Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тамға




Тамға символдардан тұрады. Бұл символдар жинағы қос нүктемен (:) аяқталады. Тамғаның аты A-Z, a-z латын әріптерінен, 0-ден 9-ға дейінгі цифрлардан және ?, (.), $, _, @ символдарынан тұрады. Ескертулер:

§ тамға атының арасында бос аралық болмауы керек;

§ тамға аты ішінде нүкте (.) пайдаланатын болса, ол бірінші болып тұруы керек;

§ регистрлердің аттарын тамға ретінде пайдалануға болмайды;

§ тамғаның аты үшін белгілі бір мағынаны білдіретін сөздер алған ыңғайлы;

§ көп қайталанатын бірдей әріптерді пайдаланбаған дұрыс (мысалы: АААА).

Операцияның кодасы

Операцияның кодасы (ОПК) – команданың мнемоникалық кода­ла­рынан құралады. Тамғадан және басқа операндтардан бос аралық арқылы бөлінеді. Команданың құрамында операцияның кодасы міндетті түрде болуы керек. Операция кодасының ұзындығы 2 - 6 әріп болады. Мысалы: JC, ADD, XCHG.

Операндтар

Операндта деректер, деректердің мекенжайы және регистрлердің аты сақталады. Екі операндты командаларда бірінші операнд қабылдауыш, екінші операндтар таратқыш міндетін атқарады. Командаға сәйкес орындалған операцияның нәтижесі бірінші операндқа жазылып отырады.

Түсініктеме

Белгісі – нүктелі үтір (;) немесе (comment/ * */ ) ІDEAL режімінде. Алдындағы команданың бөліктерінен кемінде бір бос орын арқылы бөлінеді.

Мысалдар:

ADD AX, BX ; регистрлер ішіндегі мәнді қосып, AX-ке орналастыру

ІNC CX ; санауыштың мәнін бірге арттыру

STD ; бағыт жалаушасын орнату

RET ; қайта оралу командасы

MOV AL,5

ІNT 21h

CLD ; бағыт жалаушасын босату

 

Негізгі әдебиет:

1[6-12];

7[88-105];

3[3-11].

Қосымша әдебиет:

1[60-66]

Бақылау сұрақтары

1. Аударғыш деген не?

2. Құрастырғыш деген не ?

3. Ассемблер тілінде программа құрудың жалпы сұлбасы?

4. Микропроцессордың жұмыс режімдері?

5. Ассемблер тілінде программа құрылымы неден тұрады?

 

 

4 дәрістің тақырыбы:

Адрестеу типтері.Тікелеу адрестеу. Базалық адрестеу. Индексты адрестеу.

Операндтар регистрлерде, командалардың өзінде, жадыда немесе енгізу/шығару порттарында орналасуы мүмкін. Ассемблер операндтың түріне байланысты машиналық команданың өрісіне тиісті мән тағайындайды. Процессор команданың өрісінің мәні бойынша адрестеудің керек түрін таңдап алады.

Жедел жадыдағы операндтың орнын анықтау үшін процессордың есептеп тапқан ығыстыру аралығы операндтың орындалатын мекенжайы (ООМ) немесе эффективтік мекенжай (ЭМ) деп аталады. Операндтың орындалатын мекенжайы (ООМ) – сегменттің басынан бастап санағанда операнд орналасқан жады аймағына дейін байт арқылы өлшенген аралықты көрсететін мән.

Адрестеу режімдері

Адрестеу режімдерін үш топқа бөлуге болады: тікелей адрестеу, регистрлік адрестеу және жадыны адрестеу.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 186; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты