Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ықтық мәдениет түсінігі, құрылымы




Құқықтық мәдениет – бұл экономикалық саяси, әлеуметтік және қоғамның дамуындағы рухани деңгеймен қамтамасыз етілген жалпы мәдениеттің бір түрі, адам баласында жиналып қалған құқықтық бағалылықты пайдаланудағы игерудің мүшелерін көрсетеді, себебі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Әдебиетте құқыққа, мәдениеттің неден қалыптасатыны жөнінде көптеген комплекс факторлар көрсетіледі. Ондай факторларға жататындар: құқықтық ойлау мәдениеті (құқық нормаларын білу, оларды тәжірибеде пайдалана білу); құқықтық сана мәдениеті қоғамдық құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде мойындау, құқықтық тәртіп мәдениеті (игерілген құқық нормаларына сай, саналы қылықтар жасау).

Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі, оның орындайтын функцияларынан көрінеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: бағалылықтағы, танымалдылықтағы, прогностік, реттеушілік, коммуникативтік, құқықтық-әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын бағыттар.

Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта болы тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шынлдықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;

5) құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);

6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

Бұлардың барлығы жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті–бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:

1) психологиялық элемент–құқықтық психология;

2) идеологиялық элемент–құқықтық идеология;

3) жүріс-тұрыстық элемент–заңды мәні бар жүріс-тұрыс.

Қоғамның құқықтық мәдениеті–бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:

- құқықты шын мәнінде қажетсіну;

- елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;

- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.

Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:

1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;

2) заң нормаларының даму дәрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т.б.);

3) заң қызметінің даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті).

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 303; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты