КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Балалар бөлімі.Балалар бөлімін немесе балалар ауруханасын жоспарлаудың, бірнеше себептерге байланысты, өз ерекшеліктері бар. Бәрінен бұрын, жұқпалы аурулардың жиілігіне және балалар жасында оларды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары болуына байланысты, балалар бөлімін үлкендердің бөлімінен мүмкіндігінше максималды оқшаулау және стационарға түсуі мен ол жерде болуы кезінде, аурухана ішінде инфекцияны жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты, сиымдылығы 60 төсектен артық балалар бөлімі,өз алдына көлік кіретін жолдары және өзінің жеке қабылдау бөлімі бар, бөлек корпустарда орналасады. Балалар бөлімін үлкендерге арналған бөлімі бар аурухана ғимаратында орналастырған кезде, оның құрамында өз алдына жеке қабылдайтын-шығаратын бөлімін ұйымдастырып, ғимараттың бірінші қабатында орналастырады. Қабылдау бөлімінің ерекшелігі, балаларды қабылдайтын-қарайтын бокстарда қабылдайды, бокстардың саны бөлімдегі барлық төсек орнының 3% кем болмауы тиіс. Егер, балада жұқпалы ауруға күдік болса немесе диагнозы белгісіз болса, мұндай балаларды жұқпалы аурулар ауруханасындағыға ұқсас боксталған диагностикалық бөлімдерге жатқызады. Бөлімнің өзінің жоспарлануы, карантин орнатқан жағдайда, әрбір палата секциясы толығымен оқшауланып, өз алдына жұмыс істей алатындай болуы тиіс. Сондықтан, балалар бөлімінің әрбір секциясы өтпелі емес және барлық қажетті бөлмелер жиынтығы болуы керек. Қосымша бөлмелері (асхана, буфет, ойын бөлмелері, т.б.) екі секцияға жалпы болмауы керек. Әрбір секцияда палаталардан басқа, 2 бокс немесе 1 төсектік жартылай бокс және жұқпалы ауруларға күдікті балаларды орналастыруға арналған 1 төсектік екі палата болуы керек. 1жасқа дейінгі балаларға арналған секциялар 24 төсектен тұрады, олардың әрбір 8 төсегіне бір, кезекші медбике тағайындалады. Бір жасқа дейінгі балалардың палатасы 2 төсектен артық болмауы тиіс.1 жастан асқан балалардың секциясында 30 төсек қарастырылады, палатада 4 төсектен. Артық болмауы керек, 1 төсекке есептелген ауданы -6 м2. Төсектерді палатада үлкендердің бөлімдеріндегідей етіп орналастырады. Ауалы-тамшылы инфекциялардан қорғау үшін, төсектердің арасына алмалы-салмалы шыныдан жасалған қалқан қойылады. Стационарға жатқызылатын емшек еметін және ясли жасындағы балалар, анасының күтімінсіз бола алмайды, соған байланысты басқа бөлімдерден айырмашылығы, мұнда аналары үшін бөлек бөлмелер қарастырылады. Аналарының күндізгі уақытта болуына арналған бөлмелерінің ауданы 7,5 м2, тәулік бойы болуына арналған бөлмелерінің ауданы – 9,5 м2болуы тиіс. Балалар бөлімінің өзіне тән ерекшелігі- жылытылатын верандалар, сондай-ақ, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалардың сабақ өтуіне, ойнауларына арналған арнайы бөлмелерінің болуы. Терезелерінің қолайлы бағытталуы – оңтүстік, балалар бөлімінің 3 жасқа дейінгі балаларға арналған палаталарының және барлық балалар бөліміндегі ойнауға арналған бөлмелерінің терезесі батысқа бағытталмауы керек, себебі, бөлмені өте қыздырып жібереді. Палата секцияларындағы микроклимат параметрлері мен ауа алмасуын ұйымдастыру жоғарыда айтылды. 1 жасқа дейінгі балалар палатасының және сүт тағамдары бөлмелерінің ауасын зарарсыздандыру үшін, әрбір жуып- жинаудан кейін бактерицидтік шамдардың сәулесімен өңдейді. 5.4.Емхана бөлімі.Емханалар және амбулатория түріндегі басқа да мекемелер, негізінен, күту орындарынан, дәрігерлік мен емдеу-диагностикалық кабинеттерден тұрады. Емхананың негізгі кіретін есігі, әдетте, тіркеу орнымен және киім шешетін орнымен тікелей байланысқан вестибюльге апарады. Кезек күтуге арналған үлкен залдар ұйымдастыруды, әр түрлі сырқаттары бар науқастар бір-бірімен қарым-қатынаста болуына әкеп соғатындықтан, дұрыс деп санамайды. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, кезек күтетін орын ретінде ені 3,2 м дейін ұлғайтылған дәліздерді пайдаланады. Олар жақсы жарықтандырылуы және желдетілуі тиіс. Фтизиатрия, тері-венерология, гинекология және рентген кабинеттерінің кезек күту орындарын бөлек ұйымдастырған дұрыс. Емхананың жұмысын дұрыс ұйымдастыру науқастардың көп жиналуын болдырмайды. Рентген кабинеттерінің жұмысын туберкулезбен ауыратын және осы ауруға күдікті науқастарды бөлек уақытта қабылдайтын етіп ұйымдастыру қажет. Дәрігерлер кабинетінің ауданы 12 м2, ал мамандандырылған болса - 15-18 м2. Кабинеттерінің терезесі, шулы көше жаққа қарамауы керек, олардың бағытталуы нормаланбайды,бірақ солтүстікке қарай болғаны дұрыс. Балалар бөлімі үлкендер бөлімінен толық оқшауланады.Оған «фильтр-бокс» арқылы кіреді, бұл жерде медбике баланың ата-анасымен сұхбат жүргізеді, баланың температурасын өлшейді, терісін және шырышты қабықшасын тексереді. Жұқпалы ауруларға күдікті балаларды көшеге шығатын бөлек есігі бар, ауруды қарайтын боксқа жібереді. Күту орындары орталықтандырылмаған жүйедегідей ұйымдастырылады. Балалар бөлімдерінде ер балалар мен қыз балаларға арналған дәретханалардан басқа, лас заттар төгетін унитазы бар және кішкентай балаларға арналған түбек бөлмесі болуы тиіс.
|