Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің пайда болу себептері




Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай әр түрлі төрт кезеңнен өтті.

Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған).

Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған.

Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады.

Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады.

Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, одан бөлінбеген.

Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.

Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі – әскери демократия режимі (Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.

Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға – протомемлекеттер жатады. Осы көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан, Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон).

Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:

• өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға);

• қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.

• қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;

• мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу;

• үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 330; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты