Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар




Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. Әдет нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына маңызды болған – рудың, тайпаның шаруашылық өміріне және отбасылық, тағы басқа рудың арасындағы қарым-қатынасқа, моральға, діни салт-дәстүрге.

Тыйым салу (табу) – бірдеңе істеуге діни тыйым салу белгіленген. Ондай тыйым салу нақтылы затқа не әрекетке арнайы белгіленген және оларды бұзу рух пен құдайлар жағынан жазалауға жатқан. Мұнда тек тәртіпті бұзушы ғана жауапқа тартылмай, ру не қауымдастық тұтасымен жазалануға тиіс болған. Мысалы, қандас адамдардың отбасын құруы; «Злобной магиисі» бар адаммен араласпау; тұрған үйден, жермен жақындасу үшін, басқарушыға тіке қарау (көз тигізбеу); жай адамдармен араласпау (Жапония және Қытай империялары, Африкандық корольдерге) тиісті болған, тамақтың қалдықтарына табу қойылған (қалдық тамақтарға зиян келтіру оны жейтін адамға зиянын тигізгендіктен, оларды жағып не жерге көму көзделген); соғыстан қайтып келген әскери адамдармен араласуға тыйым салынған (себебі оларды әлі күнге өлтірілген жаулардың рухы соңдарында жүр), сонымен қатар, кісі өлтіргендермен және кісі өлтіруді іс жүзіне асырушы жендеттермен араласуға да тыйым салынған.

Тыйым салудан басқа, мынадай реттеу жолдары: рұқсат беру (дозволения) және міндеттеу (обязывание) пайда болды, яғни нақтылы әрекет істеуге рұқсат беру (не әр түрлі жағдайлардағы әрекетсіздікке). Ондай жағдайлар, аңға шыққан адамдардың қандай аңды атуға болатындығын анықтаған және өсімдіктердің түрлері мен олардың жемісін жинау уақытын анықтайтын кезеңдерде және әр түрлі аймақтардағы су көздерін пайдалануда туындаған.

Позитивті (оңды) міндеттеу – белгілі әрекетті жасауға арналған алдын-ала міндеттеу, мысалы, тамақты дайындау процесіндегі қажетті тәртіпті ұйымдастыруда, тұрғын үй салғанда, далада, от жаққанда, құралдар дайындағанда туындайды.

Бар тәртіп жолдары, солай айтылатын мононормалар түрінде қалыптасты. Мононормалар, әлеуметтік нормалар ретінде қоғамда қалыптасып жатқан қатынастарды реттейді және өзінің әмбебаптылығымен және бөлінбейтіндігімен, құқықтық моральды-этикалық, діни және басқа талаптарға сай сипатталады. Былайша айтқанда, мононормаларда барлық әлеуметтік нормалар бір-бірімен араласып барлық қоғам мүшелері үшін, нағыз шындық негізінде көрінді.

Адамдардың тәртібін реттеуде ерекше орынды мифтер алады. Миф дегеніміз ертегілердегі болған (құдайлардың, батырлардың, рухтардың), ертегі әңгімелердің жиынтығы, олар өмір туралы адам ойларының табиғаттағы күнделікті болмыстағы мистикалық жағдайын көрсетеді. Жекелеген аймақтарды (Месопотамия, Египет, Үндістан (ІV-ІІІ мың жыл б.э.д.) осы құқықтың қайнар көздеріне агрокалендарлар, жазылған қатаң түрдегі нормативтік жинақ түрінде қосылады. Онда көне жер өңдейтін қауымдастық күнделікті өмір жолдары (жерді жырту, дән себу, егінді жинау), ол тәртіпті қадағалау, соған жауап беретін аппаратқа тапсырылған. Ол тәртіпті бұзғандарға арнайы санкция белгілеген. Кей кездерде, құқықтық нормалар шенеуніктерге ерекше нұсқау ретінде кіргізілген (Мысалы, көне Египетте солай айтылатын «Сорок кожаных свитков» (қырық былғары ораулар).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 215; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты