Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Болат ұстындар түрлері. Олардың іргетасқа сүйенуі.




Ұстындар келесі бөліктерден тұрады:

– жоғары жатқан конструкциялардан күштерді қабылдайтын бас жағы;

– кранүсті және кранасты бөлігінен тұратын стержень (бағана);

– іргетасқа күшті беретін табаны (базасы).

Болат ұстындарды келесі белгілері бойынша бөледі:

– орналасу орны бойынша: шеткі және ортаңғы қатарлар үшін;

– стержень конструкциясы бойынша: тұрақты қималы, ауыспалы (баспалдақты) қималы;

– стержень қимасы бойынша: тұтас, қуысты (қиғаш тіректермен және планкалармен біріктірілген бөлек тармақтардан орындалған), аралас түрдегі (кранүсті бөлігі тұтас, кранастысы қуысты).

Тұрақты қималы ұстындар кранасты арқалықтары сүйенуі үшін консольді прокатты дәнекерленген қоставрлар болып табылады. Оларды биіктігі 8,4–9,6 м (20 т дейінгі крандар жүккөтергіштігінде) крансыз немесе кранды ғимараттарда орнатады. Шеткі ұстындар байлауы: Н= 6–8,4 м болғанда – нольдік; Н= 8,4–9,6 м болғанда – 250 мм.

Еден деңгейінен ұстынүсті плитасының жоғарғы бетіне дейінгі арақашықтық 600 мм (Н= 8,4–9,6 м ұстындар үшін), 200 мм (Н= 6–8,4 м ұстындар үшін).

Баспалдақты (екітармақты) ұстындар жүккөтергіштігі 125 т дейінгі крандармен жабдықталған, қабат биіктігі 9,6–18 м ғимараттарға арналған. Ұстынның кранүсті бөлігі (мойыны) дәнекерленген қоставрдан орындалады, кранасты бөлігі тормен біріктірілген екі тармақтардан тұрады. Екітармақтыұстындардың кранасты бөлігін прокатты швеллерлер мен қоставрлардан (400 мм дейінгі қима биіктігінде), дәнекерленген немесе прокатты иілгіш швеллерлер мен қоставрлардан (400–650 мм қима биіктігінде) орындайды.

Кранасты арқалықтар. Аралығы 6 және 12 м қоставрлы арқалықтар жүккөтергіштігі 200 т дейінгі көпірлік кранды ғимараттарда қолданылады. Арқалықтар қимасы симметриялы немесе асимметриялы (енді жоғарғы белдеуімен), вертикальды қабырғасы тұтас, 1,5 м сайын орналасқан екі жақты қырларымен күшейтілген. Кранасты арқалықтарының биіктігі 600–2050 мм, оларды прокатты металлдан және дәнекерленген етіп орындайды (30–сурет).

Кранасты арқалықтар статикалық жұмысы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: барлық ұзындық бойынша тұрақты қималы және тіректерде түйісетін кесілетін; аралықтың ширегінде орналасқан, түйісулерімен, әртүрлі қималардан орындалған кесілмейтін.

 

 

30–сурет. Болаткранасты арқалықтары:

а – жоғарғы текшелері күшейтілген прокатты қоставрлардан тұтас қималы; б –жоғарғы текшелері күшейтілген дәнекерленген қоставрлардан тұтас қималы; в – жоғарғы текшелері күшейтілген тойтармалы қоставрлардан тұтас қималы; г – қуысты қималы; д – темірбетонды ұстынға арқалықтарды бекіту; е – болат ұстынға арқалықтарды бекіту; ж– арқалықты рельске крюктармен бекіту; з – арқалықты рельске лапкалармен бекіту; 1 – тежеуіш арқалықтар; 2 – бекіту планкасы; 3 – тіреуіш бұрышы; 4 – болат фасовка; 5 – төсеуіш; 6 – цементті-кұмды ерітінді; 7 – тіректік қыры; 8 – рельс; 9 – крюк; 10 – болат лапка

 

Жабудың итарқалық және итарқаасты фермалары. Аралығы 18–36 м болат типтік фермалар жазық және еңісті жабуларда қолданылады. Оларды көміртекті және төменлегирленген болаттардан орындайды.

Параллельді белдеулерімен итарқалық фермалар (31–сурет) темірбетонды плиталардан немесе болат профильденген төсеніштен орындалған жазық төбе жабындысын орнатуға арналған. Фермалар қадамы 6, 12 м.

 
 

 

 


 

 

31–сурет. Болат итарқалық және итарқаасты фермалар сұлбалары:

а – жазық жабулар үшін параллельді белдеулерімен; б– жылытылмайтын жабулар үшін үшбұрышты; в – параллельді белдеулі итарқаасты; г – үшбұрышты итарқаасты

 

Фермалар элементтері электродәнекерлеумен немесе жоғары берікті болттармен түйіндерде біріктірілетін бұрыштардан, енді текшелі таврлардан дайындалады.

Фермалар ұстындарға топсалы сүйенеді. Шеткі қатарлардың ұстындарының қадамы 6 м, ал ортаңғылардікі 12 м және одан үлкен болғанда, итарқаасты фермаларын орнату қажеттілігі пайда болады.

Фермалар торы қиғаш және тік тіректерінің арасында күштердің тиімді орналасуынан анықталады. Фермалар бұрыштары арасындағы арақашықтық жоғарғы белдеуі бойынша 3 м, төменгісі бойынша – 6 м. Аралығы 24, 30, 36 м фермаларда монтаждық түйісуді орнатудың ыңғайлылығы үшін аралық ортасында қосымша вертикальды элемент пайда болады.

Болат қаңқадағы байланыстар. Итарқалық фермалар мен ұстындар арасына орнатылған конструкциялық элементтер (байланыстар) қаңқаның кеңістік қатаңдығын қамтамасыз етеді.

Вертикальды байланыстар:

– болат ұстындар арасына негізгі және жоғарғы етіп бөліп қояды. Негізгілер ұстындардың әр қатарында температуралық блоктың ортасына ұстындардың кранасты бөлігінің биіктігі бойынша орнатылады. Жоғарғы вертикальды байланыстар (ұстындардың кранүсті бөлігінде) температуралық блоктың шекарасы бойынша және жабудың фермаларының арасына вертикальды байланыстарды орналастыру жерлерінде орнатады;

–итарқалық фермалар арасына вертикальды қиылысқан байланыстарды немесе параллельді белдеулерімен кішкене фермаларды бекітеді. Оларды аралық шеті бойынша және ортасына фермалар тіректерінің арасына орналастырады.

Горизонтальды байланыстар:

– горизонтальды байланыстар фермалардың төменгі белдеуі бойынша аралықтарға көлденең және бойлық орналасады, көлденең горизонтальды байланыстар ғимарат бүйірі және температуралық жіктер жанында орнатылады. Егер температуралық блок 120–150 м және крандар жүккөтергіштігі үлкен болса, онда аралық байланыстыру фермалары 60 м сайын қойылады. Бойлық горизонтальды байланыстар итарқалық фермалардың төменгі белдеулерінің шеткі пенельдері бойынша орнатылады. Бір аралықтыларда – ұстындардың екі қатарларының бойымен, көп аралықтыларда – шеткілер бойымен және ортаңғылар бойымен қатар сайын қойылады. Егер биіктігі бойынша әртүрлі екі аралық түйіссе, бойлық байланыстар ұстындардың екі жағынан да орналасады;

– горизонтальды байланыстар фермалардың жоғарғы белдеуі бойынша ғимарат бүйірінде және температуралық жіктер жанында орнатылады. Егер блоктар ұзындығы 96 м үлкен болса, онда 42–60 м сайын аралық байланыстыру фермалары қойылады.

Болат қаңқа түйіндері:

Кранасты арқалықтарының ұстындар консоліне сүйенуі өзара болттармен қосылатын тіректік қырларының төменгі жонылған жақтауымен жүзеге асырылады. Арқалықтың жоғарғы бөлігін ұстынға пісірілген болат планкалармен бекітеді.

Итарқалық фермалардың ұстындармен түйісуі топсалы орындалады. Ұстын басына бекітілген тірек үсті бағанасына фермалардың жоғарғы және төменгі белдеулері болттармен бекітіледі .

Ұстын басына итарқаасты фермаларының түйісуі. Ферманың төменгі белдеуі дәнекерленген қоставрдан орындалған тірек үсті бағанасына түйіседі және оған болттармен бекітіледі.

Итарқалық фермалардың итарқаастылармен түйісуі төменгі белдеудің тіректік үстелінде орындалады.

Аралас қаңқалар. Сығылған және иілген элементтері әртүрлі материалдардан орындалған қаңқа аралас деп аталады. Бірқабатты өндірістік ғимараттар үшін қаңқалардың келесі түрлері тиімді: ұстындар – темірбетоннан, кранасты арқалықтары, жабудың көтеруші конструкциялары – болаттан; ұстындар – темірбетоннан, жабудың көтеруші конструкциялары – ағаштан; ұстындар – металдан, жабу конструкциялары – ағаштан.

Қаңқаның темірбетонды элементтерінің сығылуға, металл және ағаш элементтерінің иілуге тиімді жұмысы арқылы ғимараттың материалсыйымдылығын азайтады. Жабудың салмағын азайту ұстындардың қимасының және іргетастар табанының өлшемдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жабудың көтеруші элементтері металдан орындалған қаңқалар ең көп тараған болып табылады. Металл фермаларды темірбетонды ұстындарға тіректік плита арқылы орнатады. Жиналған конструкцияларды ұстындар басында қондырылған анкерлі болттармен бекітеді.

Жеңіл металл конструкциялардан орындалған ғимараттар.Көтерушіконструкцияларының беріктігі металдың жоғарғы маркаларын немесе тиімді профильдерді қолдану арқылы арттырылған, ал қоршау элементтері тиімді жылытқышты жіңішке бетті металдан орындалған ғимараттар жеңіл деп аталады.

Жеңіл металл конструкцияларданаралығы 18 және 24 м бірқабатты өндірістік ғимараттар тұрғызылады. Шеткі қатарлардағы ұстындар қадамы 6 және 12 м, ортаңғылардікі – 12 м.

Прокатты профильдерден немесе құбырлардан орындалған құрылымды жабулы ғимараттар кеңінен қолданылады. Мұндай ғимараттардың ұстындары прокатты немесе дәнекерленген қоставрлардан, 325–530 мм диаметрлі құбырлардан орындалады. Кранасты арқалықтары екітаврлы дәнекерленген. Жабуы – прокатты бұрыштардан немесе құбырлардан жиналған кеңістік құрылым. Құрылымдар элементтері түйіндерде жоғары берікті болттардың, дәнекерлеу арқылы біріктіріледі. Шеңберлі құбырлардан фермалар, олардың үстіне, болат профильденген беттен жеңіл жабуды орнатуға арналған.

Жеңіл металл конструкциялардан ғимараттар машина құрылысы, жеңіл, тамақ және ағаш өңдеу өнеркәсіптеріне арналған.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Ұстындардан, кранасты арқалықтарынан, фермалардан, арқаулар мен байланыстардан құрылған металл конструкцияларының кеңістік жүйесі қалай аталады?

2. Қандай жағдайларда болат қаңқалар қолданылады?

3.Бірқабатты өндірістік ғимараттар үшін аралас қаңқалардың қандай түрлері тиімді?

 

14–дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың қабырғалары. Өндірістік ғимараттардың жабулары және фонарьлары

Өндірістік ғимараттардың қабырғалары келесі талаптарға жауап беруі тиіс: беріктік және орнықтылық; өртке тұрақтылық, бөлмедегі тағайындалған температуралы – ылғалдылық режимін сақтау; ұзақ мерзімділік, яғни ішкі (өндірістік) және сыртқы ортаның әсерлеріне тұрақтылығы; тұрғызудың индустриалдығы; сәулеттік – суреттік , экономиялық, яғни аз салмағы мен құнының аз көрсеткіштерінің және қабырғаның 1м2 еңбек сиымдылығының болуы.

Қабырғалар статикалық жұмысының сипаты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

– көтеруші емес (аспалы) – өзінің салмағын, іргетастық арқалықтарға сүйенетін, төменгі терезе асты ярустан басқа, қаңқа ұстындарына береді. Ең тиімді көтеруші емес қабырғалар жеңіл ірі өлшемі панельдерден орындалады (асбестцементті және металл беттерден);

– өзін көтеруші қабырғалар – ғимараттың толық биіктігінің шегінде өз салмағын көтереді және оны іргетастық арқалықтарға береді. Өзін көтеруші панельді қабырғалар ылғалды және дымқыл процесті, химиялық агрессиялық орталы өндірістер үшін өте тиімді;

– көтеруші қабырғалар – кірпіш пен блоктардан жасалады. Олар жабын салмағын, желдік күштерді, кейде көліктік күштерді қабылдайды. Көтеруші қабырғалардың орнықтылығын сыртқы және ішкі жақтарынан пилястралар орнату арқылы арттыруға болады.

Орналасу орны бойынша өндірістік ғимараттар қабырғалары сыртқы және ішкі, бойлық және бүйірлік болып бөлінеді.

Қабырғалар конструкциялық шешімдері бойынша кірпіштік, блоктық, панельдік (бетонды, жылытқышты жіңішке металл беттерден), беттік материалдардан (асбестцементтен, әйнекпластиктен, металдан) болып бөлінеді.

Бірқабатты өндірістік ғимараттарда негізгі қаңқадан басқа, фахверк деп аталатын, қабырғалардың қосымша қаңқасы да қолданылады. Ол бүйірлік және бойлық қабырғалардың жазықтығында орнатылады. Фахверк тіректер мен ригельдерден тұрады және өндірістік ғимараттардың ұзын және биік қабырғаларының орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Фахверктің темірбетонды ұстындары биіктігі 3-9,6м бірқабатты өндірістік ғимараттарда қолданылады. Панельді қабырғалардың ішкі қыры ұстындардың сыртқы қырына қатынасы бойынша 30 мм саңылаумен орнатылады. Фахверктің темірбетонды ұстындары негізгілерден 300 мм-ге қысқа; көтеруші конструкциялардың жоғарғы бетіне дейін оларды №24 қоставрмен, сосын 125х40х4мм бұрышпен ұзартады.

Ұстындарды В15–В30 бетон класынан орындайды. Ұстындарды кеңістік дәнекерленетін қаңқалармен арматуралайды. Жұмыстық арматура А–III класты периодты профильді ыстықтай қақталған болаттан орындалады.

Болат фахверктің ұстындары. Бүйірлік фахверктің ұстындарының байлауы нөльдік, бойлық фахверктің ұстындарының байлауы қаңқаның негізгі ұстындарының байлауымен анықталады. Ұстындардың жоғарғы бөлігі қабырғалар мен жабу фермаларының саңылауында орналасады және текшелері ішке қараған екі швеллер түріндегі қимасы болады. Швеллер нөмері жабудың көтеруші конструкцияларының материалына байланысты: жабулары металл конструкциялы ғимараттарда №12 швеллер, жабулары темірбетонды конструкциялы ғимараттарда №30 швеллер қолданылады.

Кірпіштік қабырғалар. Кірпіштен орындалған қабырғалар (32-сурет) өлшемдері үлкен емес және есіктері мен технологиялық ойықтары көп ғимараттарда, сонымен қатар, ылғалдылығы жоғары және агрессиялық ортадағы өндіріспен байланысты ғимараттарда қолданылады.

Кірпіштік қабырғалар қалыңдығы жылу техникалық талаптарға байланысты және 250,380,510 мм тең.

 

 

 

32–сурет. Өндірістік ғимараттардың кірпіштік қабырғалары:

а – ішінен пилястрамен күшейтілген, көтеруші; б – ішінен контрфорспен күшейтілген, көтеруші; в– қабырға бұрышы; г–өзінкөтеруші қабырға көрінісі; д– аспалы қабырғаларды бекіткіш арқалықтарға сүйенуі; е – өзінкөтеруші қабырғаларды қаңқа ұстындарына бекіту; 1 – іргетастық арқалық; 2 – отмостка; 3 – гидроизоляция; 4 – кірпіштік қалау; 5 – темірбетонды маңдайша; 6 – карниз; 7 – қаңқа ұстыны; 8 – қосалқы бөлшек; 9 – бекіткіш арқалық; 10 – металл үстел; 11 – диаметрі 10–12мм болат анкер

Ірі панельді қабырғалар. Қаңқалы ғимараттарда ірі панельді қабырғалар өзін көтеруші және аспалы етіп орындалады.

Панельдер түрлері:

– тағайындалуы бойынша: цокольды, қатарлы, қабырға аралық, маңдайшалы, бұрыштық, парапетті, карнизді;

– материалы бойынша: жеңіл және ұяшықты бетондардан, ауыр бетоннан, асбестцементті және металл беттерден;

– конструкциясы бойынша: қаңқасыз (бірқабатты және үшқабатты), ішкі қаңқалы (көпқабатты).

Оларды 6 және 12м ұстындар қадамында, қаңқа конструкциясының материалына байланысты емес, жылытылатын және жылытылмайтын ғимараттарда орнатады. Панельдер биіктігі 1,2 және 1,8 м. Панельдерді орналастырғанда бірінші (цокольді) панельдің төменгі жағы ғимараттың еден белгісімен біріктіріледі, панельдің өзі іргетастық арқалыққа төселінеді.

Беттік материалдардан қабырғалар. Тиімді жылытқышты металл беттерден орындалған қабырғаларды, 60% дейінгі бөлмелердің ауа ылғалдылығында, бірқабатты өндірістік ғимараттарда орнатады. Мұндай қабырғалардың цоколі жеңіл бетонды панельдерден және кірпіштерден орындалады.

Зауытта дайындалатын жіңішке панельдерден орындалған қабырғалар. Панель қалыңдығы 0,8 мм рулонды мырышталған болаттың (болат маркасы МСт3кп), арасына 60кг/м3 тығыздықты қатты пенополиуретаннан жылытқышы орналастырылған, екі әрлеу қабаттарынан тұрады.

Ірілеп жиналған панельдерден қабырғалар. Панелдердің номиналды ені ұстындар қадамына тең (6 немесе 3м), ал биіктігі қабырғалардағы аралықтардың орналасуына және өлшемдеріне байланысты. Панельдердің шектік биіктігі 12м. Панельдің конструкциялық негізін болттармен қосылған, иілгіш болат профильдерден орындалған қаңқа құрайды.

Өндірістік ғимараттардың жабулары көтеруші және қоршаушы бөліктерден тұрады.

Жабудың қоршаушы бөлігінің құрамына кіретіндер:

– көтеруші тосеніш (темірбетонды плиталар, болат профильденген төсеніш);

– бу изоляциясы (битумды мастиктің немесе рубероидтың қабаты);

– жылу изоляциясы (жеңіл бетондар, минералмақталы плиталар);

– цементтік ерітіндіден немесе асфальттан тегістеуіш қабаты;

– рулонды немесе беттік материалдардан төбе жабындысы;

–битумды мастиктегі ірі дақылды құмнан немесе ұсақ дақылды қиыршық тастан қорғау қабаты.

Жабудың екі конструкциялық түрі болады:

–арқалықтар немесе фермалар бойынша төселінген, қоршау элементтерінен тұратын, жазықтық.

–көтеруші және қоршаушы функцияларын атқаратын және қисық сызықты пішінді жіңішке қабырғалы конструкция болып табылатын, кеңістік.

Бөлмелердің температуралы–ылғалдылық режиміне байланысты жабулар жылытылған және суық болады. Жылытылған жабуларды жылытылатын бөлмелерде, сондай–ақ жылу бөлу 23Вт/(м2·°С) шамасынан артпайтын, шамалы артық жылу бөлетін (термикалық цехтар, ыстықтай штамптау цехтары және т.б.) ғимараттарда орнатады. Жылуизоляциялық қабаты және буизоляциясы жоқ, жылытылмайтын бөлмелер үстіне, сонымен қатар айтарлықтай жылу бөлетін ыстық цехтарда суық жабулар орнатылады.

Жаппай құрылыстағы ғимараттар жабуларын темірбетонды қабырғалы плиталардан орындайды.6х1,5; 6x3; 12х1,5; 12х3 м өлшемді плиталарды қолданады. Ені 1,5 м плиталар үлкен жүктемелі бөлімдерге арналған (биіктіктердің өзгеретін жерлерінде, фонарьлар жанында), сонымен қатар оларды шеткі элементтер ретінде қолданады. Плита ұзындығы 6 м болғанда биіктігі 300 мм екі бойлық қыры болады және ұзындығы 12 м болғанда 450 мм. Плиталарды В30, В40 класты бетоннан орындайды, плитаның қырларында және төсенішінде орналасқан, қаңқалар мен торлар түріндегі, стерженьді, сымды немесе иірілген кернеуленген арматурамен арматуралайды.

Жабудың кешенді плиталарынзауыттық жағдайда дайындайды. Темірбетонды қабырғалы плита бойынша буизоляциясын, жылытқыш және гидроизоляцияның бір–екі қабатын орнатады.

Ұзын өлшемді төсеніштерден жабулардыбойлық қатарлар (аралық бойымен) ұстындар бойынша төселінген арқалықтарға сүйейді.

Іріөлшемді, темірбетонды, күмбезді (ІТК) плиталарқабықшалараралығы 12, 18 және 24 м өндірістік ғимараттар жабулары үшін қолданылады. Негізгі плиталар ені 3 м, шеткілерінікі – 1,5 немесе 2 м.ІТК сегментті кескінді екі қабырғалы – диафрагмалы жайпақ алын ала кернеуленген қысқа цилиндрлі қабықша болып табылады.

Плиталар – қабықшаларды В25–В45 класты бетоннан орындайды. Плиталар – қабықшаларды, ұстындар қадамы 6 м болғанда, бойлық көтеруші конструкциялар – қабырғаларға немесе тікбұрышты қималы темірбетонды арқалықтарға; ұстындар қадамы 12 м болғанда алын ала кернеуленген қоставрлы арқалықтарға немесе фермаларға сүйейді.

Қалыңдығы10 мм екі майысқан асбестцементті беттерден орындалған және бойлық шеттері бойынша алюминий тойтарма шегелермен қосылған қорап түріндегі плиталар қаңқасыз конструкцияларға жатады.

Болат профильденген беттерден, толқынды асбестцементті беттерден жабулар.Болат мырышталған төсеніш(33–сурет) қалыңдығы 0,8–1 мм, биіктігі 40, 60, 80 мм, ені 680–845 мм рулонды болаттан дайындалады. Төсеніш ұзындығы 2 – 12 м болуы мүмкін.

 

33–сурет. Құрылыс жағдайында орындалатын, профильденген беттен жабу:

а – жабу көрінісі; б – аралас тойтарма шеге; в– өзі тесетін болт; 1 – болат арқау; 2 – қалыңдығы 1 мм мырышталған болат бет; 3 – буизоляциясы; 4 – ыстық битумда желімделген плиталы жылытқыш; 5 – үшқабатты төбе жабынды кілем; 6 –қиыршық тастан қорғау қабаты; 7 – өзі тесетін болт; 8 – алюминий қорытпасынан тойтарма шеге; 9 – болат стержень; 10 – М6 болты

 

Асбестцементті беттер жылытылмайтын ғимараттардың жабуларында қолданылады. Оларды беттестіріп төсейді және 1,5 м қадаммен орналасқан болат арқауларға ілмектермен бекітеді.

Рулонды және мастикалық төбе жабындылары.Төбе жабындысыныңматериалын және конструкциясын негізінен жабу еңісі мен әсерлер түріне байланысты тағайындайды. Төбе жабындысыматериалының түрі бойынша рулонды, мастикалық, асбестцементті, металды болып бөлінеді.

Рулонды төбе жабындыларында гидроизоляциялық қабаттағы материалдың қабаттар саныжабудың жағдайларына байланысты тағайындалады және нақты: 12% кем емес еңісте – 2 қабат; 2,5% кем емес еңісте – 3 қабат; 1,5% кем емес еңісте – 4 қабат болады.

Мастикалық төбе жабындыларыныңсуизоляциялық қасиеттері жоғары және оларатмосфералық және механикалық әсерлерге қарсы тұрақты болып табылады. Оларды ыстық битумды немесе резинабитумды мастиктерден не сулы битумды эмульсияларда орындайды.

Мастикалықтөбе жабындылары әйнекматамен, әйнеккенеппен, шабылған әйнек талшықпен арматуралануы немесе мүлдем арматураланбауы мүмкін.

Фонарьлар. Фонарьлар дегеніміз жабулардағы ойықтар үсті құрылысы. Оларды өндірістік бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін ені 18 м және одан үлкен ғимараттарда орнатады.

Тағайындалуы бойынша фонарьлар келесі түрлерге бөлінеді: жарықтық – әйнектелген ашылмайтын түптерімен жасанды жарықтандыруға; аэрациялық (түптеусіз) –артық жылу бөлетін, шаң, түтін, газ шығаратын цехтарды желдетуге; жарықаэрациялық —ашылатын әйнектелген түптерімен жарықтандыруға және желдетуге арналған.

Көлденең қимасының пішіні бойынша фонарьлар: қиғаш түптерімен тікбұрышты, трапециялы; тік күн жарығымен бөлмелерді жарықтандыруды болдыртпайтын әйнектелген шедті; ішінен жылытылатын түптерімен тұйық үшбұрышты; жарық өткізгіш панельдер, қалпақтар, күмбездер түріндегі әйнектелген зенитті болып бөлінеді.

12 және 18 м аралықтарда фонарьлар ені – 6м, 24 – 36 м аралықтарда – 12м. Ені 6м фонарьлардың әйнектелу биіктігі 1х1,75м және 2х1,25м, ал ені 12м фонарьлардың – 1х1,75; 2х1,25; 2х1,5м. Әйнектелген түптерді төбе жабындысының деңгейінен 300мм жоғары етіп орнатады. Өртке қарсы шарттары бойынша фонарьлар ұзындығы 84 м шектелген. Үлкен ұзындықта оларды 6м кем емес үзіндімен орнатады, осындай арақашықтықта олар ғимараттың бүйірлік қабырғаларына дейін жетпейді. Барлық аралықтарда фонарьлар биіктігі бірдей етіп қабылданады.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1.Жабулар бөлмелердің температуралыылғалдылық режиміне байланысты қандай болады?

2.Зенитті фонарьларды қайда орнатады?

3. Бірқабатты өндірістік ғимараттардағы, негізгі қаңқадан басқа, қолданылатын қабырғалардың қосымша қаңқасы қалай аталады?

Дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың терезелері, есіктері және қақпалары. Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары, едендері және басқа конструкциялары

Өндірістік ғимараттардың қабырғаларындағы жарық өткізгіш қоршаулар терезе, лента және витраждар түрінде болады.

Олардың түрлері:

толтырылу материалы бойынша: кәдімгі әйнектен; профильді әйнектен; әйнекпластиктен; әйнекблоктардан және әйнекпакеттерден;

әйнектеу қатарының саны бойынша: бір немесе екі;

толтырылу конструкциясы бойынша: түптеулі және түптеусіз;

түптеу материалы бойынша: металл, ағаш, пластмассалы;

ашылу түрі бойынша: вертикальды немесе горизонтальды.

Жарық ойықтарының ауданын өндірістік бөлмелер ауданына қатынасы бойынша 12 - 20% дейін қабылдайды.

Ашылатын түптерді жазғы кезеңде еденнен ашық аралықтың төменгі жағына дейінгі арақашықтық 1,5 м-ден, қыста 3,6–4,8 м-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.

Терезе ойықтарының өлшемдерін ені бойынша 600 және 300 мм-ге; биіктігі бойынша 600 мм-ге қысқаратындай етіп қабылдайды.

Болат терезе панельдер.Болат терезе панельдер өлшемдері6х1,2; 6х1,8 м; 20 м дейінгі ойық биіктігінде оларды бір-біріне орнатады және болттармен бекітеді.

Болат панельдер тұйық немесе ашылатын тоспалы рамадан тұрады. Панельдерді әйнектеу бір немесе екі қатарлы болады. Оларды қаңқа ұстындарына төрт нүктесінде болттармен бекітеді.

Тығыздалған түпті терезе панельдерін көпқабатты өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда орнатады.Мұндай панельдерді болат планкалармен біріктірілген екі рамалардан жинайды. Панельдер ұзындығы 6 м, биіктігі 1,2-3 м. Ұстындар алдында орналасқан, панельдер топсаларын, әйнекпластикпен немесе алюминийдің гофрланған беттерімен әрлейді.

Ағаш терезе блоктары. Қалыпты температуралы-ылғалдылық режимді ғимараттарда ағаш терезе блоктарын немесе панельдерін орнатады. Терезе блоктары қораптан және сыртқа немесе ішке ашылатын бір немесе біріккен түптерден тұрады. Оларды ені 1,5; 3; 4,5 м ойықтарда бір немесе бірнеше ярусты етіп орнатады.

Профильді әйнектен жарық өткізгіш қоршаулар. Профильді әйнекпен түптеусіз жарық ойықтары толтырылады.

Жылытылмайтын ғимараттарда швеллерлі профильді, жылытылатын және герметикалық ғимараттарда қорап түріндегі әйнек қолданылады. Әйнектің швеллерлі қимасында қоршау биіктігі 1,8–3 м, қораптыда 2,4 – 6 м. Биіктігі 15,6 м дейінгі тұтас әйнектеудегі ойықтарда металл тежеуіштердің көмегімен панельдер– маңдайшаларға ілінген болат ригельдер орнатылады.

Қорапты немесе швеллерлі профильді әйнекпен толтырылған металл рамадан тұратын, профильді әйнектен панельдер тиімді болып табылады.

Қақпалар.Қақпалар ғимаратқа көліктік жабдықтардың, технологиялық құралдардың кіруіне және жұмысшыларды эвакуациялауға арналған. Қақпалар саны, олардың өлшемдері мен орналасуы технологиялық құралдардың ерекшеліктеріне байланысты. Қақпалардан адамдарды өткізу үшін калиткалар орнатылады. Ғимарат сыртында қақпалар алдында 1:10 еңісті пандустар қарастырылады. Жылытылатын ғимараттарда үлкен жылу шығынын болдыртпау үшін қақпаларды ашылғанда автоматты қосылатын жылу қондырғысымен жабдықтайды.

Өлшемдері 3,6 х 3; 3,6 х 3,6; 3,6 х 4,2 м айқара ашылатын қақпалар автомобиль көлігін өткізуге; 4,8 х 5,4 м – теміржол көлігін кіргізуге арналған.

Қақпалық рама (тіректер және ригель) 200 х 140 х 4 мм қималы болат тікбұрышты құбырлардан, тіректер – бір құбырлардан, ригельдер – қос құбырлардан орындалады. Биіктігі 480 мм ригельді фибролитпен толтырады, ал сыртқы жағынан болат қорғау бетімен қаптайды.

Қақпалық рама темірбетоннан орындалуы мүмкін.

Қақпалық жапқышы (34–сурет) қаңқадан, жылытқыштан және екі жақты қаптаудан тұрады. Қаңқа – болат құбырлардан орындалған тор, тор ұяшықтары оргәйнектен филенкамен, жылытқышты болатпен толтырылады. Қаптау – бір–екі қабатты қалыңдығы 25 мм шпунтталған тақтайлардан орындалған. Бұрыштарда және ортасында түйіскен жерлерде қақпаның қатаңдығын арттыру үшін металл жапсырмалар, ал ілініп тұруға қарсы дөңгелек болаттан диагональды тежеуіш орнатады. Қақпа жапқышын қос сыңар ілмек– топса арқылы рамаға іледі.

34–сурет. Өндірістік ғимараттардың қақпа полотнасы:

а – ағаш; б– болат қаңқалы ағаш; в– металл; г– шторлы; 1 – калитка; 2 – сыртқы байлау арқаулары; 3– средники; 4 – диагональды байланыстар; 5 – ілмектер; 6 – ағаш толтыру; 7– швеллер; 8 –резина жолағы; 9 – пеньковые арқандар; 10 – раманың болат қаңқасы;11– жылжымалы полотно;12 – пенопласт; 13 –металл қаптау;14 – губкалы резиналы болат обойма;15 – болат стержень; 16 – қозғалыс роликтері; 17 – болат профильденген беттер; 18 – құлыты қосылыстар

 

Өлшемдері 3,6х3; 3,6х3,6; 4,2х4,2 м жылжымалы қақпалар – автомобиль көлігіне; 4,8х5,4 м – теміржол көлігіне арналған.

Конструкциясы бойынша жапқыш жылжымалы қақпалардікіне ұқсас. Қақпалардың жоғарғы жағына жапқыштар ашылғанда болат роликтер сырғанайтын рельс бекітіледі.

Теміржолдық көтеруші-секциялық қақпалар жоғарғы жағында көтеру механизмі орнатылған, автоматты басқарумен 4,8х 5,4 м өлшемді етіп орындалады. Қақпалар рамасы № 27 швеллерден орындалады. Полотно биіктігі 2030, 1667, 1721 мм үш секциядан тұрады. 5,4 м белгісінен жоғары 7,5 м деңгейінде жапқыштың бөлек элементтерін әр секцияға орнату үшін қалыңдығы бойынша үш секциялы қондырғы қарастырылған. Бұл қондырғы қабырға панелі мен швеллерден орындалған жоғарғы қабырғалық байлау арасында орналасқан.

Жылжымалы жиналмалы қақпалар – өз ара топсалы байланысқан ашылғанда жиналатын жіңішке жақтаулардан құратырылады, осыған байланысты аз орын алады.

Есіктер. Өндірістік ғимараттардың есіктерінің конструкциясы азаматтық ғимараттардың есіктерінікіндей. Олар соңғысынан қарапайым әрленуімен, байлаудың үлкен қимасымен және қаптаудың жоғарғы беріктігімен ерекшеленеді. Есік ойықтарының ені бойынша өлшемдері 1–2,4 м, биіктігі бойынша 1,8–2,4 м. Эвакуациялау жолындағы есіктерді айқара ашылатын және қозғалыс бағыты бойынша ашылатын етіп орнатады.

Өндірістік ғимараттарда конструкциясы бойынша келесі есіктер жапқышы қолданылады: фанерамен немесе ағаш-талшықты плитамен безендірілген, столярлы плита болып табылатын қалқанды; ені 700, 900 мм, биіктігі 2000, 2300 мм бір жаққа ашылатын; ені 1490, 1890, 2290 мм және биіктігі 2000, 2300 мм екі жаққа ашылатын. Сыртқы есіктердің қорабы міндетті түрде табалдырығымен бірге орындалады.

Аралық қабырғалар. Өндірістік ғимараттарда аралық қабырғалар келесі түрлерге бөлінеді:

тағайындалуы бойынша: цехтың жалпы ауданынан қойма бөлмелерін,құралдар қоймасын бөліп тұратын және т.б.; шудың, газдың және басқа зияндылардың таралуын шектейтін және қарсыласатын бөлгіш аралық қабырғалар;

аралықта орналасуы бойынша: бойлық және көлденең;

функциональды ерекшеліктері бойынша: стационарды (тұрақты орнымен); өндірістік процестің өзгерістерінде орын ауыстырып жинау-бөлшектеу;

қоршау биіктігі бойынша: бөлменің барлық биіктігіненемесе тек жартысына ғана (2,5–3 м шегінде);

қоршау қасиеттері бойынша: тұйық, ойықтармен, жарық өткізгіш материалдан немесе металл тордан орындалған;

материал түрі бойынша: темірбетонды, тас (кірпіштен, жеңілбетонды блоктардан), профильді әйнектен, металл, асбестцементті беттерден, ағаш-ұнтақты плиталардан, суға тұрақты фанерадан;

құрылымы бойынша: біртекті (тұтас), дыбысизоляциялық қабатымен біртекті емес;

тұрғызу тәсілі бойынша: индустриальды (ірі өлшемді элементтерден), индустриальды емес (ұсақ өлшемді элементтерден).

Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары берік, орнықты, ұзақ мерзімді, өндірістік процестің талаптарын қанағаттандыруы қажет және индустриальды, экономикалық тиімді болуы тиіс.

Кірпіштік аралық қабырғаларды 120 және 250 мм қалыңдықты етіп орындайды. Оларды іргетастық арқалықтарға, ал 4 м дейінгі биіктікте – еденнің бетондық дайындау қабатына сүйейді. Бірқабатты өндірістік ғимараттардың қалыңдығы жарты кірпіш аралық қабырғаларының орнықтылығын 6 м сайын орнатылған болат фахверк ұстындары; биіктігі бойынша 2–3 м сайын қалауға орнатылатын швеллерлерден импостар; қаңқа ұстындарына түйіскен жерлердегі болат байлау қамтамасыз етеді.

Көпқабатты ғимараттардакірпіштік аралық қабырғаларды қабат аралық жабындарға сүйейді және қаңқа ұстындарына болат жапсырмалармен бекітеді.

Панельдік аралық қабырғалар қаңқа ұстындарына түйіседі. Аралық қабырғалар панельдерінің қалыңдығы 80 мм және ауыр, жеңіл және ұяшықты бетоннан, сонымен қатар гипсобетоннан және фибролиттен орындалады. Аралық қабырғалардың төменгі бөлігі панельдерден, ал жоғарғы бөлігі асбестцементті беттерден орындалады. Орнатылған панельдерді екі бұрыштан орындалған шынжырмен бекітеді, ал жіктерді цементті ерітіндімен тұтастандырады.

Металл профильденген беттерден аралық қабырғалар тіректерден, ригельдерден және дыбысизоляциялық қабатты екі жақты қаптаудан тұрады. Аралық қабырғалар қаңқасы өзі тесетін болттармен қаптаулары бекітілетін тікбұрышты қималы құбырлардан орындалады.

Әйнектелген аралық қабырғалартікбұрышты құбырлардан орындалған қаңқадан тұрады және әйнекпен және әшекейлі пластикпен толтырылған. Мұндай конструкция ғимаратты пайдалану процесінде аралық қабырғалардың орнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Торлы аралық қабырғалар тіректерден және оларға ілінген қалқандардан тұрады. Тікбұрышты құбырлардан тіректерді еденге орнатады және анкерлі болттарға бекітеді. Мұндай аралық қабырғалар ғимарат ішіндегі бөлмелерді бөлуге арналған.

Өндірістік ғимараттардың едендері.Бірқабатты өндірістік ғимараттардың едендері топыраққа, көпқабатты ғимараттардың едендері аражабындарға төселінеді.

Өндірістік ғимараттар едендерінің технологиялық жабдықтар ерекшеліктеріне байланысты келесі қасиеттері болады: химиялық тұрақтылығы, соққыларда ұшқынсыз болуы, жоғарғы механикалық беріктігі мен шаң болмауы және т.б.

Еденнің көпқабатты конструкциясы:

– барлық әсерлерді қабылдайтын жоғарғы қабаты; бұл қабаттың қалыңдығы еденге түсетін күштер әсерлерінің сипатын және шамаларын, негіз топырағының материалы мен қасиеттерін ескерумен анықталады;

–негізге күштерді орналастыру үшін негіздің жоғарғы бетіне қалыңдығы 60 – 250мм төсеніш қабаты орнатылады. Қабат түрі жоғарғы қабаттың түріне байланысты (бетонды төсеніш қабаты үшін100 мм кем емес, цементті–құмды – 60 мм кем емес, ірі тасты – 120 мм кем емес, қиыршық тасты – 80 мм кем емес қалыңдық қабылданады);

–жоғарғы қабатты төсеніш қабатымен байланыстыратын аралық қабаты (цементті–құмды ерітіндіден аралық қабаты– 10–15 мм, сұйық әйнектен – 10–25 мм, құмнан – 10–15мм, мастиктен – 1–3мм);

– еден элементтерінің бетін тегістеуге және еденге қосымша еңіс беруге арналған тегістеуіш қабаты (цементті–құмды ерітіндіден тегістеуіш қабаты 20 – 50мм, ксилолиттен – 15мм, бетоннан – 20–40мм);

–әртүрлі сұйықтардың еденге енуіне қарсы гидроизоляциялық қабаты;

–еден конструкциясына жылу мен дыбысты беруді азайтатын, жылу және дыбысизоляциялық қабаты.

Өндірістік ғимараттардың сатылары тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

–азаматтық ғимараттар сатылары сияқты, көпқабатты ғимараттардың қабаттары арасындағы байланыстарға арналған негізгілер. Адымдар ені 1350, 1500, 1750 мм, Адымдардың көтеру биіктігі 1,2 – 2,1 м, баспалдақтар өлшемдері 300 х 150 мм;

– жұмыстық алаңдармен байланысу үшін қызметтік:

а) қарқынды қозғалас үшін – диаметрі 18 мм металл стерженьдерден орындалған, баспалдақтарға тек қана қадамы 200 және 300 мм горизонтальды қырлары бекітілетін, жолақты немесе бұрышты болаттан (65х5 мм) орындалған екі қиғаш тіректен тұратын адымдар. Адымдар еңісі 45 және 60°, ені 0,6 – 1 м, биіктігі өткізу алаңдарымен 6 м дейінгі сатылар.
Адымдары ұстағыштары бар қоршаулармен жабдықталған;

б) жеке қолдануға – алаңға кран жүргізушіні көтеру үшін – 300 мм вертикальды қырының қадамымен ені 600 мм вертикальды саты. 4,2 м көтерілу биіктігінде саты қоршауымен орындалады. 12 м жоғары ұстындар биіктігінде саты адымдарымен және алаңдарымен 60° үлкен емес бұрышпен қиғаш орнатылады. Адымдардың қиғаш тіректері иілгіш швеллерлерден және 75х6 бұрыштардан, горизонтальды қырлары мен алаңдары рифленген болаттан және 18 мм диаметрлі болат стерженьдерден орындалған;

өрттік сатыларды биіктігі10 – 30 м ғимараттарда вертикальды, биіктігі 30 м жоғары болғанда еңісі 80° үлкен емес және 8 м сайын аралық алаңды қиғаш етіп орнатады.

Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік ғимараттардың аралық қабырғалары қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

2. Еденнің көпқабатты конструкциясы қандай қабаттардан тұрады?

3.Өндірістік ғимараттар есіктерінің қандай конструкциялары болады?

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 469; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты