КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Акушерлік бөлім.Бөлімнің жоспарланауы сырқаты жоқ жүкті әйелдерді науқастарынан оқшаулауға, АІИ жұғуының алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан, акушерлік бөлімнің перзентхананың құрамында екі бөлімі болады: физиологиялық және обсервациялық. Бұл бөлімдерде әйелдер босануы кезінде және босанғаннан кейін болады. Физиологиялық бөлім сырқаты жоқ жүкті әйелдерге арналған, обсервациялық бөлімі (күдікті) – инфекция көзі болатын мүмкіндігі бар жүкті әйелдер үшін. Перзентханаларда, бұл бөлмелерден басқа, тағы жүктілік патологиясы деген бөлім бар. Физиологиялық және обсервациялық бөлімдердің жоспарлануы бірдей, олардың құрамына босану алдынғы палаталар, босанатын және операциялық блоктар, операциядан кейінгі палаталар, босанғаннан кейінгі палаталар, жаңа туған балаларға арналған палаталар және қосымша бөлмелер кіреді. Босанатын әйелдерді оқшаулауды, қабылдайтын-қарайтын бөлімнен бастап, жүргізеді. Босанатын әйелдер қарайтын бөлмеге түскенге дейін фильтрден өтеді, бұл жерде акушер әйел немесе медбике, олардың температурасын өлшейді, эпидемиологиялық мәліметтерін пысықтап сұрап, анамнез жинайды, іріңді аурулары, микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын және жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларды анықтау мақсатында сырт көрінісін қарайды. Жедел респираторлық аурулары бар, температурасы жоғары, тұмау, баспа, сыздауық, іріңдік (абсцесс) және басқа да іріңді аурулары бар, сондай-ақ, этиологиясы белгісіз бөртпелері бар және алмасу картасы жоқ болса, босанатын әйелдер фильтрден обсервациялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жіберіледі. Дені сау әйелдерді физиологиялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жібереді. Қарау бөлмесінде дәрігер қарайды, медициналық құжат толтырады, босану жүргізу жоспарын белгілейді.Қарағаннан кейін, босанатын әйелдер қарайтын бөлменің жанында орналастырылған душы, әжетханасы бар, санитарлық өндеуден өтетін бөлмеде санитарлық өндеуден өтеді, одан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімдерге жиберіледі. Босанған әйелдерді бұл бөлімдерден шығаруға арналған бөлмелер, әрбір бөлім үшін бөлек болуы тиіс. Обсервациялық бөлім, физиологиялық бөлімнен оқшау орналасуы керек. Оны бірінші қабатында, жалғап салған құрылыста немесе жүктілік патологиясы, физиологиялық, гинекологиялық бөлімдердің үстіндегі жоғарғы қабатында орналастырылады. Олардың арасындағы байланыс тек шлюз арқылы жүргізіледі. Әрбір бөлімде өз алдына бөлек емдеу-диагностикалық және қосымша бөлмелері қарастырылады. Босану алдындағы палаталар 1 немесе 2-4 төсектік болады. Босану блогының құрамына 2 кем емес босанатын залдар, қарайтын бөлме, қызметкерге арналған дайындық бөлме, жаңа туған балаларға манипуляция-туалет жасайтын бөлме, қарқынды емдеу палатасы, кіші операциялық бөлме кіреді. Кіші операциялық бөлмеде анамнезі ауыр әйелдер босанады және қажет болған жағдайда, кесарь тілуінен басқа, акушерлік операциялар жасалады. Операциялық блоктың бөлмелеріне, операция жасайтын бөлменің алдындағы, үлкен операциялық, стерильдеу бөлмелері және әдеттегі, операция блогының құрамына кіретін басқа да бөлмелер жатады. Үлкен операциялық бөлмелерде көбіне, құрсақ жаратын операциялар жасалады. Босанудан кейінгі палаталарды 2-4 төсектік етіп жасайды. Палаталарды толтыруда, босанған әйелдердің түсуі мен шығуы бір күнде болатындай етіп ұйымдастырады, бұл, бөлмеге жалпы санитарлық өңдеу жүргізуді жеңілдетеді және АІИ таралу мүмкіншілігін болдырмайды. Жаңа туған балаларға арналған палаталарды оқшау бөлігінде, 20 төсекке есептеп орналастырады, оған кіреберісте арнайы бөлмеде кезекші медбике посты орналасады. Сонымен қатар, жаңа туған балаларды кішірек палаталарда анасымен бірге жатқызу немесе 3-4 жаңа туған балаларды аналарының палаталарының арасындағы бөлек палатада орналастыру түрлерін де қолданады. Мұндай орналастыру, балаларды күтуге қолайлырақ жағдай туғызады. Шала туған балаларды 1-2 төсектік бокстарға немесе жартылай бокстарға жатқызады. 8 төсекке бір постық медбике қызмет көрсетеді. Обсервациялық бөлімнің төсек саны, физиологиялық бөлімге қарағанда, аздау. Мұндағы төсек саны, акушерлік төсектердің жалпы санының 20-25% құрайды. Босанғаннан кейінгі палаталарды, бокстар немесе жартылай бокстар түрінде 1 немесе 2 төсектік етіп ұйымдастырады. Перзентханаларда асептика талаптары қатал сақталуы керек, себебі, анаға да, және жана туған балаға да инфекция жұғу қаупі жоғары.Акушерлік бөлімдердегібосану залдарының, оперблоктың жоспарланауына және санитарлық режимін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар, хирургиялық бөлімдердің операциялық блоктарына қойылатын талаптарға ұқсас. Қолайлы жағдайларда, жас босанған әйелдерді жаңа туған балаларымен босану үйлерінен ертерек шығару дұрыс болып шықты, ол АІИ-мен аурушаңдықты төмендетуге мүмкіндік берді. Перзентхана жылына бір рет дезинфекция жасау үшін жоспарлы түрде жабылуы тиіс.
|