Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері




Мемлекет нысаны–бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

Басқару нысаны дегеніміз – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрылысы, олардың құрылуы мен өздерінің арасындағы құзіреттікті бөлу.

Монархия – бұл сондағы басқару нысаны, онда жоғарғы билік бір адамның қолына, әдеттегідей мұрагер ретінде көшеді. Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламантарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Классикалық монархияның негізгі басқару белгілеріне жататындар: оның билігі мен өмір бойы пайдаланатын жалғыз ғана мемлекет басшысының болуы (патша, кароль, император, шах, сұлтан); мұрагерлік тәртібімен жоғарғы биліктің өтуі; өз қалауымен мемлекеттің өкілеттілігінің болуы; монархияның заңды жауапкершілігінің болмауы.

Әр түрлі тарихи кезеңдерде болған көптеген монархияның түрлерінің болғандығы белгілі. Олардың кейбіреулері біздің қазіргі уақытымызда да өмір сүруге қабілетті. Монархия басқару нысаны ретінде мынадай түрлерге бөлінеді: сеньориалды, сословиялы-өкілеттіліктегі, абсолюттік тежелген (парламенттік), дуалистикалық, теократиялық, парламенттік.

Республика – онда мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі халықтың (сайлаушылардың) қалауы бойынша құралған өкілетті органдардың (парламенттің) билігі болып есептеледі.

Республиканы ерекше басқару нысаны ретінде санау көне замандарда (Афины, Спарта, Рим), орта ғасырда (қала мемлекеттері – Великий Новгород, Псков, Флоренция, Геуя, Венеция) болған. Қазіргі кезде республика жоғарғы нысандағы басқару нысаны.

Парламенттік республика – қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір түрі, онда жоғарғы билік (жүргізуші рөлдегі) мемлекеттік өмірді ұйымдастыруды парламентке береді.

Мұндай республикада үкімет парламентпен депутат-тардан және парламентте көп дауыс жинаған партиялардың өкілдерінен қалыптастырылады. Үкімет парламент алдында өзінің жұмыстары үшін ұжымдық жауапкершілікте болады. Егер көптеген парламент мүшелерінің сенімінен айрылса үкімет отставкаға кетеді не болмаса мемлекет басшысы арқылы парламенттің таратылуын және тез арада жаңа парламент сайлауының жүргізілуіне қол жеткізеді. Парламентарлық республикалар қатарына мыналарды жатқызуға болады: ФРГ, Грецияны, Италияны, Австрияны және Швейцарияны, Исландияны, Үндістанды, т.б.

Президенттік республика – қазіргі мемлекеттік басқару нысанының бір түрі, онда президенттің жеке басқаруына парламентаризммен қоса мемлекет және үкімет басшысының өкілдігі біріктіріледі (АҚШ, Франция, Ресей, Бразилия, т.б.).

Президенттік республикаға тән нәрсе парламентсіз президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру әдісінің болуы: үкіметтің жауапкершілігі мұнда парламенттің алдында емес, президенттің алдында болады. Мұнда мемлекет басшысының өкілдігі, парламентарлық республикаға қараған-да кеңірек болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын қалыптастыру мен қызметіндегі көбірек кездесетін ерек-шеліктерге парламенттік және президенттік республи-калардың элементтерінің (бөліктерінің) араласып кетуі. Ондай кезде, аралас республикалық нысандағы басқару деп айтуға болады. Оған көп жағдайда Ресей Федерациясын жатқызады. Президент және парламент халықпен сайланады, заңмен бірін-бірі жоймайтын кең өкілдікпен қаруландырылып біріккен күшпен үкіметті қалыптастырады (президент премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, парламент оған келіседі не келіспейді). Үкімет осы екі инстанциялардың алдында жауапты (президент оны отставкаға жіберуге мүмкіндігі бар, ал парламент сенбеушілік вотумын хабарлайды. Мемлекет басшысы үкіметтің жұмысын басқарады, ал парламент оның қызметіне тұрақты бақылау жасайды).

Республика–жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланға ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 763; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты