Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ндірістік өнеркәсіптердің бас жоспарын жобалау.




Өндірістік өнеркәсіптерді қоныстанған жерлердің өндірістік аймақтарындағы, өндірістік түйіндердің территорияларындағы немесе тұрғындық құрылыстардың жүйесіндегі жабық жерлерде орналастырады.

Өндірістік өнеркәсіптердің бас жоспары– бұл территорияларды көгалдандырумен және жайластырумен ғимараттарды, имараттарды, көліктік және инженерлік желілерді жер теліміне орналастырудың масштабты сұлбасы.

Бас жоспарды жобалау ҚР ҚНжЕ негізінде жүргізіледі.

Территорияны аймақтарға бөледі:

өндірістік, мұнда негізгі және қосымша цехтар, тұрмыстық бөлмелер ғимараты; өндірістік, қоймалық, көліктік, энергетикалық және басқа өндірістік процесті ғимараттар мен имараттар шоғырланған;

– әкімшілік - шаруашылық және мәдени - тұрмыстық ғимараттарды орналастыру үшін (зауытбасқару, медпункттер, асхана, поликлиника және т.б.) зауыт жаны;

– энергетикалық және көліктік объекттерді орналастыру үшін қосымша;

– шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді сақтау үшін ғимараттар және алаңдар алып жатқан қоймалық.

Өндірістік өнеркәсіптер территориясында ғимараттар мен имараттарды олардың жайлы табиғи жарықтандыруын және желдетілуін ескеріп орналастырады. Ғимараттар арасындағы үзілулер санитарлы-гигиеналық, өртке қарсы және технологиялық талаптар ескеріліп қабылданады.

Жолдар мен тротуарлар сыртқы және ішкі зауыттық көліктің қабылданған түріне сәйкес, жылжитын жүктер салмағына және өлшемдеріне, тасымалдау ұзақтығына байланысты шешіледі.

Ішкі зауыттық теміржол жолдарының сұлбасы тұйық, сақиналы, қуысты болуы мүмкін. Ішкі жолдардың қисық радиусы жуан колеялар (1524 мм) үшін 200 м кем емес және жіңішке колеялар (950 мм) үшін 75 м кем емес.

Төсеніш қабаты бойыншаасфальтбетоннан немесе құрама темірбетон плиталарынан жабулы автокөлік жолдарының бір жақты қозғалыс үшінені 4,5–5 м кем емес және екі жақты қозғалыс үшінені6–10,5 м болады. Жол шетінен ғимарат қабырғасына дейінгі арақашықтық 25 м үлкен емес етіп қабылданады.

Жаяу жүру жолдары – ені 1,5 м кем емес тротуарлар, жол бойымен, одан 2 м жақын емес төселінеді.

Жолдар, тротуарлар бойымен, цехтар арасын көгалдандыру. Көгалдандыру ауданы өнеркәсіптің барлық территориясының 15–20% кем емес бөлігін құрауы тиіс. Көгалдандыру жолағының ені ағаштарды бірқатарлы отырғызуда 2 м кем емес және екі қатарлыда 5 м кем емес, бұтақтылар жолағы үшін ені 0,8 – 1,2 м етіп қабылданады. Қатарлы отырғызуда ағаштар арасындағы арақашықтық 4–6 м.

Өндірістік территорияны жайластыру үшін жарықтандыру фонарьлары, фонтандар, гүлзарлар және басқа кіші сәулеттік пішіндер қолданылады.

Инженерлік коммуникацияларды (су өткізгіш, канализациялық, жылулық және басқа желілер) жерүсті және жерасты негізгі өтулердің бойымен төсейді. Жерасты трассалары траншеяларда, каналдарда, туннельдерде жолдардың жүру бөлігінен тыс орнатылады. Жанатын және тез жалындайтын сұйықтармен газ өткізудің және құбыр өткізудің біріккен төсенішін қолдануға рұқсат етілмейді.

Қоршаған ортаны зиян заттардың таралуынан,өндірістік өнеркәсіптердің қалдықтарынан ластануынан қорғау заң жүзінде қарастырылған.Өндірістік өнеркәсіптерді орналастырғанда, жобалағанда, қайта жөндегенде өндірістік зиян заттардың пайда болуын болдыртпайтын немесе азайтатын өндіріс технологияларын жаңартуды, тұйық өндірістік циклымен қалдықсыз өндірістерді құруды, суды– және газды тазалау, шаңды– және күлді аулау үшін техникалық жабдықтарды қолдануды, жоспарлау және құрылыстық жабдықтарды, яғни санитарлы–қорғау аймақтарының қондырғыларын, атмосферада өндірістік зиян заттардың таралуын болдыртпауды және сұрыптауды қолдануды қарастыратын шараларды жүзеге асырады.

Өндірістік зиян заттарды бөліп шығаратын өндірістік өнеркәсіптерді қоныстанған жерлердің тұрғындық құрылыстарынан санитарлы–қорғау аймақтарымен бөледі. Санитарлы–қорғау аймағының территориясы көгалдандырылады және онда қызметтік ғимараттар (қоймалар, гараждар, депо және т.б.) орналастырылады. Тұрғындық құрылыстар жанынан көгалдандыру енін 20–50 м етіп қабылдайды.

Бас жоспардың техникаэкономикалық көрсеткіштері:

Аж – жалпы жер ауданы, м2;

Ағ – барлық ғимараттар ауданы, м2;

Ажт – жолдар және тротуарлар ауданы, м2;

К1 – құрылыс ауданының коэффициенті, %:

К1 = Ағж х 100%;

К2 – территорияны қолдану коэффициенті, %:

К2 = Ағ + Ажтж х 100%;

Vқ – қабырғаның сыртқы қыры бойынша ғимараттың құрылыстық көлемі, м3:

Vқ = S х Н,

мұндағы S – қабырғаның сыртқы қыры бойынша ғимараттың ауданы, м2;

Н – ғимарат биіктігі, м.

1. Негізгі әдебиет: 2 осн. [234-243] ;1 доп. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік ғимараттарды қандай ерекшеліктерін ескеріп жобалайды?

2.Қандай көрсеткіштердің көмегімен өндірістік ғимараттың көлемдік–жоспарлық шешімінің үнемділігін анықтайды?

3.Территорияларды көгалдандырумен және жайластырумен ғимараттарды, имараттарды, көліктік және инженерлік желілерді жер теліміне орналастырудың масштабты сұлбасы қалай аталады?

 

11-дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттар конструкциялары. Өндірістік ғимараттар классификациясы және конструкциялық жүйелері. Іргетастар және іргетастық арқалықтар

Өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға арналған ғимараттар өндірістік деп аталады.

Өндірістік ғимараттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

– қабаты бойынша: бірқабатты; көпқабатты;

–тағайындалуы бойынша: өндірістік (негізгі және қосымша); энергетикалық (ЖЭО, қазандық, трансформаторлық станциялар); көліктік-қоймалық (гараждар, қоймалар, локомотив депосы); әкімшілік-шаруашылық және тұрмыстық (инженерлік, зертханалық корпустар, поликлиникалар); су құбырларын және канализацияларды жөндеуге арналған сантехникалық (насостық, су жинайтын мұнаралар);

– қаңқа конструкциясының материалы бойынша: болат; темірбетон; аралас;

– отқа тұрақтылығы бойынша: I класты ғимараттар үшін II дәрежеден кем емес; II класты ғимараттар үшін III дәрежеден кем емес; III және IV класты ғимараттар үшін отқа тұрақтылық дәрежесі нормаланбайды.

Өндірістік ғимараттар жалпы талаптарды (функциялық, техникалық, өртке қарсы, индустриалдық, сәулеттік-суреттік), сонымен қатар өндірістік сипатымен негізделген арнайы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

– ғимараттың көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдері өндірістік процесті ұйымдастыру және құрал-жабдықтарды орналастыру үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс; ғимараттың кеңістік қатаңдығы технологиялық және көтеру-көліктік құрал-жабдықтардың жұмысынан пайда болатын вертикальды және горизонтальды динамикалық күштердің әсерлерін ескерумен қамтамасыз етілуі қажет;

– жұмысшылар денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар ұйымдастырылуы тиіс;

– ғимараттар қажуын алдын алу бойынша шаралар ұйымдастырылуы қажет.

Ғимараттардың негізгі көлемдік-жоспарлық параметрлері болып табылады:

– аралық – қабырғалардың немесе ұстындардың бойлық қатарларының бөлу осьтері арасындағы арақашықтық;

– қадам – қабырғалардың немесе ұстындардың көлденең қатарларының бөлу осьтері арасындағы арақашықтық;

– биіктік – еден деңгейінен жабудың көтеруші конструкцияларының төменгі бетіне дейінгі арақашықтық (бірқабатты ғимараттарда) немесе таза едендер деңгейлері арасындағы арақашықтық (көпқабатты ғимараттарда). Бойлық және көлденең бағыттардағы ұстындар арасындағы арақашықтық жиыны ұстындар торы деп аталады.

Өндірістік ғимараттардың көп тараған түрі – бірқабатты. Олар горизонтальды сұлбалы технологиялық процесті өндірістерге, ауыр жабдықтарды қолданатын немесе іріөлшемді өнімдерді шығаратын өнеркәсіптерге арналған.

Бірқабатты өндірістік ғимараттар конструкциялық шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді (24–сурет) :

– қаңқалы – жабумен байланысты, ұстындар жүйесі болып табылады. Ғимараттың қаңқалы түрі өндірістік құрылыста өте көп тараған;

– қаңқасыз – пилястралармен күшейтілген (қабырғаның жергілікті қалыңдылығымен), сыртқы көтеруші қабырғалары болады. Мұндай ғимараттар крандарының жүк көтергіштігі 5т дейін болады, аралықтары 12м аспайды;

– толық емес қаңқалы – сыртқы көтеруші қабырғалары және ішкі тіректері болады (ұстындар, кірпіштік бағаналар). Мұндай ғимараттардың екі және одан да көп аралығы болады және үлкен емес жүк көтергішті крандармен жабдықталған;

– вертикальды тіректері немесе сыртқы қабырғалары жоқ шатрлы. Мұндай ғимараттардың жабуы іргетасқа сүйенеді.

 

 

24–сурет. Бірқабатты өндірістік ғимараттардың конструкциялық түрлері:

а – қаңқалы; б–қаңқасыз; в – толық емес қаңқалы; г – шатрлы; 1 – сыртқы қабырға; 2 – ұстын; 3 – ферма; 4 – жабу плитасы; 5 –кранасты арқалығы; 6 – көтеруші қабырға; 7 –жабу арқалығы; 8 – пилястра; 9 – іргетас; 10 – арка; 11 –арканың жоғарғы беті бойынша жабу

 

Көпқабатты ғимараттар вертикальды технологиялық сұлбалы өндірістерге (мельницы, тау-обогатительные фабрикалар және т.б.) немесе жеңіл технологиялық жабдықтарды қолданатын кәсіпорындарға (құралқұрылыстық, тамақ, жеңіл өндірісі) арналған.

Көпқабатты өндірістік ғимараттар түрлері:

– толық қаңқалы және өзін көтеруші немесе көтеруші емес қабырғалы;

– толық емес ішкі қаңқалы және көтеруші сыртқы қабырғалы;

– көтеруші қабырғалы.

Көптеген қазіргі өндірістік ғимараттар қаңқалы етіп тұрғызылады. Көпқабатты ғимараттар қаңқалары рамалы, байланыспалы и рамалы - байланыспалы түрінде болуы мүмкін.

Тағайындалуы бойынша көпқабатты өндірістік ғимараттар өндірістік, зертханалық және әкімшілік–тұрмыстық болып бөлінеді.

Іргетастар және іргетастық арқалықтар.Іргетастар жерүсті бөлігінде пайда болатын күштерді қабылдайды және осы күштерден қысымды негізге береді.

Іргетастар жұмысы әрдайым өзгеретін жағдайларда және үлкен күштердің әсерінде жүреді, сондықтан олардың сапасына жоғарғы талаптар қойылады. Іргетастар орындалатын материалдар механикалық берік, жоғары аязға тұрақты, ұзақ мерзімді және топырақ суларының агрессиялық әсерлерінен қирамауы тиіс.

Өндірістік ғимараттар іргетастары конструкциялық шешімдерінің сипаты және орындау ерекшеліктері бойынша келесі түрлерге бөлінеді: ленталы, бағаналы, қадалы.

Іргетастар тұрғызу технологиясы бойынша тұтас құймалы және құрама, тереңдету шамасы бойынша таяз және терең орналасатын іргетастар болып бөлінеді.

Қаңқалы түрдегі өндірістік ғимараттарда бағаналы іргетастар қолданылады.

Темірбетонды ұстын асты тұтас құймалы бағаналы іргетас (25–сурет) екі бөліктен: ұстын асты плитасынан және бір, екі немесе үш қатарлы плитадан тұрады.

 
 

 


 

 

25–сурет. Стакан түріндегі тұтас құймалы темірбетонды іргетастар:

а – бір ұстын асты; б – қосарланған ұстындар асты; в – ұлғайтылған банкетті бөлігімен; г – металл ұстындар асты; 1 – плиталы бөлігі (бір–, екі– немесе үшбаспалдақты); 2 – ұстын асты плитасы; 3 – стакан; 4 – анкерлі болттар

 

Іргетастарды В12,5, В15 класты бетоннан дайындайды. Жұмыстық арматура үшін А–II және А–III класты ыстықтай иленген болат қолданылады.

Құрама темірбетонды іргетастарды бірблокты немесеқұрастырмалыетіп орындайды. Іргетастың жоғарғы элементі – ұстын асты плитасын іргетастық блоктардың бір, екі немесе үш қатарларына сүйейді. Блоктардың төменгі қатары бір–бірінен 600 мм арақашықтықта орналастырылатын құмдық дайындауға төселінеді. Ұстын асты плитасын орнатқаннан кейін ұстын асты плитасын мен плиталар арасындағы саңылаулар жабылады.

Металл ұстындар асты іргетастарды (26–сурет) тұтас қималы ұстын асты плитасымен бағаналы етіп дайындайды.

 
 

 


 

 

26–сурет. Болат ұстындар башмағы және іргетастары:

а – екі тармақты ұстын башмағы; б – темірбетон іргетасының сұлбасы; 1 – ұстын стержені; 2 – тіректік бет; 3 – траверса; 4 – анкерлі плиталар; 5, 6 – анкерлі болттар; 7 – ерітіндімен немесе В15 беріктігі бойынша класты бетонмен құю; 8 – ұстындар тармақтары арасындағы байланыстар; 9 – башмак

 

Қаңқалы ғимараттар қабырғалары арнайы бетондық бағаналарға іргетастардың ұстындар асты плиталары арасына төселінетін іргетастық арқалықтарға (27–сурет) сүйенеді.

 
 

 

 


27–сурет. Темірбетонды іргетастар және іргетастық арқалықтар:

а – іргетастық арқалық; б – ұстын іргетасына блоктардың сүйенуі;

1 – темірбетонды ұстын; 2 –бетонмен тұтастандыру; 3 – ерітінді

 

Темірбетонды іргетастық арқалықтар трапециялы немесе таврлы қималы болады. Олардың өлшемдері ұстындар қадамына байланысты. Іргетастық арқалықтар бойынша, мастиктегі рулонды су өткізбейтін материалдың бір–екі қабаттарынан тұратын, қабырғалар гидроизоляциясын орнатады. Арқалықтарды В15–В30 класты бетоннан орындайды.

Өндірістік ғимараттардың ұстындар асты қадалы іргетастары (28 – сурет) қағылмалы немесе қондырмалы қадалардан тұрады, ұстындарды бекіту үшін олардың жоғарғы бетіне ростверк және темірбетонды башмак төсейді. Қадалы іргетастарды жер бетінде әлсіз топырақтар және топырақ сулары болғанда орнатады.

 

 

28–сурет. Қададағы бағаналы іргетастар:

а – квадратты қималы; б – құбырлы қималы; 1 – темірбетонды қадалар «тірегі»; 2 – іргетастық плита; 3 – ұстын; 4 – бетонмен тұтастандыру; 5 – темірбетонды қабықша; 6 – құбырлы қада

 

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Өнеркәсіптік өндірістерді орналастыруға арналған ғимараттар қалай аталады?

2. Өндірістік ғимараттар қандай белгілері бойынша бөлінеді?

3.Қаңқалы түрдегі өндірістік ғимараттарда қандай іргетастар қолданылады?

 

 

12–дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың темірбетонды конструкциялары. Темірбетонды қаңқаның кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ету

Ұстындардан, кранасты арқалықтарынан және жабудың көтеруші конструкцияларынан тұратын кеңістік жүйені бірқабатты өндірістік ғимараттың қаңқасы деп атайды.

Темірбетонды қаңқаның вертикальды көтеруші элементтері ұстындар деп аталады. Ғимаратта орналасуы бойынша ұстындар шеткі және ортаңғы болып бөлінеді.

Тұрақты қималы ұстындар (консольсіз) көпірлік крансыз ғимараттарда жәнеілмелі кранды ғимараттарда қолданылады.

Ұстындар В15–В30 класты бетоннан дайындалады. Негізгі жұмыстық арматура – стерженьді А–III класты периодты профильді ыстықтай иленген болаттан орындалған.

Консольді, көпірлік кранды ғимараттар үшін тікбұрышты қималы ұстындар аралығы18 және 24 м, биіктігі 10,8 м дейінгі, жүккөтергіштігі 10–20 т көпірлік крандармен жабдықталған ғимараттарда қолданылады. Шеткі ұстындар бірконсольді, ортаңғы – екіконсольді. Ұстындардың жоғарғы (кранүсті) бөлігіндегідей, төменгі (кранасты) бөлігінде де көлденең қимасы тікбұрышты болады.

Ұстындар В15, В25 класты бетоннан орындалады. Негізгі жұмыстық арматура – стерженьді А–III класты периодты профильді ыстықтай иленген болаттан дайындалған.

Екітармақты ұстындар аралығы18, 24, 30 м, биіктігі 10,8 – 18 м, жүккөтергіштігі 50 т дейінгі көпірлік крандармен жабдықталған ғимараттарда қолданылады.

Қадамы 6 м , биіктігі 14,4 м үлкен емес және кран жүккөтергіштігі 30 т кіші немесе тең болғанда, шеткі ұстындар үшін нольдік байлау, ал басқа жағдайларда– 250 мм қабылданған.

Ұстындарды В15, В25 класты бетоннан дайындайды. Негізгі жұмыстық арматура – стерженьді А–III класты периодты профильді ыстықтай иленген болаттан орындалған.

Кранасты арқалықтар.Темірбетонды кранасты арқалықтарын ұстындар қадамы 6 және 12м, крандар жүккөтергіштігі 30 т дейін болатын ғимараттарда қолданады. Арқалықтардың тіректердегі қабырғаларының қалыңдауымен таврлы және қоставрлы қимасы болады. Арқалықтардың ықшамдалған өлшемдерін ұстындар қадамына және крандар жүккөтергіштігіне байланысты қабылдайды: ұстындар қадамы 6 м болғанда арқалықтар ұзындығы 5950 мм, қима биіктігі 800, 1000, 1200 мм; ұстындар қадамы 12м болғанда арқалықтар ұзындығы 11 950 мм, биіктігі 1400, 1600, 2000 мм. Оларды алдын ала кернеуленген арматурамен В25, В30, В40 класты бетоннан орындайды.

Ғимаратта орналасу орны бойынша қатарлы және бүйірлік болып бөлінеді. Олар қосалқы пластиналарының орналасу орнымен ерекшелінеді.

Итарқалық және итарқаасты арқалықтар және фермалар.Ғимараттар жабуындакөтеруші элементтер қызметін ғимарат бойымен және көлденең төселінетін арқалықтар және фермалар атқарады.

Төсеу сипаты бойынша арқалықтар мен фермалар келесі түрлерге бөлінеді: итарқалық, олар аралықты жабады және оларға сүйенген жабу конструкцияларын сүйейді, және итарқаасты, бойлық қатар ұстындарының 12–18-метрлі қадамдарын жабады және итарқалық конструкцияларына тірек болып табылады.

Темірбетонды итарқалық арқалықтар6, 9, 12 және 18 м аралықтарды жабады.

Оларды дайындау үшін В15–В40 класты бетон қолданылады.

Темірбетонды итарқалық фермалар18, 24, 30, 36 м аралықты ғимараттарда қолданылады. Фермалардың төменгі және жоғарғы белдеулерінің арасына тіректер және қиғаш тіректер жүйесін орнатады. Фермалар торы ені 1,5 және 3 м аражабын плиталары фермалардың тіректері мен қиғаш тіректерінің түйіндерінде сүйенетіндей етіп қарастырылады. Негізінен 3 м плиталар, өте жүктелген бөлімдерде – 1,5 м плиталар қолданылады.

Аралығы 18 және 24 м, жоғарғы және төменгі белдеулерінің қимасы тіктөртбұрышты сегментті қиғаш тірексіз фермалар кеңінен қолданылуда.

Итарқаастыфермалар үш түрде орындалады:

– кіші еңісті төбе жабындылары үшін үлкен биіктікті;

– еңісті төбе жабындылары үшін жабудың шеткі төсеніштеріне тірек болып табылатын тіректерді орнатумен кіші биіктікті;

– шығыңқы төменгі белдеуімен.

Ғимараттың бөлу өстеріне ұстындарды байлау.Темірбетонды және аралас қаңқалы бірқабатты өндірістік ғимараттардың шеткі қатарларындағы ұстындарының бойлық бөлу өстеріне қатынасы бойынша байлауы нольдік, яғни ұстынның сыртқы қыры бойлық бөлу өсімен сәйкес келеді және қабырғалық қоршаудың ішкі қырымен беттеседі. Панельдің ішкі қыры мен ұстын арасында 30 мм саңылау қарастырылуы тиіс.

Темірбетонды, болат және аралас қаңқалардағы ортаңғы қатарлар ұстындарының бойлық бөлу өстеріне қатынасы бойынша орталық байлауы болады, яғни ұстындардың ортаңғы қатарының бөлу өсі ұстындардың кранүсті бөлігінің қимасының өсімен сәйкес келеді.

Болат қаңқадағы шеткі қатарлар ұстындарының бойлық бөлу өстеріне қатынасы бойынша байлауы 250 мм және 30 мм саңылауымен қабырғалық панельдің ішкі қырымен беттеседі.

Аралығы 72 м және одан үлкен темірбетонды және аралас қаңқаларда, ал аралығы 120 м және одан үлкен болат қаңқада аралықтар ортасында көлденең бағытта температуралық жік қарастырылады. Осыған байланысты күш әсерінен тәуелсіз жұмыс істейтін екі температуралық блоктар құрылады. Ұстындардың кеңістік қатаңдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету үшін температуралық блоктар ортасында вертикальды бағытта ұстындар арасында вертикальды болат байланыстар қарастырылады (6м ұстындар қадамында – қиылысқан, 12м қадамда – порталды).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 363; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты