Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары




Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ой мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:

1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, апарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, мәселе бойынша жалпы халлықтық референдум жүргізіледі.

2. Заңды кәсіпқойлық – мемекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды, т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден – заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламеннтте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық – жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.

4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру – бұл үшін қоғамның саяси - экономикалық, мәдени- әлеуметтік жүйелерін жан – жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

Құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынасттарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқықа мемлекеттің күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып, жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп мемлекеттік органның қарауына талқылауына түседі.

Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:

1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:

2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.

3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 312; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты