КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мемлекеттің сыртқы функцияларыМемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары. Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің негізгі әрекетінің бағыты, оның негізімен, әлеуметтік орнымен және халықаралық, мемлекетаралық қатынастардағы мақ-саттарымен қамтамасыз етілген. Мемлекеттің қорғау функциясы – бұл елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетке қарсы бағытталған агрессияны тойтаруға, оның аумағының тұтастығы мен дербестігін әскери қорғау қызметтері (әрекеттері). Мемлекеттің сыртқы экономикалық функциясы – бұл мемлекеттің қызметі, бір-біріне тиімді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, халықаралық еңбекті бөлуде, мамандандыру мен өндірісті кооперацияға айналдырғанда, жаңа технологиямен ауыстырғанда, зат ауыстырудағы координациялау кезінде, кредиттік-қаржылық байланыстың дамуынан көрінеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, ұлттық экономиканы әлемдікке интеграциялау, шетелдердің инвестициясын, халықаралық сауданы мемлекеттік жандандыру жатады. Мемлекеттің дипломатиялық функциясы – барлық мемле-кеттермен олардың қандай идеологияны қолдайтындығына, қандай шаруашылықты пайдаланатындығына, қарамай тиімді қарым-қатынаста болуға мүмкіншілік жасайды; бұл мемлекет-тің халықаралық аренада, басқа мемлекеттермен жөнді көпші-лік қатынастарды белгілеп қолдау әрекеттері, мақсаты адамзат баласының тұрақтылығы мен гүлденуіне жету көзделген. Әлемдік тәртіпті қолдаушылық – бұл мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, халықты қыратын қаруларды жою (бактериологиялық, химиялық, т.б.) мақсатындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы әрекеттері. Басқа мемлекеттермен бірігіп, халықаралық және ұлттық қатынастармен, терроризммен, әлемдік әскери конфликтермен күрестегі ынтымақтастық қарым-қатынастар. Қазіргі кездегі, әлемдік проблемаларды шешуге қатынасу, яғни адам баласының алдында тұрған пролемалардың жиын-тығын, шешуден оның болашағы тікелей тәуелді (эколо-гиялық, демографиялық, шикі затсыз, энергетикалық, эколо-гиялық, космостық қауіптілік, метеориттер, астероидтар), азық-түлік, миграциялық, денсаулықты сақтау (эпидемиямен, пандемиямен күрес), т.б. Халықаралық басқа елдермен қарым-қатынас, қазіргі мемлекеттердің маңызды функцияларының бірі: бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда жүргізіледі: ынтымақтастық қарым-қатынас; мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым-қатынастар; қоршаған ортаны қорғау туралы қарым-қатынастар; басқа мемлекеттерге әр түрлі құқықтық көмек көрсету.
|