КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ассемблер командасының пішіміАссемблер тілінің лексемалары ретінде аталымдар (іdentіfіers), символдық тізбектер және бүтін сандар бола алады. Ассемблер тілінде тұрақты шамалардың бірнеше түрі қолданылады: 1. Екілік тұрақты шама (0 немес 1). Бұл символдар міндетті түрде B әрпімен бітуі керек. Мысалы: 111011100 b 2. Оналтылық тұрақты шамалар (0 ¸ 9, A, B, C, D, E, F). Міндетті түрде бұлар H әрпімен бітеді. Егер әріптен басталатын болса, онда алдына 0 қойылады. Мысалы: 0AB127H, 4AH. 3. Ондық тұрақты шамалар (0 ¸ 9). Соңына D әрпін қоюға да, қоймауға да болады. 4. Символдық тұрақты шамалар. Тырнақшаға алынған кез келген символдар немесе цифрлар жинағы. Сонымен: 1) ассемблер – машиналық тілдің символдық аналогы, сондықтан программа шағынпроцессордың архитектурасының барлық ерекшеліктерін бейнелеуге тиіс. Олар жадыны ұйымдастыру, операндтарды адрестеу тәсілдері, регистрлерді пайдалану ережелері т.б.; 2) ассемблер тілінде жазылған программаны жадының сегмент деп аталатын бөлшектер жинағы ретінде қарастыруға болады. Әрбір сегмент тілдің сөйлемдер жинағынан тұрады. Әрбір сөйлем программаның кодасында бөлек бір жолдан тұрады; 3) ассемблердің сөйлемдері төрт түрлі болады (2-сурет): · Командалар. Бұлардың объектік кодасы бар және бұлар шағынпроцессорге не істеу керек екенін көрсетеді. · Макрокомандалар. Макрокоманда – бастапқы программадағы бірнеше машиналық командалардың орнына жүретін символдық атау. · Директивалар (жалғаноператорлар). Жалғаноператор Ассемблерге деректермен және командалармен не істеу керектігін анықтайтын нұсқау береді. Сондықтан олар шағынпроцессордың емес, аударғыштың жұмысын басқарады және орындалатын EXE файлында бұл жалғаноператорларға сәйкес машиналық кода болмайды. · Түсініктеме . Ассемблер командасының пішімі (3-сурет): [таңба:] операция кодасы [1_операнд], [2_операнд] [ ; түсініктеме] Тік жақшаға алынған команданың бөліктері ассемблер командасының түріне байланысты оның құрамында болуы да болмауы да мүмкін.
|