Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары




Құқықтық ғылымда заңды жауапкершілікті екі жағдайда қарау белгіленген:

• жағымды (болашағы бар) заңды жауапкершілік, адамның өз міндетін орындамағаны жауапкершілігі және субъектінің сезімділікпен белсенді құқықтық әрекеті;

• өткенге шолу жасайтын жауапкершілік – жауапкершілікті дәстүрлі түсініп, оның жасалған құқықбұзудың нәтижесі ретіндегі екенін білу.

Сонымен, заңды жауапкершілікті дәстүрлі түсіну бұл шын мәніндегі не мүмкін болатын, заң нормаларының санкциясымен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын, құқықбұзуды жасағаны үшін қолдану кінәліге соған байланысты, жекелік жазалау (ұйымдастырушылық-физикалық) не мүліктік сипаттағы жаза қолдану.

Заңды жауапкершіліктің белгілі шекарасы бар, оны мынадан көруге болады:

• оны қолданудағы арнайы негіздемесіне жататындарға, кінәленген, қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекеттерінің болуы, заңдылық қағидасын сақтау негізінде беліленген процессуалдық тәртіппен дәлел-денген, болмай қалмайтын және жекеленген;

• еркін таңдау (еркін бостандығы) адамды құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін, зиянды жауапқа тартудағы негізгі жағдай ретінде. Бұл жағдайға жататын субъектідегі бар, алғашқы құқыққа сай және құқыққа қарсы жолдарының арасындағы пайда болған құқықтық жағдайды шешудегі таңдау мүмкіндігі;

• адамның кінәлі әрекеті істегені үшін, мемлекеттік және қоғамдық айыптаушылық және ұялту;

• қолайсыз нәтижелерге қандай болмасын мәжбүрлеу арқылы міндеттерді орындау не жанама мемлекеттің мәжбүрлеуі не міндетті мәжбүрлеу арқылы орындау жатады;

• мемлекеттік мәжбүрлеумен тікелей байланыс, мына-дан көрінеді, яғни заңды жауапкершілік мемлекетпен белгіленеді және құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін кінәлі адамға ықпал етуші әрекетке жатады;

• ерекше процедуралық-процессуалды тәртіппен оның жүктелуі және іс жүзіне асырылуы.

Заңды жауапкершіліктің мақсаты құқықтық тәртіпті сақтау құқықбұзушылықты тежеу және азаматтарды құқықты сыйлауға тәрбиелеу.

Заңды жауапкершіліктің мақсаты оның функцияларында нақтыланады – қоғамдық қатынастарға заңды жауапкер-шіліктік нормаларының құқықтық ықпал етуінің негізгі бағыттарында, сол арқылы ол мақсатына жетеді және белгілеуі көрінеді. Сондай функцияларға мыналар жатады:

• Репрессивті жазалау – (құқықты бұзғаны үшін кінәлі адамды жазалау, қылығына қарай оған жаза тағайындау);

• Ескертулік-тәрбиелеу функциясы (құқықбұзушыға сондай ықпал ету және басқа адамдарға да қоғамға тұтасымен ол құқықтыңдаушы тәртіпті тыңдауға оптималды ықпал етеді не тиімді еместігі туралы және жазалануын құқыққа қарсы адамға ескертеді);

• Құқықты орнына келтіруші (негізінен мүліктік жауапкершіліктік институтын іс жүзіне асыру сипатында және құқықбұзушымен келтірілген материалдық не моральдық зиянды компенсациялау, субъектінің бұзылған құқығын орнына келтіру);

• Сигнализациялық (тиімділігі не тиімді еместігі туралы, сол не басқадай құқықбұзу түрлеріне қолданылатын жауапкершілік мөлшерін куәланды-рады, сонымен, бірге берілген қоғамдық қатынастар аясында құқықбұзушылықпен күресуге басқа жолдар мен шараны іздеудің қажет екендігі көрсетеді).

Заңды жауапкершіліктің қағидалары – бұл негізгі идеялар, олар құқықтың негізін, табиғатын жауапкершілік институтының міндетін және барлық оның субинсти-туттарындағы көрінісіне көңіл аудартады.

Заңды жауапкершіліктің қағидасы – әрбір құқықбұзу фактісі көпшілікке белгілі болулық талаптары, жасалған құқықбұзудағы оперативті жауапкершілік шарасын қолдану тұрақты және жасырындылықпен құқықбұзумен табысты күресу (әрбір құқықбұзу кінәлілігі жауапкершілікке әкеледі; жауапкершілік шарасы тез және оперативті қолданылады; кінәсіз бір адам да жауапкершілікке тартылмауы керек, т.б.)

Заңды жауапкершілікті жекелеу және жаза – құқықбұзудың ауырлығымен соған сай, жауапкершіліктің өлшемдестік талабы (жазалау), жасалған құқықбұзудың қоғамдық қауіпсіздігінің сипатымен деңгейін, кінәлі адамның жеке басын, заңмен белгіленген жеңілдететін не ауырланатын жағдайларды қатаң түрде есепке алу.

Әр түрлі салалық жауапкершілік институты мынадай заңды жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайларды бекітеді: орындауының эксцесі, басқа қылмысқа қатысушылар жауапкершілікке жатпайды, казус; құқықбұзуды жасаған кездегі ауырып жүргендік жағдайы; қажетті қорғаныс; қажетті қорғаныс үшінші жаққа зиян келтіру ретінде, қоғамдық жағымды мақсатқа жету арқасында; қылмыс жасаған адамды ұстаған кездегі зиян келтіру; жеңуге болмайтын күш (жер сілкіну, су тасқын) және басқадай төтенше жағдайлар; жеңуге негізделген риск, қоғамдық-тиімді мақсатқа жетумен байланысты; заңсыз бұйрық пен жарлықты орындамау, т.б.

Заңды жауапкершіліктен босату негіздемесіне жата-тындар: заңды жауапкершілікке тартатын уақыттың өтіп кетуі; жәбірленушімен татуласу; адам не оның жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіпсіздігінің жоғалуы; қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартушы, т.б.

Заңды жауапкершіліктен босатудың негіздемесіне жалпы пікірлер бойынша амнистия немесе кешірім жатады. Оның маңызы сонда, белгілі категориядағы адамдар мен нақтылы адам жөнінде қылмыстық-құқықтық статус өзгереді және мемлекеттік тәжірибеде қылмыс жасайтындарға адамгершілік көрсету болып табылады. Амнистия мен кешірім берудің негізінде құқықбұзғандарды кешіру идеясы жатыр.

Заңды жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі және ең маңыздысы. Сонымен қатар, мемлекеттік мәжбүрлеуге мыналар жатады: ескерту шарасы, бұлтартпау шарасы және қорғау шарасы.

Ескерту шарасы – мүмкін болатын құқықбұзуды ескерту мақсатында не табиғи апат жағдайында, сәтсіз кездерде пайдалану үшін қолданылады (құжаттарды тексеру, қауіпті жағдай туған кезде көліктердің және жаяу адамдардың қимылын тежеу, тоқтату, карантин аймағына кіруге тыйым салу, т.б.). Ескерту шарттары профилактикалық және қамтамасыз ету сипатта болады.

Бұлтартпау шарасы мәжбүрлеу арқылы құқыққа әрекет-терді тоқтату (бұлтартпау) үшін және олардың зиянды сал-дарын болдырмау үшін қолданылады, яғни тек құқықбұзу фактісіне байланысты қолданылады (келтіру және адамға, қо-ғамға қарсы тәртібі үшін, зиянды жауапкершілікке тартыл-майтын, арнайы ескерту жасау, мүлікті алып қою, егер оған рұқсаты болмаса (мөрлер, штамптар, атылатын мылтық, радиоқабылдағыштар, т.б.); әкімшілік ұстау (әкімшілік-құқықтықбұзуды болдырмау, хаттама жасау, т.б. банктік шоттарға, багаждарға арест жариялау).

Қорғау шаралары – (құқықты орнына келтіру шара-лары) бұл мемлекеттік биліктегі мәжбүрлеу әрекеті, бұзылған құқықты орнына келтіруге мойындалмаған заңды меншік-тіктің орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, азаматтық құқықта қорғау шарасына жататындар: келісім шарттың дұрыстығын мойындамау; қосымша жеткізу, өнімді қосымша дайындау; дұрыс емес, жеке адамның адамгершілігіне, арына зиян келтіретін мәліметтердің жалғандығын дәлелдеу, т.б.; қылмыс құқығында – медициналық сипаттағы шаралар: соттың шешімімен психикалық ауруы бар адамдардың құқыққа қарсы әрекет жасағанда, ондай әрекеті есі жоқ кезде жасағандарға қолданылады; әкімшілік құқықта – мәжбүрлеп емдету; салық салу, т.б.; еңбек құқығында – заңсыз жұмыстан шығарылғандарды орнына кайта орналастыру; жұмыстардың құқығын бұзатын әкімшілік бұйрықтарын жою; қылмыстық процессуалдық құқықты – тергеу жасаған тергеушіні не прокурорды әрі қарай тергеуден жырақтату; отбасылық құқықта – нені дұрыстыққа жатқызбау; балаларды бағу және тәрбиелеу туралы конституциялық міндеттілікті бұзғаны үшін алимент өндіру; асырап алуды тоқтату. Алимент төлеуден бас тартқан әкені қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 428; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты