КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ықтың пайда болу теорияларыҚұқық өзін құрайтын үш бөлікке негізделеді және ұсталады: құқықтық идеяларға (құқықтық сезім), құқықтық нормаларға (құқықтық ұйғарымдарға) және құқықтық қатынастарға (заңды табиғаты бар қоғамдық қатынастарға). Осыған орай, заңды дүниетаным, негізінен төмендегі құқықты түсіну түрлерінде көріне алады (қазіргі құқық теориясына). Табиғи құқық теориясы (табиғи-құқықтық, филосо-фиялық әдіс) құқықтың үстемдік идеясына негізделген (Аристотель, Г.Гроций, Дж.Локк, Д.Дидро, Ш.Монтеське, А.Н.Радищев, т.б.). Табиғи құқық теориясы бойынша, мем-лекетпен белгіленген заңды нормалар, заңдар түріндегілермен (жағымды құқық) қатар табиғи құқық барлығын қолдайды, яғни адам табиғатымен қаматамасыз етілген құқық пен бостандықтың жиынтығы; адамға туғаннан берілген құқықтар (не пайда болу күшімен); қандай жағдайларда болсын алынбайтын және бөлінбейтін құқықтар – өмір сүруге, бостандыққа, жеке басының дербестігі, не жеке меншіктікке, өмірінің жағымды жағдайына, өзі сияқты басқалармен араласу құқықтарына, т.б. Құқық – бұл өзін-өзі күшпен сендірген адамгершілік бағалылықтың жиынтығы. Нормативті (жағымды) әдіс (Р.Штаммлер, П.И.Нового-родцев, Х.Кельзен) нормаларды мойындауға негізделген. Құқық оның таза күйінде («в чистом виде»), объективті-логикалық заңды қосынды (конструкция) ретінде, көрінеді және әлеуметтіктен, тарихидан, саяси және психологиялық мазмұндардан тәуелсіз; мемлекетпен құрылатын тәртіп нормаларының жиынтығы ретінде және оның өзімен қорғалатын. Сондықтан, құқық тек заңдарда көрсетілген (заңға), заңдардан тыс құқық жоқ. Құқықтың социологиялық бағыты (құқықтың реалистік мектебі) оның негізіндегі қоғамдық қатынастардың ар-тықшылығына байланысты тұрақталады (құқықтағы әрекет басы). Бұл теорияның негізін салушылар (Л.Дюгн, Э.Эрлих, Г.Конторович, Р.Паунд, К.Левеллин, С.М.Муромцев, Г.Ф.Шершеневич, т.б.) айтқандай, құқық – бұл заңда көрсетілгендей емес, шын мәніндегі тәжірибедегі жағдай. Құқық нормада бекімей, әрекетте бекиді («тәжірибесіз құқық жоқ»). Құқық сотта туады, соттың өзінің кең көлемдегі қалыпты пікірі бар. Ол нақты істі, заң нормаларының материальдық жағдайын өте аз пайдаланып шеше алады. Ол қатаң процедуралық жолмен, өзінің өмірлік тәжірибесімен және құқықтың жалпы қағидаларына сүйеніп істі шеше алады. Солидаристік бағыт не құқықтың әлеуметтік концеп-циясы (Л.Дюги) оның оның социологиялық түсінігіне өте жақын. Құқықта бір-бірімен араласатын адамдар топтарының арасындағы гармонияға (келісімділікке) жететін құрал ретінде түсіндіреді және саясатты, экономиканы, моральды, т.б. (әлеуметтік қолдаушылық) сол гармонияны күзетуші және қорғаушы ретінде санайды. Мысал бола алатын жағдай, құқықты, солай айтылатын «корпоративтік мемлекеттегідей» құқық ретінде түсінушілігі. Құқықтың психологиялық теориясы (Л.Петражицкий, Г.Тард). Бұл теория бірнеше орынға жеке адамның мотивациялық-психологиялық ұстанымын алға тартады. «Құқық – бұл сол көрсетілген емес, адамның бар құқыққа қалай қатынас жасайтындығында (заңға). Құқық жағымды, интуитивті құқыққа ұқсас. Оған қоса құқық интуитивті (шын құқық шығу көзі, себебі тек сол ғана адамның әрекетін қозғаушы сәт. Л.И.Петражицкий нормативті тәртіпті былай түсіндіреді: «әлеуметтік институт», адамдардың жалпы тәртіппен жүруіне сай көрінетіндігі; «жағымды моралдық жағдай», міндетті сезіну, сыртқы мәжбүрлеуден, жазалаудан қорқу; құдай билігін еске салу. Дегенмен, барлық осы факторларды іс жүзіне асыру үшін, ол айтқандай, тиімді әлеуметтік, діни бақылаудың қажет екендігіне көңіл аударып, жоғарғы діни сезімділікті және мемлекеттік заңдардың қатаңдығын қолдайды. Маркстік (материалистік, таптық) құқық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) таптық тұрғыға негізделіп, құ-қықтық заңға айналдырған үстем таптың еркі ретінде танып, оның қоғам дамуындағы экономикалық факторларға сай қалыптасатын және оның қолындағы мемлекеттік билікті қол-дайтын құрал ретінде таниды. Құқық тек мемлекетте әрекет ететін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы ретінде көрсетіледі, яғни, заң сонымен толық ұқсастандырылады. Құқықтың тарихи мектебі (Ф.К.Савиньи, Г.Ф.Пухта) құқықты халықтың рухының туындысы ретінде санайды. Ол қоғамда тарихи процесс кезінде тіл сияқты қалыптасады, мемлекеттің еркінен тәуелсіз. Әдет заңнан жоғары тұрады. Мемлекетке сол қалыптасып жатқан нормаларды байқап оларды бекітуін қалайды. Солай ұлттық құқық қалыптасады. Реалистік мектеп (Р.Иеринг) құқықты мемлекетпен қорғалатын мүдде ретінде қарайды (құқық мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз түкке тұрмайды). Құқықтың либертарлды бағыты (В.С.Нерсесянц, Л.И.Спиридонов, Р.З.Рившиц, В.А.Четвернин, т.б.) құқықтың жоғарғы тәуелсіздігіне және оның жақсылық пен адалдықтың мөлшері екендігі көрсетіп, соған сүйенеді. Билет
|