Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Заңнамаларды жүйелеу түрлері




Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.

Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.

Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.

Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).

Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).

Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:

• Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;

• Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;

• Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.

Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).

Нормативті-құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.

Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен шығарылады және өзіне тән «құқықтың қайнар көзі» ретінде қызмет етеді. Инкорпорацияның мынандай түрлері болады:

• Хронологиялық инкорпорация бұл процесте норма-тивтік-құқықтық актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды «Собрание законодательства РФ», «Собрание актов Президента и Правительства РФ» әр түрлі жекелеген министр-ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы (Свод законов) жатады.

• Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік әрекеттер аясында, т.б.

Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.

Консолидация – қоғамдық қатынастардың бір және бірнеше шеңберде әрекет ететін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің қосылып жинақталған біртұтас нормативтік-құқықтық актіге айналуы және актілердің мазмұндары өзгерусіз қалады.

Көбінесе құқықтық тәжірибеде көптеген әр түрлі кездерде қабылданып, қоғамдық қатынастардың біржақты аясын реттейтін нормативтік актілерді, сондайға өкілеттілігі бар құқықтық шығармашылық органдары не лауазымды адамдар бірге жинап, солардың негізінде біртұтас нормативті актілер жасайды. Мұндай жағдайда бұрынғы құқықтық ұйғарымдар сыртқы жағының көрінісінен өзгеріп белгілі редакциялық өзгерістерге түсетіні түсінікті, бірақ олардың бастапқы мазмұны және бағыты өзгермейді. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерді консолидациялау қандай болмасын қоғамдық қатынастар қалпындағы көпшілік әр түрлі нормативтік ұйғарымдарды алып тастау мақсатында және құқықтық реттеудегі бірлікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 484; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты