Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:




Мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:

• өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға);

• қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.

• қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;

• мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу;

• үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.

96 Құқықты талқылау (түсіндіру)

Құқық нормаларын талқылау деп заң шығарушы органның құқық нормаларында бекіткен еркін, мазмұнын ұғынуға, түіндіруге бағыииалған субьектілердің қызметтерін айтады. Талқылау құқық қолданудың ең маңызды және жауапты сатыларының бірі болып табылады, ол арқылы құқық нормалары іс жүзіне асырылады. Талқылаудың өзінің мазмұны бар және оның кейбір жақтары негізінде екі қғыммен қамтылады: ұғыну және түсіндіру.

Ұғыну–субьектінің ойлау процесінің жемісі, құқық нормасын түсінудегі қорытынды пікірі. Ұғыну толғаныс, күйзеліс арқылы қалыптасады, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде логикалық заңның күшімен тексерілген, дұрыс қорытынды туындайды.

Тұсіндіру–интерпретатордың құқық нормасын дұрыс қолданудың мазмұнын айқындап, ашып көрсетуі. Түсіндіру-тек ғана ұғынудан кейін болатын саты. Алдымен ұғып алып, содан кейін ғана түсіндіруге болады. ұғынусыз түсіну болмайды.

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.

1. субьтектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми емес болып екі түрге бөлінеді.

1. Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субьектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы құқықтық кесім арқылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талқылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы қолдануда барлық субьектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субьектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағанада ұғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда қателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

2.Нормативтік талқылауда құқықтық норманы айналады, көп рет пайдалануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, “Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер түралы заңында” заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылданған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар норативтік талқылаудың субьектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық келісімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңды көрсетілген іс жүргізу нысанында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады, - деп атап көрсетілген.

3. Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық қолдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік екі түрге бөлінеді.

Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және докриналдық.

1. Кәдімгі талқылау құқық қорғау субъекттің өзінің білімі, деңгеиі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, оның нормаларына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адамдардың өз пікірлерін білдіруі.

2. Кәсіби талқылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, заңды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.

3. Докриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және комментарийлерде беретін талқылаулар.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты