Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Оғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп




Қоғамдық тәртіп (ағыл. public order; нем. Gesellsch aftsordn ungj) - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.

Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-қылығы тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады.

Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынастардың (жүйе) жағдайы, заң шығару ережелерін шын мәнінде іс жүзіне асы-рудың нәтижесі. Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынас-тарға қатынасушылардың барлық құқыққа сай әрекеттері.

Құқықтық тәртіптің белгілеріне мынадай ерекшеліктерін жатқызуға болады:

• құқық табиғатының қалыптасу негізі;

• барлық мемлекет көлеміндегі құқықтық тәртіптің бірлігі ол тұтастығымен, құрамдылығымен, құқықтық

талаптардың көнелігімен көрінеді.

• мемлекет жағынан құқықтық әрекеттің кепілділігі, ол үшін күрделі тексеру-бақылау, соттық және құқыққорғау органдарының жүйесі бар.

• құқықтық тәртіптің қоғамдық тексеруде таяулығы және құқықтық тәртіптің деңгейін өз мәнінде қамтамасыз етуге қатынасу мүмкіндігі.

Заңдылық пен құқықтық тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты, құқықтық тәртіп заңдылықсыз өмір сүре алмайды, оған қоса құқықтық тәртіпті қолдау тек қана заңдылық құралдармен іске асырылады.

Заңдылық және құқықтық тәртіптің қарап отырған құбы-лыстармен қатар, біздің өміріміздегі тағы да бір бөлінбейтін компоненті бар, ол тұжырым, органикалық және гармондық қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етеді. Бұл тәртіп құқық және мораль құқықтарына, нақтылы ұйымның талаптарына не әрекет түрлеріне сай адамдардың белгіленген тәртібі.

Егер заңдылықтың талаптары негізінде барлығында заңдарды сақтау идеясы жатса, онда тәртіп көбірек бағыттағы құбылыс және заңдылық тек оның компоненттерінің бірі ретінде көрінеді, себебі маңызды нормативті құқықтық актілердің талаптарымен қатар тәртіптің мазмұнына моральдық нормалардың жоғарғы іскерлік сипаттамалары кіреді. Бұл ерекшелік оның мынандай түрлерінің өмір сүруінде көрінеді: орындаулар, психикалық, еңбек, оқу, әскери, қаржы (бюджеттік, салықтық, валюттік, кассалық) келісімдік және басқа тәртіп түрлері.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 319; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты