КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оғамның саяси жүйесіндегі мемлекетАдамдар мен мемлекеттің өзара байланысын саяси билікті ұйымдастырушы, өзара бірігіп әрекет ететін нормалар мен идеялардың соларға негізделген саяси институттардың, мекемелердің және әрекеттердің жиынтығын саяси жүйе деп атаймыз. Бұл құрылымның негізгі мақсаты – адамдардың саясаттағы әрекеттерінің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету әдебиеттерде саяси жүйенің 4 бағытын диалектикалық бірлігі болып табылады деп көрсетілген. 1. Институтционалдық – қоғамдық саяси ұйымын құрайтын мемлекеттер, партиялар, әлеуметтік-экономикалық басқа да ұйым жиынтығы. 2. Реттеуші – құқық, саяси норма, дәстүр, мораль 3. Функционалдық – саяси режимнің негізін құрайтын саяси әрекеттер тәсілі. 4. Идеологиялық – саяси сана, ең алдымен берілген қоғамда үстемдің құрушы идеология. Саяси жүйенің құрамында негізгі компоненттері: саяси және құқықтық норма,саяси құрылым, саяси қызмет, саяси сана, саяси мәдениет. Саяси және құқықтық нормалар – Конституция, кодекс, жарғы, партия бағдарламасы, саяси дәстүр түрінде бекітілген, саяси қатынастарды реттеуші, ережелермен қалыптасқан және бекітілген, жүріс-тұрыс ережелерімен саяси және құқықтық нормалар деп атаймыз. Саяси құрылым – саяси мемлекеттік ұйымдардың, институттардың мекемелердің жиынтығы және олардың арасындағы қатынас. Саяси қызмет – адамдардың қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру жүйесін қорғау және қайта құру, жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған. Саяси сана және саяси мәдениет – саяси биліктің, механизмнің әрекеттерін көрсететін және адамдардың саяси қатынастардағы мінезін бағыттайтын рухани көріністердің әр алуандығы. Саяси қауым мүшелерінің қабылданған және олардың әрекеттерімен қатынастарын реттеуде пайдаланатын, сенім символдар, саяси идеялар мен қазыналар жүйесін саяси мәдениет деп атаймыз. Қоғамның саяси жүйесі – белгілі бір функцияларды жүзеге асырушы мемлекеттік және мемлекеттік емес, әлеуметтік институттардың жүйесі. Қоғамдардың саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекеттік саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар көрінеді. Мемлекеттің ерекше белгілеріне ие болғандықтан қоғамдық саяси жүйеде шешуші рөл атқарады. Белгілері: -мүдделер күресін тудырушы әлеуметтік өзгешеліктер болғанда қоғам интеграциясына деген қабілеттілік; -бекітілген ережелердің орындалунында құқықтық мәжбүрлеуші билік органы; -қоғамдағы мемлекеттің құқықтық шығрамашылық қызметі; -мемлекеттің билікті жариялығы; -саяси кеңестік шегінің анықтылығы. Саяси партияларда саяси жүйенің негізгі субъектілері болып табылатын партияларды насихаттаушы, қорғаушы, өзіндік бағдарламаларымен мақсаттар жүйесі бар, ұйымдасқан құрылымы болады. Партиялар –5ке бөлінеді. 1.Топтық – өндірістік қатынастардың құрылымындағы орындарына қарай әлеуметтік топтардың мүддесін көздейді. (шаруа мнен жұмысшы). 2.Ұлттық діни – мемлекеттің деңгейдегі этникалық топтардың ерекше мүдделерін көздеу. 3.Мәселелік – қандай да бір әлеуметтік міндетті шешуге арналған. (экономи партия). 4.Мемлекеттік патриоттық – мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуші барлық әлеуметтік топтардың өкілдеріне негізделген. 5.Қандай да бір әйгілі саяси тұлға төңірегінде қалыптасқан оның көтермелеуші тобы ретіндегі партия.
|