КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Р түрлі көздерден туындайтын шудың деңгейлері, (дБА).
Көше шуы, көлік және көшенің барлық басқа шуларының (адамдардың сөйлеуі, жаяу жүргіншілердің аяқтарының сыбдырлауы, жол реттегіштерінің ысқырығы, т.б.) жиынтығы болып табылады. Көше шуының негізгі көзі - көліктер болып табылады, олар қаланың жалпы шуының 80% құрайды. Автокөліктерден таралатын шудың деңгейі 70-90 дБ құрайды, темір жол транспорты шу деңгейін 90-100 дБ дейін жоғарылатуы мүмкін. Соңғы жылдары, көптеген көлік қозғалыстарының артуына (сағатына 6000 машина дейін), көліктің жүк көтергіштігі мен қуатының жоғарылауына, қозғалтқыштың жылдамдығының жоғарылауына байланысты, қалалардағы шу деңгейлері 10-15 дБ өсті. Ең күшті шу - 100-105-тен 120 дБ дейін - ұшақтардың ауаға көтерілу кезінде және қонар алдында туындайды. Авиациялық шу түнгі уақытта адамдарды ұйқысынан оятып қана қоймай, сонымен бірге, қорқыныш, үрей сезімдерін де туғызуы мүмкін. Әуежай аумақтарында тұратын тұрғындарда нәрестелердің өлі туылуы және туа біткен аномалиялар жоғары болатындығы көрсетілген. Авиациялық шу, сонымен қатар психикалық аурулар санының жоғарылуына да әкеп соғады. Әдетте, қалалық шу түнгі уақытта аз болып, күндіз күшейеді. Алайда, дискотекалар, мейрамханалар, қатты дыбысты шоу-бағдарламалар кейде түнгі де, кешкі уақытта да, күшті және тітіркендіретін шулардың көзі болып табылады. Шудың адам ағзасына әсері, оның күші мен жиілігіне, дыбыстың қысымына, амплитудасына, уақыт бойынша таралуына, адамға әсер етуінің режиміне және шудың шығу тегіне қатысты сипатына байланысты (ХΙ-тарау). Шудың психофизиологиялық қабылдануы маңызды, кейде тіпті шешуші роль атқарады. Ол, дыбыстың күшінен басқа, шудың сипатын анықтайтын көзіне және адамның шу әсер еткен кездегі жұмыс түріне байланысты болады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда адамның сыбыры мен қорылдауы, қатты сөйлесу мен музыкаға қарағанда, көбірек мазасын алуы мүмкін. Көшеде жүргенде қолайсыз әсер етпейтін шу, демалу және ой еңбегімен айналысу кезінде кедергі келтіреді. Шу тікелей немесе жанама түрде адамның тіршілік үшін маңызды барлық мүшелері мен жүйелеріне түгелдей әсер етеді. Шудың ағзаға өзіне тән - есту мүшесіне, сонымен бірге, өзіне тән емес те - орталық, шеткі жүйке жүйелеріне, жүрек қан-тамырлары, эндокриндік, асқорыту, т.б. жүйелеріне әсері байқалады. Шудың әсер ететін деңгейіне байланысты әр түрлі реакциялар байқалуы мүмкін. 30 дБ дейінгі шу қолайсыздық туғызбайды. 40-60 дБ шу деңгейінің өзі-ақ адамның ақпаратты синтездеуі мен талдауға байланысты жұмылдыруды талап ететін, ой еңбегіне зиянды әсер етеді. Жайсыздықты сезінуге, мазасыздануға, жұмыстың, демалыстың, ұйқының бұзылуына шағым пайда болады. Көру- және есту сигналдарына қимылреакцияларының жылдамдығы төмендейді, рефлекстердің күші төмендейді. Шудың деңгейі 40 дБ жеткенде-ақ ұйқы бұзылады. Ұйқының бұзылуына себеп болатын шудың табалдырықтық деңгейі, әсіресе, қарт адамдарда төмен (30 дБ және одан да төмен) болады. Балаларда ол жоғарырақ болып, 50 дБ дейін жетеді. 50 дБ шу деңгейі кезінде ұйқтап кетуге дейінгі кезеңі 1 сағатқа дейін созылады, ал терең ұйқы уақыты 60% дейін қысқарады. Ұйқының бұзылуы демалудың тиімділігін төмендетеді және үнемі шаршағыштықтың дамуына, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне және түрлі ауруларға шалдығудың жоғарлауына әкеп соғады. 65-90 дБА деңгейіндегі шу шеткі жүйке жүйесінің қозғыштығын жоғарылатады, АКТГ (адренокортикотропты гормон)қанға түсуінжоғарылатуымен, кортикостероидтардың деңгейінің көтерілуімен, қалқанша бездің қызметін ынталандыруымен сипатталатын, гипоталамо-гипофиздік-адреналинді жүйенің түрлі деңгейдегі айқын реакцияларын туғызады. Бас ауыруы, ашушаңдық, көңіл күйдің тұрақсыздығы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады. Бастапқыда, негізінен, функционалдық өзгерістермен сипатталатын, жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуы байқалады. Тамыр соғуы мен артериялық қан қысымының тұрақты болмауы тән, жүрек тұсында жағымсыз сезінуге, жүректің қатты соғуына шағым туады. Бұдан кейін гипертония, жүректің ишемия ауруы, миокард инфарктысының туындауына себеп болатын, вазоконстрикция құбылыстары тұрақтылау бола бастайды. Асқазанның жиырылу қабілеті және ішектің перистальтикасы нашарлайды, ас қорыту бездерінің секреторлық қызметі бұзылады. Қаланың шулы аудандарында тұратын тұрғындар, басқа аудандарда тұратындарға қарағанда, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің ауруларымен - орта есеппен 20%, ал жүйке жүйесінің ауруларымен - 18-23% жиі ауырады. Шудың осы деңгейлерінде есту анализаторының тұрақты турде зорлануы байқалады, бұл дыбыстың есту табалдырығының 10-25 дБ жоғарылуына әкеледі және сөздерді түсінуде қиындықтар тудырады. Қажуды ұлғайтып, зейін қоюды нашарлатып, рефлекторлық реакциялардың жылдамдығын төмендетіп, дыбыс сигналдарын бүркеп, шу жарақаттануға жағдай жасауы мүмкін. Мысалы, автобус салонындағы шу (75-85 дБА дейін) немесе автокөлік кабинасындағы қарқынды шу (80-85 дБА) жүргізушінің жүйке жүйесіне әсер ете отырып, көшедегі жарақат алу қаупін жоғарылатады. Шусыз жерде демалу кезінде есту өткірлігі қайта қалпына келеді. Шудың жоғары - 90-110 дБА дейінгі деңгейлері, әсер ететін шудың шамасына байланысты болады, есту қабілетінің уақытша бұзылуына немесе қайтымсыз кереңдікке әкеп соғады. 120-130 дБА шу құлақтың кіреберіс-ұлу мүшесіне әсер етіп, ауыру сезімін тудырады, ал 130 дБА жоғары болғанда, ганглийлердің жасушаларына оларды жоятын тікелей механикалық әсер етеді. 150 дБА деңгейдегі шу өлімге әкелетін барожарақатқа әкеп соғады, бұдан қорғану үшін шудан қорғайтын шлем мен костюм кию қажет. Ондай шу азғана биіктікте ұшып келе жатқан реактивті ұшақтың астында, зымыран ұшыратын орынға жақын жерде (175 дБ дейін және одан жоғары), жарылыстар кезінде пайда болады. Елді мекендерді қалалық шудың зиянды әсерлерінен қорғау үшін, шудың әсер ету ұзақтығы мен сипатын ескере отырып, әр түрлі бөлмелерге, аумақтарға және адамның түрлі тіршілік жағдайларына арналған шудың шекті дыбыс деңгейі (дБА мен есептелетін) мен октавалары бойынша дыбыс қысымының деңгейлерін (дБ мен есептелетін) нормалайды (6.2-кесте). Қалалық тұрғын үй құрылысының техникалық және архитектуралық-жоспарлау шешімдерін, санитарлық нормаларға негіздей отырып, түрлі аумақтар мен бөлмелердегі шудың деңгейлерінің шектен аспауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей етіп, дайындайды. Қалалық коммуналдық шудың қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша шаралар жаңа салынатын немесе реконструкцияланатын қала (ықшамауданның) құрылысының жобасын дайындау кезінен-ақ басталып жүргізілуі қажет. Кесте
|