Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтік және техникалық нормалар




Әлеуметтік нормалар қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынастарды реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның табиғаты қабылдамайтын әрекеттерді жасауға тыйым салады, айыптайды. Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшелігі бар:

1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне бірдей міндетті емес. Мыс, әдет -ғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру;

2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мыс, үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құндылықтарты қасиеттеріне жатқызған болса, қазір дағдарысқа ұшырауда.

3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.

Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде мынадай нормалардан қалыптасады және түрлерге бөлінеді:

1. Құқықтық нормалар

2. Әдет- ғұрып нормалары

3. Діни нормалар

4. Корпоративтік нормалар

5. Құлықтылық (моральдық)

6. Техникалық нормалар

1.Құқықтық нормалар- мемлекет бекіткен және қабылдаған бәріне міндетті және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

2.Әдет- ғұрып нормалары- әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең көп таралғаны.Әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы. Мемлекетте өмір сүретін ұлттар мен этностар көр болатын болса, әдет- ғұрыптар көп болады. Моно халықтар қалыптасқан елдерде әдет- ғұрыптар бір этностың ғана ғасырлар бойы қалыптасып, қабылдаған нормалардан тұрады.

3.Діни нормалар- адамзат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға Тауарт, Дәуіт пайғамбарға Забур, Исаға Інжіл, Мұхаммедке Құранды жібереді. Діни нормалар осы кітаптарда немесе діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы. Діни нормалардың өзіне тән ерекшелігі бар:

а) орындау жеке адамның өз еркімен болды. «Діни зорлық жоқ», деп көрсетілген қасеитті Құранда.

Ә) діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес. Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі. Ал, ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы мұсылман мемлкеттерінде Сауд Арабиясы, Иран, Пәкістан,Марокко, БАӘ сияқты жиырма сегізге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелген.

Б) мемлекет діни нормаларын уағыздайтын қоғам, ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол берілмеуін қадағалайды, қажет болған жағдайда сот арқылы тыйым салады.

В) діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм, адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек. Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып, құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп таниды.

4.Корпоративтік нормалар- мемлекетте арнайы тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар,партиялар және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың жарғылары негізінде қызмет атқаратын заңды тұлғалар мүшелерінің арақатынасын реттейтін нормалар.

Корпоративтік нормалар:

А) бекітілген жарғы негізінде қалыптасады;

Ә) қабылданған нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс;

Б) нормалардың реттеу шеңбері мен қолданылуы тек қана ұйым мүшелеріне ғана қатысы бар.

5.Құлықтылық (моральдық) нормалар- қоғамды реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған номалардың жиынтығы. Құлықтылық (моральдық) нормаларға:

А) тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады;

Ә) Бұл норманы іс жүзіне асыру тек сендіру арқылы болатын құбылыс;

Б) реттеу шеңбері бойынша құлықтылық нормалар құқық нормаларына қарағанда өмірдің барлық саласын қамтиды;

В) құқықтық нормаларының теориялық негізін этика құрайды;

Г) қоғамда қабылданған құлықтылық нормалар жеке адамдардың мінез құлықтарын бір қалып көзқарасымен қабылдайды.

Ғ) құлықтылық қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең негізгі қағидаларының бірі. Гегельдің пікірі бойынша, «құлықтылық дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі». Мейірімділікті қалыптастыру құқықтық сананың дәрежесінде иман, ұят ұғымдарын ең қажетті құндылықтар ретінде қабылдау.

6.Техникалық нормалар – адамдардың техника мен табиғатты игеруде қабылданған нормалардың жиынтығы.Бұл нормаларды қолдану ғылыми техникалық прогресс дамыған сайын арта түсті.Техникалық нормаларды сақтамау адамзатқа өлшеусіз зардаптар туғызады. Техникалық нормалар агрономиялық, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, техникалық құралдарды пайдаланудағы нормалар болып бөлінеді. Техникалық нормаларды бұлжытпай орындау өмір талабы және оларды бұзу үлкен катастрофаларға әкеліп соқтырады.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 251; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты