КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлеріҚоғамдық қатынастарға қатысушылардың басы көпшілігі құқыққа сай әрекет етеді, яғни өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану, міндеттерін орындау барысында елінің заңдарын сақтап, ешқандай ережелерді бұзбайды. Құқыққа сай жүріс тұрыс құқықтық нормалардың талаптарына жауап беретін жүріс тұрыс. Азаматтар мен ұжымдардың құқықтық нормаларды сақтаудан, орындаудан, жүзеге асырудан көрініс табатын, қоғамға қажетті, мемлекет тұрңғысынан қалаулы немесе рұқсат етілетін жүріс тұрыс.Құқыққа сай жүріс тұрыстың ерекшеліктері: • Қоғам үшін пайдалы б.т. • Адам еркінің бостандығын білдіреді және жүзеге асырады • Тұлғаның, мемлекеттің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырады • Қоғамда қажетті құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді • Тұлғаның позитивті жауапкершілігімен бай/ты; Дегенмен, белгілі бір жағдайларда субъектінің жүріс тұрысы құқыққа сай болғанымен зиянды болуы мүмкін.Мыс, адам бірнеше рет неке құрып, ажырасса, бұл формальды түрде заңға қайшы келмейді. Себебі, заңда адамның некеге отыруының саны белгіленбеген. Соған қарамастан, бұл әрекет қоғамға зияндылығын тигізіп, мемлекет пен қоғамның отбасын нығайтуға қатысты ұмтылысына қайшы келеді. Құқыққа сай жүріс тұрыстың құрамына келесідей элементтер кіреді: • Субъект(құқық және әрекет қабілеттілікке ие тұлға) • Объект (қоғам үшін пайлалы нәтиже) • Объективтік жақ (құқыққа қайшы келмейтін әрекет н/ әрекетсіздік) • Субъективтік жақ (позитивтік мақсаттар, ұстанымдар,себептер) Арнайы әдебиеттерде құқыққа сай жүріс тұрыстың келесідей түрлері бар: • Әлеуметтік белсенді жүріс тұрыс-құқықтық нормаларды жүзеге асыруға, құқықтық тәртіпті, заңдылықты, тұрақтылықты сақтауға, мемлекет, қоғам және өзге тұлғалардың мүдделерін қорғауға бағытталған, терң ұғынылған, мақсатты бастамашыл жүріс тұрыс. Субъект көп жағдайларда құқық бөзушылықтарды алдын алуға қатысты белсенді әрекеттерді қолға алып, ҚҚО қылмыстылықпен күресуге жәрдемдеседі.Тұлға нормаларды объективтік тұрғыдан қажет, ақылға қонымды, өзінің көзқарастарын, қажеттіліктерін, ұмтылыстарын білдіретін құбылыс ретінде қабылдайды. Бұдан тұлға санасының жоғары деңгейі, оның позитивтік жауапкершілігінің дамығандығы көрініс табады. • Әлеуметтік бәсең жүріс тұрыс. Бұл кезде субъектілер негізінен құқыққа қайшы әрекеттерді жасаудан тартынады; кейбір жағдайларда іштей қарсы болса да заңды заңдарды немқұрайлы түрде орындайды. Іс жүзінде бұл мәжбүрлі жүріс тұрыс. • Дағдылы жүріс тұрыс.Өздерінің неліктен заң талаптарын орындайтынын түсіндіруге қиналады.Көп жағдайда олар «осылай істеу қажет», «бізді осылай үйреткен», «бізді осылай тәрбиелеген», «басқаша болмайды» деп жауап береді.Олар үшін құқыққа сай жүріс тұрыс қалыпты және өздігінен болатын өмірлік жағдай деп танылады. Мұндай жүріс тұрысқа көптеген факторлар әсер етеді: салт дәстүрлер,отбасылық және өзге де тәрбие, саналы консерватизм, қалыптасқан қағида,ереже, көзқарас,тәртіпке, тыныштыққа, әділеттілікке деген ұмтылыс. • Конформистік жүріс тұрыс қоршаған адамдардың ықпалына, «бөтен пікірлерге» тәуелді болады, сондықтан конъюктуралық, дербестігі жоқ , икемдеуші б.т. «Конформизм» латын тілінен аударғанда ұқсастық, сәйкестік, біркелкілікке ұмтылу деген мағынаны білдіреді. Конформистік жүріс тұрыстың мәні «барлығы сияқты», «көпшілік сияқты» деген ұстанымдардан көрініс табады. Оның себептері басқалардан бөлініп шығудан, өзгеше болудан қорқу.Бұл жағдайда тұлға өз пікірін білдіре алмайды және белсенді әрекеттерге бармайды. • Маргиналдық жүріс тұрыс. Маргиналдар – өмірдің қалыпты ағымынан шығып, өмірден шеттеп қалған, тіпті құрдымға кеткен адамдар (тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, үйі жоқ қаңғыбастар, қайыршылар,алкогольдік, есірткілік ауруға шалдыққан адамдар, бұрын сотталған адамдар, босқындар, жер аударғандар). Көбіне олардың жүріс тұрысы құқыққа сай немесе құқыққа қайшы жүріс тқрыстың шегінде орын алады. «Маргиналдық» сөзі латын тілінен аударғанда шет, шекара, аралық деген мағынаны білдіреді.Әлеуметтік түп тамырын жоғалтқан,, тағдыр тәлкегіне ұшырағанмұндай адамдарештеңеден тайынбайдыМұндай тқлғалар өмір сүру мақсатында түрлі құқық бұзушылықтарға, қылмыстарға барады.Олардың өмір сүретін ортасы қылмысқа итермелеп, моральға,құқыққа, өзге де құндылықтарға деген белгілі бір құндылықтарды қалыптастырады. • Нигилистік жүріс тұрыс. Нигилизм белгілі бір ережелер, нормалар,қағидалар, көзқарастар,заңдар мен өмір сүру дәстүріне қатысты теріс қатынасты білдіреді.
|