Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері




1.Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.

Мемлекеттік функцияның белгілері:

• Мемлекеттік қызметтегі маңыздылау бағыттардың ұқсастық аспектілерінің нақтылы аядағы жиынтығы;

• Қоғам өмірінің маңызды аясындағы мемлекеттің қалыптасқан тұрақты пәндік линиясы;

• өзінің функциясын іске асыруда мемлекет биліктік мәжбүрлеу әдісін және қоғамдық қатынастардағы субъектілерге ықпал етудің әр түрлі жолдарын пайдаланады (көтермелеу әдісін, сендіруді және мәжбүр етуді);

• мемлекеттің функциясы жеткілікті түрде заңда белгіленген;

• мемлекеттің негізгі міндеті мен мақсаты, берілген кезеңде орындалады. Олар мемлекеттің әр түрлі көп жоспарлы қызметіндегі бір жағы және мемлекеттің функциясын туғызады.

2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай–негізгі және қосымша функциялар;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары және оның негізімен, әлеуметтік орнымен, елдің ішкі өмірінің мақсатымен қамтамасыз етілген.

Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.

Қаржы функциясы – мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы мен орындалуын көздейді; қаржылық қадағалау жүргізеді (табыстың есебін белгілейді); салық салу (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы, мақсатты жинау, кедендік, қосымша салық), т.б.

Мемлекеттің саяси функциясы – мемлекеттің индиви-дуумдар мен әр түрлі әлеуметтік топтардың және елдегі саяси билікті іске асыру аясындағы мүдделерді үйлестіру қызметі. Сонымен қатар, саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекеті.

Осы аядағы мемлекеттің әрекетінің маңызды бағытына, өмірге қабілетті демократиялық қоғамды құру (демократияны дамыту, ұлттық және таптық сенімділік, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау).

Мемлекеттің әлеуметтік функциясы – бұл мемлекеттің барлық қоғам мүшелерінің жөнді өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі. Өндіріске қатысу, қатыспауына, материалдық жағдайына, жасына, жынысына, денсаулығына қарамай, т.с.с. (минималды еңбекақы төлеу, пенсия, стипендия, ауруларға қаржылық көмек, мүгедектерге, қартайған адамдарға, студенттерге, балаларға, аналарға, жұмыссыздарға қажетті қаржыны денсаулық сақтауға бөлу, мәдени демалыс, сауаттандыру, тұрғын үй салу, т.б.).

Мемлекеттің құқыққорғау функциясы – бұл мемлекеттің барлық құқық субъектілерімен заңдағы тәртіптерді нақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге арналған қызметі, сонымен қатар, сондай талап, профилактикаға, құқықбұзушылармен күресте, оны болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттің экологиялық (табиғатты қорғау) функциясы – бұл өмірлік маңыздылығы бар әрбір мемлекеттің функциясы. Мақсаты, өз кезегінде тиімді табиғатты қорғау заңдарын шығару, табиғи ортаны қорғайтын адамдардың, әр түрлі мекемелердің қызметін реттеу және қоршаған ортаны қорғауға арналған ұлттық бағдарлама жасау. Табиғаттың тұтастығын бұзушыларға белсенді ықпал жасап, заңды жауапкершілікке тарту көзделеді.

Мемлекеттің идеологиялық функциясы – бұл белгілі мемлекеттің идеологиясын қалыптастыру, қолдау, жариялау, бекітудегі мемлекет қызметі. Бұл функция білім беру, мәдени, басылым, теледидар құралдарымен іс жүзіне асырылады.

Мемлекеттің мәдени-тәрбие функциясы – бұл мемле-кеттің искусстваны (әдебиетті, театрды, киноны, музыканы, архитектураны) дене шынықтыруды, спортты, көпшілік ақпарат құралдарын, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, архивтерді, музейлерді, ғылымды мемлекеттік қолдау, елдегі білім беру аясын дамытуға арналған көпжақты әрекеттері.

Мемлекеттің сыртқы функциялары–оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің негізгі әрекетінің бағыты, оның негізімен, әлеуметтік орнымен және халықаралық, мемлекетаралық қатынастардағы мақ-саттарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің қорғау функциясы – бұл елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетке қарсы бағытталған агрессияны тойтаруға, оның аумағының тұтастығы мен дербестігін әскери қорғау қызметтері (әрекеттері).

Мемлекеттің сыртқы экономикалық функциясы – бұл мемлекеттің қызметі, бір-біріне тиімді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, халықаралық еңбекті бөлуде, мамандандыру мен өндірісті кооперацияға айналдырғанда, жаңа технологиямен ауыстырғанда, зат ауыстырудағы координациялау кезінде, кредиттік-қаржылық байланыстың дамуынан көрінеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, ұлттық экономиканы әлемдікке интеграциялау, шетелдердің инвестициясын, халықаралық сауданы мемлекеттік жандандыру жатады.

Мемлекеттің дипломатиялық функциясы – барлық мемле-кеттермен олардың қандай идеологияны қолдайтындығына, қандай шаруашылықты пайдаланатындығына, қарамай тиімді қарым-қатынаста болуға мүмкіншілік жасайды; бұл мемлекет-тің халықаралық аренада, басқа мемлекеттермен жөнді көпші-лік қатынастарды белгілеп қолдау әрекеттері, мақсаты адамзат баласының тұрақтылығы мен гүлденуіне жету көзделген.

Әлемдік тәртіпті қолдаушылық – бұл мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, халықты қыратын қаруларды жою (бактериологиялық, химиялық, т.б.) мақсатындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы әрекеттері. Басқа мемлекеттермен бірігіп, халықаралық және ұлттық қатынастармен, терроризммен, әлемдік әскери конфликтермен күрестегі ынтымақтастық қарым-қатынастар.

Қазіргі кездегі, әлемдік проблемаларды шешуге қатынасу, яғни адам баласының алдында тұрған пролемалардың жиын-тығын, шешуден оның болашағы тікелей тәуелді (эколо-гиялық, демографиялық, шикі затсыз, энергетикалық, эколо-гиялық, космостық қауіптілік, метеориттер, астероидтар), азық-түлік, миграциялық, денсаулықты сақтау (эпидемиямен, пандемиямен күрес), т.б.

Халықаралық басқа елдермен қарым-қатынас, қазіргі мемлекеттердің маңызды функцияларының бірі: бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда жүргізіледі: ынтымақтастық қарым-қатынас; мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым-қатынастар; қоршаған ортаны қорғау туралы қарым-қатынастар; басқа мемлекеттерге әр түрлі құқықтық көмек көрсету.

3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық–бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқыққолданушы–бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушы–бұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші–бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық– бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық–бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

Мемлекеттік функцияны іс жүзіне асырудың мынадай түрін бөліп көрсетуге болады: Көтермелеу (пощрение) құқықтық қатынастар субъектілерін, олардың қоғамға және меншікке қажетті құқықтық тәртіптерін бағалап, көтермелеу; Ұсыныс беру (рекомендация) – мемлекеттің талаптарына сай келетін субъектілердің әрекеттеріндегі тиімді жақтарын көрсетіп, бағыт беру; Сендіру (убеждение) – бағдарлы және мақсатты түрде мемлекеттің субъектілердің сезіміне, өзінің саясатта ұстаған бағытының дұрыстығын түсіндіруге ықпал ету; мәжбүрлеу (принуждение) – құқық негізінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдар арқылы, жеке адамның, қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында, құқық нормаларымен белгіленген тәртіпті бұзушыларға, физикалық, психикалық, мүліктік әсер ету.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 1969; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты