Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р құқықтық жүйесінің ерекшеліктері




Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:

1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;

2. құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

3. құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;

4. сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізінде құрылады Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі.

Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды

Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады. Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт. Конституцияның 4-статьясында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген. ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді. Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады. Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді. ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі керек. ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі. Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды. ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген. Қорытындылай келе, ҚР-ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар: 1. құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт; 2. заңдардың жүйеленуі; 3. Конституцияның тікелей қолданылуы; 4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 240; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты