Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері




Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы.

Кейіптеу қалпындағы негізгі компонентке тарихи мемлекет типі (кейпі) жатады – мемлекет бір қоғамдық-экономикалық формацияға байланыстыратын көбірек маңызды белгілердің жиынтығы, белгіленген мемлекеттердің жиынтығы, олардың әлеуметтік орнының негізгі бірлігімен қатамасыз етілген. Сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық институттардың тығыз қарым-қатынасын ұмытпауымыз керек. Сондықтан кейіптеу қалпында, тарихи құқық типі (кейпі) солай бөлініп шықты, ол өз жағынан, қоғамның барлық жан-жақты өмір аясының ерекшеліктерімен, құқықтық қағидалардың мазмұнымен және белгіленген, қорғалатын соған сай тарихи кейіптегі мемлекеттің заң нормаларының құқықтық саясат жүйесімен сипатталады.

Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория – формациялық және өркениеттік.

Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс – бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу.

Құлиеленуші мемлекет типі (кейпі) – қоғамдағы бірінші мемлекеттік-таптық ұйым. Құлиеленуші мемлекет өз мәнінде – құлиеленуші қоғамдық-экономикалық формациядағы үстем таптың саяси билік ұйымы. Бұл мемлекеттердің және олардың құқықтық жүйесінің маңызды функциясы – құлиеле-нушілердің өндіріс құралдарына және құлдарға меншігін қорғау. Ондай мемлекеттердің мысалына, гректік қала-полистер мен көне Римді келтіруге болады.

Феодалдық мемлекет типі – құлиеленуші мемлекеттік құрылыстың ыдырап, феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның пайда болуының нәтижесі. Белгілеуші жағына – жерге меншіктің шартты болуы және заң жағынан тең емес, бір-бірінен бөлек сословиялардың болуы. Феодалдық мемлекет қоғамның кейбір бөліктерінің артықшылығын кеңейтіп, басқа бөліктерін ығыстырып, толық құқықсыздыққа айналдырған. Құқық адамдардың бір-біріне тәуелді екенін ашық көрсеткен. Феодалдық құқық күштің құқығы болды («кулачное право»). Сонымен бірге, феодалдық мемлекетке солай айтылатын құқық партикуляризмі тән болды – барлық мемлекет аумағындағы бір ғана құқықтың жүйесінің үстемдігінің жоқтығын көрсетеді. Себебі олар жергілікті әдеттер мен иммунды цехтік құқықтар негізіндегі, сеньоральды және канондық әділет заңдарына сүйенеді.

Қазіргі кездегі европадағы мемлекеттердің тарихи бастауы орта ғасыр кезеңінен басталады. Феодалдық (ортағасырлық) мемлекеттер өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті: ертефеодалдық монархия (V-ІХ ғғ.), сенсориалдық монархия (Х-ХІІ ғғ.), сословиялы-өкілеттік монархия (ХІІІ-ХV ғғ.), абсолюттік монархия (ХVІ-ХVІІІ ғғ.).

Буржуазиялық типтегі мемлекет – қанаушы мемлекет-тердің ақырғы типі (кейпі). Ол абсалюттік мемлекеттің негізінде қалыптасты және оның пайда болуы жаңа қоғамдық қатынастардың тұрақтауының нәтижесі және қалыптасу үстіндегі буржуазияның қызығушылық мүдделерінің көрінісі. Тек солардың ұсақ мемлекеттік қолдауымен жеке белсенділікті қыса бастағанына келіспей «Свобода, равенство, справедливость» ұранын көтеріп революциялық қозғалыстың ХVІІ-ХІХ ғғ. Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы және басқа мемлекеттерде пайда болуына белсенділік көрсетті. Заң бойынша бос жұмысшы өндіріс құралдарынан қол үзгеннен кейін, өзін капиталға сатуға еріксіз тура келеді. Құқық, кәсіпкерлердің бостандығын бекітіп, жеке меншікті қорғады.

Мемлекеттің социалистік типі (кейпі) – капиталистік қоғамның объективтік қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда болды, ол пролетарлық революцияның қажеттігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің жұмысшылардың қолына көшуі және жұмысшы табы басқаруындағы, оның теориясы жеке меншікті тоқтатып, оның негізделген мемлекеттік машинаны қиратып жойды. Социалистік мемлекет – жұмысшы табының саяси билігінің құралы. Ол маркстік-лениндік ғылым негізінде жұмысшы халықтың мүддесін қорғайды, социалистік қоғамның дамуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Дегенмен уақыт өте мемлекет жай ғана жоқ болады, яғни қоғам өзін-өзі басқарушылыққа араласып кетеді, ал қоғамның өзі ең жоғарғы даму деңгейіне жетіп – коммунистік қоғамға айналды.

Мемлекеттің тағы да бір типі бар, ол толығымен формациялық типологияға симайды, бірақ логикалық жағынан жақын. Бұл өтпелі типтегі мемлекет. Материалистік көзқарас бойынша, ол мемлекеттік таптық не ұлттық – бостандық үшін болған күрестің тез арадағы саяси режимінің ауысуына байланысты және олар сүйенген әр түрлі типтегі өндірістік қатынастардың нәтижесінде пайда болады, әрі қарай біртіндеп үстемдік нысанындағы меншіктілікті қабылдайды. Сонда мемлекеттер міндетті түрде белгілі тарихи типтегі мемлекеттерге – капиталистікке не социалистікке қосылуға тура келеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 427; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты