арасында деректер айырбастау үшін PUSH және РОР командаларын пайдалануға болады.

PUSH ES ; ES ® DS

. . . . . . .

. . . . . . .

POP DS

Айырбастау командасы

Айырбастау командасы (exchange) екі операндтың мәнін ауысты­рады. Команданың пішімі:

XCHG 1_операнд, 2_операнд

Бұл команда регистр мен регистрдің немесе регистр мен жады ұяшығының мәндерін өзара ауыстыру үшін пайдаланылады. Мысалы:

XCHG AX,BX ; AX-пен ВХ-тің мәндерін ауыстырады

XCHG AX,TAB ; AX-пен жады ұяшығының мәндерін ауыстырады


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 234; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты