Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Темірбетонды қаңқаның кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ету.




Байланыстар жүйесі қаңқаның қажетті кеңістік қатаңдығын қамтамасыз етеді.

Олардың құрамына кіреді:

– вертикальды байланыстар;

–фермалардың жоғарғы (сығылған) белдеуі бойынша горизонтальды байланыстар;

–фонарьлар бойынша байланыстар.

Вертикальды байланыстарды орнатады:

– ұстындардың әр қатарында температуралық блоктар ортасына ұстындар арасына: 6м ұстындар қадамында – қиылысқан, 12м – порталды. Крансыз және ілмелі кранды ғимараттарда байланыстар ұстындардың 9,6 м биіктігінде ғана қойылады. Байланыстарды бұрыштардан немесе швеллерлерден орындайды және ұстындарға косынкалар көмегімен бекітеді;

– фермалар мен арқалықтар тіректері арасына байланыстарды жазық жабулы ғимараттардың температуралық блоктардың шеткі ұяшықтарына қояды. Итарқасыз конструкцияларда – ұстындардың әр қатарында, итарқалы конструкцияларда – тек қана ұстындардың шеткі қатарында.

Горизонтальды байланыстар болып табылады:

– аражабын плиталары;

–фонарлы ойықтар бүйірлерінде итарқалық арқалықтар және фермалар орнықтылығы жоғарғы белдеу деңгейінде орнатылған горизонтальды қиылысқан байланыстармен, келесі аралықтарда (фонарьлар асты) – болат тіректермен қамтамасыз етіледі;

– ғимараттың үлкен аралықтары мен биіктігінде фермалардың төменгі белдеуінің деңгейінде ғимарат бүйірінде орналасқан фермалардың шеткі жұптарының арасына горизонтальды байланыстар орнатады;

– ұстындардың шеткі және ортаңғы қадамы 12 м болатын ғимараттарда бүйірлерінде горизонтальды фермалар қарастырылады (температуралық блокқа әр аралықта екіден). Бұл фермалар итарқалық фермалардың төменгі белдеуінің деңгейінде тұрады.

Құрама темірбетонды қаңқаның түйіндері.Құрама қаңқаныңәртүрлі элементтерінің түйісу орындары түйіндер деп аталады. Темірбетонды қаңқаның түйіндері беріктік, қатаңдық, ұзақ мерзімділік; монтаждық және пайдалану күштерінің әсерінде түйісетін элементтердің өзгермеу; монтаждауда және орнатуда қарапайымдылық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Ұстынның іргетаспен түйісуі. Тікбұрышты қималы ұстындардың орналасу тереңдігі 0,85 м, екітармақтылардікі – 1,2 м. Түйісуді В15 төмен емес класты бетонмен тұтастандырады.

Кранасты арқалығының ұстынға сүйенуі. Арқалық тіректеріне(оны орнатқанға дейін) анкерлі болттар ойығымен болат бет дәнекерленеді. Ұстын тірегінде арқалықты анкерлі болттарға бекітеді және қосалқы бөлшектерін дәнекерлейді.

Итарқалық фермалар мен арқалықтардың ұстынмен түйісуі. Итарқалық конструкциялар тіректеріне болат беттерді дәнекерлейді.

Ұстындардың жоғарғы жағына итарқалық конструкциялардың сүйенуі. Түйісетін элементтердің қосалқы бөлшектерітөбелік жіктермен дәнекерленеді.

Жабу конструкцияларына ілмелі крандарды бекіту. Крандардың көтеруші арқалықтарынболттармен итарқалық конструкциялардағы болат жапсырмаларға бекітеді.

Итарқалық және итарқаастыэлементтерінің түйісуі ұстындардың жоғарғы жағында фермалар мен арқалықтарды бекітуге ұқсас.

Көпқабатты құрама темірбетонды қаңқа.Көпқабатты өндірістік ғимараттарды көбіне қаңқалы етіп тұрғызады.

Ғимараттың конструкциялық сұлбасы аражабын түріне байланысты арқалықты және арқалықсыз болуы мүмкін.

Арқалықты темірбетонды қаңқаларда (29–сурет) көтеруші элементтер іргетастық арқалықтарымен іргетастар, ұстындар, ригельдер, аражабындар және жабулар панельдері, сонымен қатар металл байланыстар болып табылады.

Ұстындар арасындағы байланыстар ұстындардың бойлық қатарлары бойымен температуралық блоктың ортасына қабат бойынша орнатылады.

Бойлық бөлу өстеріне шеткі қатарлардағы ұстындардың және сыртқы қабырғалардың байлауы нольдік, немесе ғимараттың бөлу өсі ұстын центрі бойынша өтеді. Бүйірлік қабырғалар ұстындарының байлауы 500 мм, ал ұстындар торы 6х6 м болатын ғимараттарда — өстік етіп қабылданады. Ортаңғы қатарлардағы ұстындар бойлық және көлденең өстердің қиылысында орналасады.

 
 

 

 


 

29–сурет. Арқалықты аражабындарымен көпқабатты ғимарат:

а – ригельдер текшелеріне сүйенген плиталы ғимараттың көлденең қимасы; б – жоспар; в – қаңқа бөліктері; 1 – өзін көтеруші қабырға; 2 – текшелерімен ригель; 3 – қабырғалы плиталар; 4 – ұстын консолі; 5 – деформациялық жіктерді толтыру үшін темірбетонды элемент

 

Қаңқа түйіндері– бұл конструкциялық стерженьдердің кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ететін бір немесе әр түрлі құрама элементтердің тіректік қосылыстары.

Негізгі түйіндерге жатады:

ригельдердің ұстындармен түйісуі ригельдердің қосалқы бөлшектерінің және ұстындар консольдерініңдәнекерленуімен, сонымен қатар ригельдердің жоғарғы арматурасының шығуларының ұстын денесі арқылы өткізілген стерженьдерімен дәнекерленуімен жүзеге асырылады.

монтаждаудың ыңғайлылығы үшін көпқабатты ғимараттар ұстындарының түйісуі еден деңгейінен 0,6 м биіктікте қарастырылады. Ұстындар бүйірлері болат қаптамалармен қамтамасыз етілген. Түйісу металл қаптамаларға түйісу стерженьдерін дәнекерлеп, ары қарай тұтастандырумен жүзеге асырылады;

аражабындар плиталарының түйісуі. Төселінген плиталарды ригельдермен, ұстындармен және өзара қосалқы бөлшектерін дәнекерлеу арқылы біріктіреді. Түйісу ауданын бетонмен тұтастандырады.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Қандай кеңістік жүйені бірқабатты өндірістік ғимараттың қаңқасы деп атайды?

2.Темірбетонды және аралас қаңқалы бірқабатты өндірістік ғимараттардың бойлық бөлу өстеріне шеткі қатарлардағы ұстындардың қатынасы бойынша байлауы қандай болады?

3.Конструкциялық стерженьдердің кеңістік қатаңдығын қамтамасыз ететін бір немесе әр түрлі құрама элементтердің тіректік қосылыстары қалай аталады?

 

 

13–дәріс тақырыбы. Бірқабатты өндірістік ғимараттардың болат конструкциялары. Болат қаңқадағы байланыстар. Болат қаңқа түйіндері

Ұстындардан, кранасты арқалықтарынан, фермалардан, арқаулар мен байланыстардан құрылған металл конструкцияларының кеңістік жүйесі болат қаңқа деп аталады.Қаңқаныңкеңістік жүйесі көлденең рамалар арасына кранасты арқалықтарын, арқаулар, байланыстар төсеумен қамтамасыз етіледі.

Қаңқа элементтерін азкөміртекті және жоғары берікті болаттардан орындайды. Болат қаңқа элементтерінің түйісуі болттар, дәнекерлеу және тойтармалар (айтарлықтай үлкен динамикалық күштерде) арқылы жүзеге асырылады.

Аралығы 18, 24, 30, 36 м және ұстындар қадамы 6 және 12 м бірқабатты өндірістік ғимараттардың қаңқалары типтік металл конструкциялардан тұрғызылады.

Болат қаңқаларды бірқабатты ғимараттың 14,4 м жоғары биіктігінде; крандар жүккөтергіштігі 50 т және одан үлкен болғанда; 30 м және одан үлкен ғимарат аралықтарында, ал жылытылмайтын ғимараттарда – 18 м және одан үлкен болғанда; крандардың екіярусты орналасуында; жоғарғы динамикалық күштерде; алыс аудандар құрылысында қолданады.

Болат қаңқаларды орнату металлургиялық өнеркәсіптердің көптеген цехтары (мартен, прокатты жіне т.б.) үшін және ауыр машинақұрылысының цехтарында өте жақсы ақталған.

Болат қаңқаның коррозияға тұрақтылығын арттыру оларға сәйкес қорғау майлы бояуларды, битумды лактарды жағумен жүзеге асырылады. Осы мақсатпен агрессиялық ортада жұмыс істеу үшін, коррозияның даму көзі болып табылатын, ылғал мен шаңның жиналатын жерлері жоқ, элементтердің шеңберлі, иілген, тұтас қабырғалы конструкциялық пішіндерін қолдану қажет.

Шектен тыс қызудан болат конструкцияларын қорғау отқа тұрақты материалдармен әрлеу (керамикамен, бетонмен) және жылуизоляциясының тұрақты көзінде шағылыстыратын экрандар орнату (ыстық цехтардың кейбір бөлімдерінде) арқылы орындалады.

Болат фермалар бойынша темірбетонды төсеніштерді қолдану металл шығынының ұлғаюына соқтырады, сондықтан жеңіл қоршау конструкцияларын қолдану тиімді (профильденген болат бет, асбестцементті бұйымдар, тиімді жылытқыш).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 327; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты