Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ықтық нормаларды жіктеу




Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады. Құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары, экологиялық, қаржы, отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвестиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәнінен байланысты конституциялық-құқықтық, әкімшілік құқықты, азаматтық құқықтық және т.б. болып жіктеледі.

Ал құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1.міндеттейтін

2. тыйым салатын

3.құқық беретін

4. дефинитивтік нормалар – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бр ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормаларда субьектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде, не мағынада көрсетілмейді.

5. декларативтік нормаларда негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі

6. Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар:

-диспозитивтік

-императивтік

-мадақтайтын

-ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі

Диспозитивтік нормалар – субьектілерге өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез-құлқы қамтамасыз етіледі.

Императивтік нормалар – қатаң сақталуды, орындалуды талап етеді және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқық нормалары императивтік болып саналады.

Мадақтайтын нормаларда – құқықтық қатынастарға түске субьектілердің мінез-құлықтары қызметтерінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы субьектілер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады.

Ұсыныстық нормалар да жиі қолданылады. Мысалы, ҚР Президенті қабылдаған Жарлықтарына Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін.

Функциялары бойынша құқықтық нормалар реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді.

Реттейтін нормалардың диспозицияларында құқықтық қатынасқа түскен субьектілердің құқықтары мен міндеттері бекітіліп, қоғамдық қатынастар реттеледі, шиеленістер мен қақтығыстар тәртіптік жүйеге түседі. Сатып алу, айырбас жасау, шартқа отыру, некеге тұру, мұрагерлікке ие болу, ипотека және т.б.\

Құқық қорғайтын нормалар – құқық бұзушылыққа барған субьектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізіндеәкімшілік, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағынада бекітілген.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 245; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты