Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АІИ алдын алу шараларының кешені




Адын алу жөніндегі шаралар Шаралардың мазмұны
1.Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу
Сәулеттік-жоспарлау   · Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау · Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу · Аурухана аумағын зоналарға бөлу · Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру · Бөлімдерді ұтымды орналастыру
Санитарлық- эпидемияға қарсы   · Инфекция көздерін, оның ішінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау · Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жибермеу және оларды санациялау (тазалау) · Ауруларды оқшаулау · Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу · Қызметкер мен аурулардың гигиеналық тәртіпті сақтауы · Стационардың санитарлық жағдайы мен режимін, ауруханаішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау. · Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Санитарлық- техникалық · Желдету
Медицина қызмет-кері мен ауру (науқас) адамдардың инфекцияға специфи-калық емес резис-тенттілігін арттыру · Шынықтыру, тыныс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәулеге түсіру және т.б.
2. Өзіне тән (спецификалық) алдын алу
Иммундау   · Пассивті (антибиотиктер қолдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу) · Активті (вакцина егу)
     

Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бөлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.

Жұқпалы аурулар ауруханаларының және жұқпалы аурулар бөлімдерінің ерекшеліктері, қабылдау бөлімі мен палата бөлімдерінің өзіне тән жоспарлануы. Жұқпалы аурулар ауруханаларының, жалпы соматикалық саладағы ауруханалардан айырмашылығы, қабылдау бөлімі қарайтын -қабылдайтын бокс тұрінде жасалған. Қарайтын -қабылдайтын бокстар, екі есігі бар, сыртқы және ішкі, бөлмелер кешенінен (кіретін тамбур, палата, ваннасы бар санитарлық жүйе, шлюз) тұрады (10.3.-сурет.). Науқас боксқа сырттан, араларында тамбуры бар 2 есік арқылы кіреді. Медицина қызметкері боксқа палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді. Шлюз, бұл қызметкер жұмыс киімін ауыстыратын, қолын жуып, дезинфекциялайтын, шағын бөлме. Шлюзде науқасқа тамақ беретін терезе, қолжуғыш, халаттар ілетін ілгіштер болады. Осындай жоспарлау шараларымен, бокстағы науқастарды бөлімде жатқан аурулардан максималды оңашалауға жағдай жасалады. Жоғарыда жазылған толық боксты, оны бірінші рет ұсынған Петербург инженеры Е.Ф.Мельцердің атымен, Мельцер боксы деп де атайды.

Қабылдау бөлімі, бірнеше оңашаланған қабылдайтын-қарайтын бокстарынан тұрады, бокстардың саны, инфекция түрлеріне сәйкес болуы керек. Дәрігердің қарауынан кейін, науқас сырттан кіретін есігі арқылы қажетті бөлімге жіберіледі. Әрбір науқас адамнан соң, боксқа ылғалды дезинфекция жасалады және бактерицидтік шамның сәулесімен зарарсыздандырылады. Қабылдау бөлімінде қабылдайтын-қарайтын бокстардан басқа, диагнозы белгісіз немесе аралас инфекциясы бар науқастарға араналған диагностикалық бокстар қарастырылады. Егер науқаста аса қауіпті инфекция анықталса, ол сол бокста жазылып болғанға дейін қалады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 399; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты