Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША 2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТУРАҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 1 страница




Іш сүзегі (25 тест)

 

1.23 жастағы ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді. Іш сүзегінде бөртпе қай жерде орналасады:

+a) кеуде және іш терісінде

b) арқа терісінде

c) кеуде және қолда

d) іште және аяқта

e)дененің барлық бөлігінде

 

2.Іш сүзегінің спорадикалық түрде кездесуіндегі негізгі инфекция көзі:

+a) бактерия тасымалдаушылар

b) аурудың жеңіл және атипиялық түрімен ауыратын науқастар

c)аурудың жасырын кезеңіндегі науқастар

d)ауру шыңындағы науқастар

e)іш сүзек реконвалесценттері

 

3.Іш сүзегіндегі бөртпе сипаты:

a) геморрагиялық

b)дақты-папулёзді

+c)розеолёзді

d)везикулёзді

e) «есекжем» типі бойынша

 

4. Іш сүзегінде асқазан-ішек жолдарының зақымдалу симптомдарына тән:

a) асцит

b) сигма тәрізді ішектің спазмы

c) эпигастрий аймағының ауру сезімі

+d) Падалка симптомы

e) Ортнер симптомы

 

5. Іш сүзегіне тән симптомдар:

a) қызбаның болмауы

b) денеде петехиальді бөртпелердің болуы

+c) брадикардия, гипотония, пульс дикротиясы

d) Курвуазье симптомы

e) көптеген бөртпелер

 

6. Іш сүзегімен ауырған науқас «қара» түсті нәжіске шағымданады, қандай асқыну дамыған:

a) перфорация

+b) қан кету

c) жаралы колит

d) ішектің жеделөтпеуі

e) инфекционды-токсикалық шок

 

7. Іш сүзегінің диагнозын этиологиялық тұрғыдан дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек:

a) жалпы қан анализі

+b) гемокультура

c) рентгенологиялық зерттеу

d) УДЗ

e) лапароскопия

 

8. Іш сүзегіне тән белгі:

+a) тұрақты қызба

b) сарғаю

c) геморрагиялық қызба

d) колит

e) «шымшу»симптомы

 

9. Іш сүзегіне тән:

+a) қызба

b) бас аурудың болмауы

c) бөртпе аурудың бірінші күні байқалады

d) профузды іш өту

e) бетінің қызаруы

 

10. 30 жастағы ер кісі, «Іш сүзегі, ауыр ағымы» диагнозымен, аурудың 10-ші күнінде, ауруханада жатқанының 4-ші күнінде науқаста кенеттен іштің кебуі, іштің қатты ауру сезімі, ауыздың құрғауы, ішекте перистальтика дыбысының жоғалуы және дене қызуының күрт төмендеп, тахикардия пайда болған.

Іш сүзегі кезіндегі арнайы асқынуды анықтаңыз:

a) дегидратация

+b) ішек перфорациясы

c) тыныстың жеделжетіспеушілігі

d) бауырдың жеделжетіспеушілігі

e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

 

11. Іш сүзегінің арнайы асқынуы:

a) гиповолемиялық шок

+b) инфекциялық-токсикалық шок

c) қан түкіру

d) бауырдың жедел жетіспеушілігі

e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

 

12. 23 жастағы, ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді.

Іш сүзегіне тән терідегі бөртпе сипаты:

a) петехиальды бөртпе

b) эритема

c) дақты-папулезді бөртпе

+d) розеолалар

e) везикулалар

 

13. Іш сүзегіне тән патоморфологиялық өзгерістер:

a) ішектегі серозды қабыну

b) тоқ ішектегі жаралы-некротикалық процесс

+c) жіңішке ішектегі жаралы-некротикалық процесс

d) псевдомембранозды колит

e) ішектің қалыпты шырышты қабаты

 

14. Іш сүзегі патогенезінің басым тізбегі:

+a) бактериемия

b) вирусемия

c) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

d) экзотоксиннің бөлінуі

e) асқазан-ішек жолдарынан қоздырғыштың табылуы

 

15. Іш сүзегіне тән қызба:

a) интермиттирлеуші

b) субфебрильді

c) гектикалық

+d) тұрақты

e) ремитирлеуші

 

16. Іш сүзегіне тән классикалық қызба қисығы:

+a) трапеция тәрізді (Вундерлих)

b) 3-күндік

c) ұстама тәрізді

d) субфебрильді

e) бұрмаланған

 

17. Іш сүзегінің негізгі патоморфологиялық өзгерістері АІЖ қай бөлімінде шоғырланады:

a) сигма тәрізді ішекте

b) тік ішекте

+c) мықын ішекте

d) көлденең тоқ ішекте

e) асқазанда

 

18. Іш сүзегінің клиникасына тән белгі:

a) беттің қызаруы

b) геморрагиялық синдром

c) ұлғайған, тығыз көкбауыр

+d) брадикардия

e) дене температурасының қалыпты болуы

 

19. Іш сүзегіне тән симптом:

a) бұлшық еттегі ауру сезімі

b) қалтырау және тершеңдік

c) белдегі ауру сезім

d) полиаденит

+e) тұрақты қызба

 

20. Іш сүзегінде бөртпенің пайда болу мерзімі:

a) аурудың 1-3 күні

b) аурудың 4-7 күні

+c) аурудың 8-10 күні

d) аурудың 14 күні

e) барлық қызбалық кезеңде

 

21. Іш сүзегіне ерте диагноз қою үшін қолданылатын лабораториялық әдіс:

+a) қанды егу

b) өтті егу

c) зәрді егу

d) Видаль реакциясы

e) тікелей емес гемагглютинация реакциясы

 

22. Іш сүзегімен жиі қай жастағы адамдар ауырады:

+a) 15-20 жас

B )5-7 жас

c) 40-50 жас

d)2-4 жас

e) 60 жастан жоғары

 

23. 45 жастағы әйел адам, аурудың 5-ші күнінде үйінде аймақтық дәрігерге қаралды.

Қарау кезінде: дене қызуы – 38,50С, жағдайы орташа ауырлықта, дене жамылғысы бозғылт, тілі ісінген, тілінде тісінің іздері бар. Іші кебінген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, іштің қатуы айқындалған.

Қай ауру туралы ойлауға болады?

a) жедел дизентерия

b) сальмонеллез

c) тырысқақ

d) іш сүзегі+

e) листериоз

 

24.Іш сүзегін жұқтыру механизмі:

a) трансмиссивті

b) аспирациялық

+c) фекалды-оралды

d) тұрмыстық-қатынас

e) парентералді

 

25. Іш сүзегіне тән асқыну:

a) мидың ісінуі

b) тыныс орталығының парезі

+c) ішектен қан кету

d) жұмсақ тіндерінің некрозы

e) гиповолемиялық шок

 

Дизентерия (11 тест)

26. Дизентерияның ауыр түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) ципрофлоксацин

d) цефазолин

e) гентамицин

 

27. Дизентерияның жеңіл түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) фуразолидон

d) цефазолин

e) гентамицин

 

28. Дизентерияға тән синдром:

а) гастрит

+b) колит

c) энтероколит

d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

 

29. Жедел дизентерияға тән ішектегі патоморфологиялық өзгерістер:

а) жаралы -некрозды проктосигмоидит

+b) катаральді-эрозивті проктосигмоидит

c) фибринозды-некрозды проктосигмоидит

d) жаралы проктосигмоидит

e) катаральді проктосигмоидит

 

30. 40 жастағы ер адам, бас ауыруына, әлсіздікке, іштің ауыру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауыру сезімі, субфебрильді температура. Түскен кезде: жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан қосылған, шыны тәрізді.

Ықтимал диагноз?

a) жедел дизентерия

b) сальмонеллез

c) тырысақ

+d) амебалық дизентерия

e) иерсиниоз

 

31.34 жастағы ер адам аурыуның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Болжам диагнозы:

a) тағамдық токсикоинфекция

+b) жедел дизентерия

c) сальмонеллез

d) амебиаз

е) тырысқақ

32. 25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу (бір рет) пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді?

а) энтериттік және дегидратациялық

+b) колиттік және интоксикациялық

c) дегидратациялық

d) қызбалық

e) диареялық

 

33. Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 7-8 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Нәжісі шырыш пен қан араласқан.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) амебиаз

+b) дизентерия

c) сальмонеллез

d) тағамдық токсикоинфекция

e) созылмалы гастроэнтерит, өршу

 

34. 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты. Болжама диагнозыңыз:

а) сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант

b) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі

+c) жедел дизентерия, колиттік түрі

d) тағамдық токсикоинфекция

e) эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

 

35. 24 жастағы ер адамға «Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған. Даяшы қызметін атқарады. Сіздің тактикаңыз?

+а) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

b) үй жағдайында емдеу

c) асқазанды жуу, жағдайы жақсарғанда – амбулаторлық жағдайда емдеу

d) клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

e) антибиотиктерді тағайындау және амбулаторлы жағдайда тексеру

 

36.39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 37,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі, бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Этиотропты препаратты таңдаңыз:

а) доксициклин

b) линекс

c) неомицин

+d) ципрофлоксацин

e) цефтриаксон

Тырысқақ ( 21 тест)

37. Тырысқақ кезіндегі асқыну:

a) инфекциялық-токсикалық шок;

+b) гиповолемиялық шок;

c) ішектің тесілуі;

d) перитонит;

e) қан кету.

 

38. Тырысқақты негізгі диагностикалау әдісі:

a) аспапты;

+b) бактериологиялық әдіс;

c) серологиялық әдіс;

d) тері-аллергиялық әдіс;

e) вирусологиялық әдіс.

 

39. Тырысқақтың патогенетикалық емінде қолданатын дәрі:

a) сары су;

+b) тұзды ерітінділер енгізу;

c) дезинтоксикациялық терапия;

d) қан құю;

e) арнайы диета.

 

40. Тырысқақ патогенезінің негізгі тізбегі:

a) аш ішектің шырышты қабатының қабыну реакциясы

+b) энтероциттердің ферментті жүйесінің зақымдалуы

c) гемоколит

d) токсинемия

e) гепатоциттердің некрозы

41. Әйел адам 35 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Сіздің диагнозыңыз:

а) сальмонеллез

b) иерсиниоз

+c) тырысқақ

d) тағамдық токсикоинфекция

e) ботулизм

42. <30 форма>деген код қай ауруды белгілейді:

a) оба

+b) тырысқақ

c) пастереллез

d) иерсиниоз

e) іш сүзегі

 

43. Тырысқақпен ауырған науқастан диагностикалық анализдерді алу ережесі:

a) тәулігіне 3-рет

+b) 3-рет бір сағат ішінде

c) бір рет

d) 2-рет тәулігіне

e) 2-рет бір сағат ішінде

 

44.Тырысқақың 7 пандемиясын тудырған қандай қоздырғыш?

a) Vibrio cholerae Classica

+b) Vibrio cholerae Eltor

c) Vibrio cholerae Bengal

d) Vibrio paracholerae

e) Vibrio cholera non 01

 

45.Эпидемиялық тырысқаққа тән:

+a) холерогенді штаммен тудырылады

b) гиповолемиялық түрі дамымайды

c) су маңындағы биоценоздың жануарлары қоздырғыш көзі болып табылады

d) ахолерогенді штаммдармен шақырылады

e) эпидемияға қарсы шараларды жүргізбеуге болады

 

 

46.Тырысқақтың гиповолемиялық түрінің ауырлық дәрежесін көрсететін синдром:

a) интоксикация;

b) қызба;

+c) дегидратация;

d) басының ауруы;

e) жүрегі айну.

 

47.Тырысқақтың гиповолемиялық түріне тән симптом:

a) құсу

b) қызба,

c) шырыш пен қан арласқан сұйық нәжіс

+d) сұйық су сияқты нәжіс

e) тенезмдер

 

48.Тырысқақтың нормоволемиялық түріне тән симптом:

a) цианоз

b) даусының қарлығуы,

+c) шырышы бар сұйық нәжіс,

d) полиаденит

e) құрысулар

 

49. Тырысқақтың нормоволемиялық түрінде дамуы мүмкін белгі:

a) цианоз

b) сусызданудың 3-4 дәрежесі

+c) сусызданудың 1-2 дәрежесі,

d) даусының қарлығуы,

e) құрысулар

 

50. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде дамитын асқыну:

a) инфекция-токсикалық шок

+b) гиповолемиялық шок

c) ішек перфорациясы

d) перитонит

e) қан кету

 

51.Тырысқақты дәлелдейтін лабораторлы-этиологиялық әдіс:

a) аспаптық;

+b) бактериологиялық;

c) серологиялық

d) терілік-аллергиялық

e) вирусологиялық.

 

52. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде көрсетілетін жедел көмек:

a) дезинтоксикация;

b) дегидратация;

+c) регидратация;

d) вазопрессорлар;

e) диуретиктер

 

53.Тырысқақты емдеуде қолданылатын эффективті этиотропты дәрілер:

+a) ципрофлоксацин;

b) тетрациклин;

c) нитрофурандар;

d) пенициллин;

e) эритромицин.

 

54. Тырысқақ кезінде 3-ші дәрежелі сусыздану дамығанда қандай регидратациялық ем қолданылады:

a) гемодез

b) полиионды ерітіндіні 120 тамшыдан/минутына енгізеді

c) 10% глюкоза еретіндісі

d) реополиглюкин

+e) полиионды ерітіндіні 100 мл/минутына енгізеді

 

55. Тырысқақтағы диарея дамуындағы негізгі патогенетикалық механизмді ата:

a) ішектің шырышты қабатының қабынуы

b) вибрионның энтероциттердің ішіне енуі

+c) холерогеннің энтероциттердің аденилатциклазасын активтеуі

d) сұықтықтың сіңірілуінің бұзылуы

e) ішек құрамындағы заттардың тез шығарылуы

 

56. Тырысқаққа тән нәжістің сипаты

a) көп мөлшердегі жағымсыз иісті батпақ балдырлары түстес нәжіс

+b) күріш қайнатпасы тәрізді

c) шырышты қан аралас

d) бүлдірген желесі тәрізді

e) сұйық, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтарымен

 

57. Аурудың жедел басталуы, іштегі аурсынусыз өтетін күніне 7-10 ретке дейін іш өтумен, нәжісінің су сияқты қоспаларсыз болуымен, дене қызуының қалыпты және жүрегі айнуысыз тәулігіне 5-6 рет құсумен жүретін симптомокомплекс қай ауруға тән:

a) дизентерия

b) эшерихиоз

+c) тырысқақ

d) псевдотуберкулез

e) ішек иерсиниозы

 

Сальмонеллез (12 тест)

58. Сальмонеллез кезінде бактериологиялық зерттеуге алынады (ең толық жауап):

а) зәр, нәжіс, қан

b) нәжіс, шайынды сулар, өт суы, қақырық

c) қан , зәр, шайынды сулар

+d) нәжіс, зәр, қан, шайынды сулар, өт

e) зәр, қан, өт суы

 

59. Сальмонеллез кезіндегі берілу факторлары (ең толық жауап):

a) консервіленген көкөністер

b) жуылмаған жемістер, көкөністер

c) қайнатылмаған су

d) қуырылған және консервіленген саңырауқұлақтар

+e) жұмыртқа, тауық-гриль

 

60. Сальмонеллез кезіндегі жасырын кезеңнің ұзақтығы:

a) 6-12 сағат

+b) 24-72 сағат

c) 3-4 күн

d) 5 күн

e) 7 күн

 

61. Сальмонеллезге тән асқазан –ішек жолдарының зақымдану синдромы:

а) гастрит

b) колит

c) энтероколит

+d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

 

62. Жеңіл және орташа ауырлықтағы сальмонеллездің негізгі емдеу әдісі:

a) антибиотиктер

b) дегидратация

+c) регидратация

d) ферменттер

e) гормональды терапия

 

63. Сальмонеллездің ошақты түріне қандай асқыну тән:

a) ішектен қан кету

+b) гиповолемиялық шок

c) инфекционды-токсикалық шок

d) перитонит

e) ішек перфорациясы

 

64. Сальмонеллездің жайылмалы түріне қандай асқыну тән:

а) ішектен қан кету

b) гиповолемиялық шок

+c) инфекционды-токсикалық шок

d) перитонит

e) ішек перфорациясы

 

65. Сальмонеллез патогенезін дизентериядан ажырататын негізгі тізбегі:

а) экзотоксиннің әсері

+b) бактериемия

c) жүйке жүйесінің зақымдалуы

d) инвазивті диарея

e) ферментативті бұзылыстар

 

66. 20 жастағы ер адам, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну,бас айналу, дене температурасы 39°Сқа дейін көтерілу мазалады. Бір рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған, содан кейін кенет дене температурасы 35°С дейін түсіп, суық тер пайда болды. Объективті тексергенде: тамыр соғысы және қан қысымы анықталмайды. Тахикардия 120 рет/мин.

Болжама диагнозыңыз:

+a) сальмонеллез, инфекциялы-токсикалық шок

b) сальмонеллез, гиповолемиялық шок

c) тырысқақ, гиповолемиялық шок

d) іш сүзегі, инфекциялы-токсикалық шок

e) тағамдық улану, гиповолемиялық шок

 

67. Сальмонеллездің гастроинтестиналды формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі

+a) катаралды гастроэнтерит

b) ұзаққа созылған бактеремия және токсинемия

c) токсикалы энтерит

d) жаралы проктосигмондит

e) гепатоциттердің дистрофиясы

 

68. Сальмонеллездің жайылмалы формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі:

+a) ұзаққа созылған бактеремия және эндотоксинемия

b) дегидратациялық шоктың дамуы

c) ішек инервациясының бұзылуы

d) ішектің дисбактериозының дамуы

e) гранулематозды колит

 

69. Сальмонеллездің ең жиі кездесетін түрі:

a) гастриттік

b) сүзек тәрізді

+c) гастроэнтериттік

d) гастроэнтероколиттік

e) септикопиемиялық

 

70. Сальмонеллездің гастроинтестиналды түрінде патологиялық үрдіске жиі ұшырайтын мүше:

a) бауыр

b) ұйқы безі

+c) аш ішек

d) сигма тәрізді ішек

e) тік ішек

 

ТТИ. (10 тест)

71. Тағамдық токсикоинфекция кезінде АІЖ жиі кездесетін синдром:

+а) гастрит

b) колит

c) энтероколит

d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

 

72. Тағамдық токсикоинфекциямен ауырған науқастарға тән нәжіс:

а) көп мөлшерде, жағымсыз иісті, балдыр түстес

b) аз мөлшерде шырышты, қан аралас

c) сұйық, қорытылмаған тағам қалдықтарымен

+d) сұйық, көп мөлшерде ет жуындысы тәрізді

e) сұйық күріш қайнатпасы тәрізді

 

73. Парентеральді регидратациялық терапияға жатады:

a) глюкозаның 5% ерітіндісі

b) инфезол

+c) хлосоль

d) альбумин

e) реополиглюкин

 

74. ТТИ-ның эпид. анамнезіне тән:

a) маусымдылық

b) кәсіби ерекшеліктер

c) жұқпалылық

d) эпидемиялық таралуы

+e) топтық сипат

 

75. Дизентериядан ажырататын ТТИ-ң белгісі:

а) сигма ішегінің спазмы

b) тенезмдер, жалған шақырулар

c) шырыш пен қан араласқан аз көлемді нәжіс

d) клиникалық көріністерінің ұзақтығы

+e) сусызданудың дамуы

 

76. ТТИ-ға тән:

а) жұқпалылық

b) маусымдылық

+c) қысқа инкубациялық кезең

d) 7 тәулікке дейінгі жасырын кезең

e) айқын интоксикация симптомдары.

 

77. ТТИ кезіндегі лабораторлық зерттеулердің негізгі әдісі:

а) серологиялық

+b) бактериологиялық

c) биологиялық

d) аллергологиялық

e) иммундыферменттік

 

78. ТТИ кезіндегі орташа ауырлықтағы науқасқа көрсетілетін бірінші кезектегі шара:

а) антибактериальді терапия

b) жүрек-қан тамырларының дәрілері

+d) асқазанды шаю

c) тамыр ішіне тұзды еітінділер

e) ферменттер

 

79. ТТИ-ны негізгі емдеу әдісі:

а) антибактериальді терапия

b) асқазанды шаю

c) дезинтоксикация

d) дегидратация

+e) регидратация және реминерализация

 

80. 37 жастағы ер адамда дәмі өзгерген тағамдарды қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң көпреттік құсу, жиі іш өту, іштегі ауыру сезімі, әлсіздік, гипотония пайда болған. Нәжісі сулы, көп мөлшерлі, «ет жуындысы» тәрізді. Асқазанды жуып, тазарту клизмасын жасаған соң жағдайы тез жақсарды. Болжам диагнозыңыз:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты