КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет. Қаланың негізгі функционалдық аймақтарының өзара орналасуы1-селитебті аумақ; 2-өндірістік аумақ, 3- коммуналдық-қойма аумағы, 4-сыртқы транспорт аумағы, 5-жасыл желек аумағы, 6-санитарлық қорғаныш аумағы, 7-өзен ағысының бағыты, 8- негізгі желдердің бағыты.
Қаланың селитебті аумағы тұрғын аудандарды, қоғамдық орталықтарды (әкімшілік, ғылыми, білім беру, медициналық, т.б.) және жасыл желектерді орналастыруға арналады. Ол үшін, жасыл желектері көп, су көздері жақын орналасқан, таза, қолайлы жер телімдері таңдап алынады. Өндірістік аумақты, елді мекен аумағындағы су көздерін өндірістік ағызынды сулармен ластамау үшін, өзен ағысының бойымен тұрғын аумақтан төмен, белгілі қашықтықта және тұрғын аумақтың ық жағына орналастырады. Жел басым (жиі) қарама-қарсы бағытта соғатын аудандарда, адамдар тұратын аудандарды желдің тұру бағыты бойынша өндіріс өнеркәсіптерінің оң және сол жақтарына орналастырады. Селитебті және өндірістік аумақтардың арасында оларды бөлетін аумақ - санитарлық қорғаныш аумақ- орналастырылуы тиіс, оның өлшемі ластаушы заттар көздерінің зиянды әсер ету сипатына байланысты болып, 50- 1000 м дейін жетеді. Қажет болған жағдайда, аумақтың өлшемін кеңейтеді. Санитарлық қорғаныш аумағын абаттандырады және көгалдандырады. Осы аумақтарда шаң мен газға тұрақты америкалық үйеңкі, арша, канадалық бәйтерек, итшомырт, қызыл аюбадам, бозарша, долана, ақ акация, тал сияқты, өсімдіктер түрлерін отырғызған дұрыс. Санитарлық қорғаныш аумағының 40% кем емес бөлігі көгалдандырылуы тиіс. Селитебті аумақтың негізгі құрылымдық элементі ықшамаудан болып табылады. Ықшамаудан 6-20 мың адамға есептелген, оның құрамында тұрғын үй ғимараттары, күнделікті қолданылатын мекемелер (бөбекханалар, бала бақшалар, мектептер, спорт кешендері, азық түлік дүкендері, асханалар, кір жууға қабылдайтын орындар, т.б.), сол сияқты саябақтар, тұрғындардың күнделікті демалу үшін шағын бақтар (6.2-сурет) болады. Оның ауданы 20-50 га құрайды. Ықшамаудандардың шекаралары магистральдар немесе тұрғын көшелер, көлік жүретін жолдар мен табиғи шекаралар болып табылады.
|