Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік




Мемлекет жэне құкык теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құкықтық қатынастар коғамдық катынастардын бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардын құрамына саяси, топтык, экономикалык, діни, әдет-ғұрыптық, этикалық, кұлыктылық, некелік сияқты көптеген катынастар енеді. Құқықтық қатынастар – құқықа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез- құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас – бұл субьективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде, аяқталады. ҚР азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валюттаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым- қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).

Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық субьектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі. Құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау...) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық субьектілердің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттігі деп аталады.

Құқықтық қатынастың обьектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым – қатынастар. Материалдық дүние – заттар, рухани – шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субьектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастарының обьектілері.

Құқықтық катынастар кұқык субъектілерінін арасында пайда болады. Арнайы міндеттер мен қуқықтарга ие болушьіларды қщықтық

қатынастардың субъектііері деп атаймыз. Коғамда ешкім иемделмейтін құқыктар мен міндеттер болмайды. Сондықтан кұкық субъектілері кұкықтануда ең маңызды және негізгі ұғымдар болып табылады. Ал, кұкық субъектілері бола алатындарды қүқық нормалары айқындайды, Зан ғылымында күкықтык катынастардын субъектілері екі түрге бөлінеді:

1. Жеке тұлға.

2. Занды тұлға.

Жеке тулга дегеніміз қоеам мушесі, индивид ретінде қүқық

субъектілік қабілетіне ие болуды айтады. Куқық субъектшгі деген

тікелей немесе өзінің қщықтарымен заңды, өзінің өкілі арқьі- лы

қуқықтары мен заңды міндеттерін іс жузіне асыру қабілеттіяігі.

Құқык. субъектілік жалпы, салалық жэне арнайы болып бөлінеді

және құкықтық кабілеттілік және әрекег кабілеттілігі ұғымдарын

камтиды. Куқықтық қабілеттілік деген қуқық субъектісгнің азаматтық

қуқықтар мен міндеттерге заң негізінде ие балу мумкіндігі. Адамдардың құқықтык, кабілеттілігі туған сәттен пайда болып, кайтыс болумен аяқталады. Құкықтык қабілеттілік сот үкімімен немесе шешімімен қажет болған жағдайда шектелуі де мүмкін. Мысалы, судья дәрігерді қылмыстык әрекеттері үшін үкіммен медициналык кызметпен шұғылдануына тыйым салуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі — жеке тулганың өз әрекетімен заң

шеңберінде мелиекет мойындаган қуқықтар мен міндеттерге ие болуы.

Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:

1 Толық әрекет кабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған субъект. Бұл жасқа толған адам өз атынан, өз әрекетімен кұкықтар мен міндеттері іс жүзіне асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге, мүліктерін сатуға, айырбастауға және т.б.

2. Шамалы врекет қабілеттілігі — 14 жөне 16 жас аралығын- дағы жасөспірімдерді камтиды. Олардын әрекет кабілетгілігінін мүмкіндіктері бойынша өз аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстык мәміле жасауға құқықтары бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастауға кұқыкығы бар.

3 Шектелген әрекет кабілеттілігі — жеке тұлғалардың құкықтарынын сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған адамнын өз бетімен айлық табысын алуды шектеу, психикалык ауруға шалдыққан адамдардын құкыктарының шектелуі және т.б. шектеулер.

Занды тұлға дегеніміз меншік, шаруашылықжүргізу немесе басқару құқығындағы окшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндетгемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке ғ;үкыктар,мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта талапкер жэне жауапкер бола алатын ұйым... Занды тұлғанын дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Занды тұлғанын әз атауы жазылған мөрі бар. (Қазакстан Республикасынын. Азаматтык кодексі, 33-бап). Занды тұлғалардың кұкыктық кабілеттілігі мен әрекет кабілетгілігі бір кезде пайда болады. яғни мемлекетгік органға тіркелген сәттен, Занды тұлғалар субъектілердін түрлері бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді. Субьективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субьектілердің екі жақты мүде – мақсаттарының орындалуы. Субьективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 488; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты