КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұныҚұқықтық қатынастар – бұл мемлекетпен қорғалатын қоғамдық қатынастар оңды құқық нормаларының адам тәрбиесіне ықпал етуде пайда болады және субъективтік құқықтарының болуымен және оның қатысушыларындағы заңды міндеттермен сипатталады. Қандай болмасын құқықтық қатынастардың арнайыланған белгілері болады: • заңдық нормалардың негізінде құрылады, құқықтық қатынастардың нысанымен мазмұнын белгілейді; • екі жақтың өзара субъективтік құқық пен заңды міндеттердің болғанына негізделген; • бұл ерікті қатынастар себебі құқық нормаларынан басқа қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың еркі қажет. Мұнда ерік екі жаққа бірдей (неке, сату-сатып алу) не біржақты (алдын ала тергеу процесінде қылмыстық іс қозғау – мемлекеттің еркі); • әр уақытта мемлекетпен қорғалады. Белгілі негіздерге байланысты құқықтық қатынастарды мынандай белгілермен әр түрлі түрлерге бөлуге болады: - құқықтың функциясына: реттеуші құқықтық қатынас, субъектілердің бірізділік тәртіптерінің қалпында қалыпта-сатын және күзетушілік субъектімен құқық нормаларын бұзған кезінде пайда болатын; - өздерінің қалыптасатын құқықтың саласына байланысты құқықтық қатынастарды, мынаған бөлуге болады: еңбектік, отбасылық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік-құқықтық және басқа құқықтық қатынастарға; - өмір сүру уақытына байланысты болатындар созылмалы (жоғарғы оқу орнының студенті және әкімшілік, жұмыскер және жұмыс беруші) және уақытша не мезгілдік (мысалы, сайлаудағы дауыс беру актісі); - жақтардың қатынастарының белгіленуіне байланысты болатындар: қарапайым (бір субъектіде – құқық, ал басқада – міндеттілік (қарыз келісімі); күрделі – әр түрлі құқықтық қа-тынастардың қатынасушыларында құқық және міндеттілік бар (жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім); абсо-люттік құқықтық қатынастар, мұнда өкілдігі бар жақта қарсылықта тұрған белгісіз көлемдегі көп пассивті міндетті-ліктегі субъектілер (мысалы, меншік құқығы); салыстырма-лы құқықтық қатынастар, барлық ондағы қатынасушылар қатаң түрде жеке адамдарға бөлінген және оңашаланған, яғни нақты белгіленген не аттары аталған (сатушы-сатып алушы); - іс жүзіне асырылатын ортасына байланысты құқықтық қатынастарды былай бөледі: жекешеленген-құқықтық (келі-сімдер) және көпшілік-құқықтық (бұйрық-басқарушылық), - Пайда болу негіздемесін есепке алуына байланысты жалпылама құқықтық қатынастар (тікелей заңнан пайда болады), өзінің шын мәніндегі өмір сүруіне байланысты жеке адам мен нақтылы құқықтық қатынастар (заңды фактілер негізінде пайда болады, қылықтардың, нақтылы тәртіптің актілері). Құқықтық қатынастардың мазмұны – бұл өзара құ-қықтық қатынастардың жақтарында бар, олардың субъектив-тік құқықтарымен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру. Субъективтік құқық – бұл құқықтық қатынастарға қатынасушылардың тәртіптерінің нақтылы материалдық не материалдық емес табысқа жетуге жеткілікті мүмкіндік шарасы, заңды міндеттермен берілген құқықтық қатынас-тардың басқа қатынасушыларын қамтамасыз етуші. Субъективтік құқық адамның нақтылы заңдылық күші ретінде әрекеттегі абстрактылы және жекешеленбеген заңды нормалардың негізінде пайда болады. Заңдылық қамтамасыз етілу субъективтік құқықта мына мүмкіндіктен көрінеді: • белсенді тиімді әрекеттер, • міндетті жақтардан соған сай тәртіпті талап ету; • басқа жақпен өз міндеттері орындалмаған кезде, мемлекеттің мәжбүрлеу күшіне жүгінуі; Заңды міндеттілік – бұл құқық нормаларымен алдын-ала белгіленген міндетті жақтың түрі және қажетті тәртіп мөлшері, мақсаты құқықтық қатынастардың өкілетті жақтарының мүддесін қанағаттандыру. Заңды міндеттер мынадан тұрады: • заңмен алдын ала белгіленген белсенді, тиімді әрекеттерді, құқықтық қатынастардың басқа жақтары үшін жасалу қажеттілігі (міндеттілігі); • белгілі әрекеттен ұстанымдылық жасау қажет-тілігі (міндеттерді); алдын-ала белгіленген әрекетті
|