Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Программаны ассемблерлендіру кезеңдері




Ассемблер немесе жоғарғы деңгейлі тілде жазылған программаны машиналық тілге аудару үшін аударғыш (translator) деп аталатын программалар қолданылады. Олардың ішінде ассемблер тілінде жазылған программаның аударғышы Ассемблер деп аталады, ал жоғарғы деңгейлі тілде жазылған программаның аударғыштары программа аударғыш-орындағыш (іnterpreter, интерпретатор) немесе программа-аударғыш (compіler, compіlіng programm, компилятор) деп аталады.

Орындалатын программаны және бағдарламахананы немесе басқа алдын ала аудармаланған ішпрограммаларды біріктіретін көмекші программа байланыстар түзеткіші немесе программа құрастырғыш (lіnker) деп аталады. Орындалатын программаны жадыға орналастырушы программа жүктемелеуіш (loader) деп аталады. Кейде байланыстарды түзету мен жүктемелеу жұмыстарын бір программа атқарады.

Программаның бастапқы мәтіні кез келген мәтіндік редакторда теріледі де, .ASM кеңеймесі бар файл түрінде сақталады (мысалы Name.asm).

Сосын TASM.EXE (аударғыш оны кейде компилятор деп те атайды) программасының көмегімен бастапқы мәтіндік файлдан Name.obj (машиналық тілдегі программаның мәтіні, бірақ ішкі командалар арасындағы байланыстары жөнге келтірілмеген) объектік кодасы бар файл алынады. Сонымен қатар ол Name.lst (листинг) және Name.crf (ерсілі-қарсылы сілттемелер) файлдарын қалыптастырылады [4].

Осыдан кейін TLІNK.EXE (құрастырғыш немесе байланыс редакторы) программасының көмегімен объектік файлдан Name.exe деп аталатын орындалатын программа алынады. Сонымен қатар ол Name.map (карта файлын), Name.lіb (кітапхана файлын), Name.def (анықтамалар файлын) және Name.res (ресурстар файлын) құрастыра алады.

TASM.EXE аударғышын іске қосуға арналған командалық жолдың форматы:

TASM [опциялар] бастапқы файлдың аты [, объектік файлдың аты] [, листинг файлдың аты] [, ерсілі-қарсылы сілттемелер файлдың аты]

TLІNK.EXE құрастырушыны іске қосуға арналған командалық жолдың форматы:

TLІNK [опциялар] объектік файлдар тізімі [, жүктейтін модульдің аты] [, карта файлдың аты] [, кітапхана файлдың аты] [, анықтамалар файлдың аты] [ресурстық файлдың аты]

Опциялар бос аралықпен, файлдар аттары бос аралықпен немесе + (плюс) символымен ажыратылады. Квадрат жақшамен міндетті емес аргументтер белгіленген (олар команда құрамында болу да, болмауы да мүмкін).

1-суреттегі сұлбаның қадамдарын іске асыратын бағларламалар Ассемблердің программалық дестесінің құрамына кіреді. Іntel фирмасының шағынпроцессорлерінде екі десте кең тараған:

· макроассемблер MASM Mіcrosoft;

· Turbo Assembler (TASM) Borland фирмаларының дестелері.

 
 

MASM программалаушыға макроанықтамалар немесе макростар қолдануға мүмкіндік береді. Олар бір атау арқылы командалар тобын көрсете алады. Макростарды программаның кез келген жеріне қосуға болады.

TASM екі режімде жұмыс істей алады:

- MASM деп аталатын режімде. Бұл режім макроассемблер MASM-ның барлық мүмкіндіктерін қолдайды;

- ІDEAL деп аталатын режімде. Бұл режім жоғарғы деңгейдегі тілдердің компиляторларына жақындалған. Сондықтан онда қолайлы программа жазу синтаксисі бар және программаны аудармалаған кезде жадыны тиімді қолданады.

Ассемблердің аударғышы екі бөліктен тұрады: тікелейаударғыштың өзінен (ол обьектік жекебөшекті қалыптастырады) және макроассемблерден (ауыстырымды пайдалану, ол арқылы белгілі бір түрде ұйымдастырылған символдық тізбекті басқа символдық тізбекке ауыстыру).

Макроқұралдарды айқын емес түрде пайдаланып Ассемблерде программаларды өңдеу екі фазада жүзеге асырылады:

- бірінші фазада компилятордың макроассемблер деп аталатын бөлігі жұмыс істейді;

- аудармалаудың екінші фазасында тікелей Ассемблер қатысады. Оның мақсаты – обьектік коданы қалыптастыру (машиналық түрдегі бастапқы программаның мәтінін алу).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 204; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты