Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Статикалық және толық қысым қабылдағыштары




Дыбыс жылдамдығына дейінгі аэродинамкалық құбырдың жұмыс бөлігіндегі ауа ағынын бірқалыпты сығылмайтын деп санауға болады. Бұл жағдайда толық p0, статикалық p және динамикалық q=ρ 2V2/2 (жылдамдық қысым) қысымдардың арасындағы қатынас келесі түрде болады

p0=p+ q (3.6)

Канал қабырғасындағы немесе ағып өтетін қатты дене бетіндегі статикалық қысымды анықтау үшін статикалық қысым қабылдағыштары қолданылады. Олар дене бетіндегі тесіктер күйінде болады (3.4 сурет). Зерттелетін нүктедегі тесік осі дене бетіне нормальді болуы қажет. Тесіктің диаметрі минималды болуы қажет, үлкен размердегі тесіктер ағыста қосымша құйындар туғызы мүмкін, бұл өлшеніп жатқан қысымның қателігін туғызады. Диаметрі 0,2 мм кіші тесіктер қолданылмайды, себебі тесіктің кедергісінің әсерінен қысымның куші кешігуі мүмкін. Тесіктің ұсынылатын диаметрі – 0,25…0,5 мм.

3.4 сурет. Статикалық қысымды өлшеу: а – жазық қабырғада; б – қисықсызықты бетте

3.5 сурет. Толық қысымның қабылдағышы

Аэродинамикалық құбырдың қимасындағы статикалық қысымды анықтау кезінде құбыр қабырғасында тесіктердің тобы қолданылады, олар құбыр осіне препедикуляр бир жазықтықта жатады. Зерртелінетін құбырды сырт жағынан герметикалық коллектормен қоршайды, ол жерде қиманың әр түрлі нүктелерінде алынған қысымдардың орталануы жүреді. Коллектордан алынғын қысысм микроманометрге беріледі.

Толық қысымды есептеу үшін тесігі бар цилиндрлік құбыр күйіндегі қондырма қолданылады, ол ағысқа қарама-қарсы бағытталады (3.5 сурет).

Құбыр осі ағыс бағытына сәйкес келген кезде қондырғының ұш бөлігінің формасы және қабылдау тесігінің диаметрі мен сыртқы диамтрінің қатынасы жылдамдықтың кең ауқымында толық қысымды анықтау кезінде кедергі болмайды. Сол үшін әдетте ұшы дөңес құбыр түріндегі қондырғы қолданылады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 257; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты