Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде




Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.1995 ж. 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екі рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен белгіленеді. ҚРП құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғ. палата – Сенат және төм. палата – Мәжілістен тұрады.Сенат әрбір облыстан, респ. мәндегі қаладан және ҚР астанасынан екі адамнан, тиісті облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік мерзіміне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттарын сайлау – мәслихат депутаттарының бірлескен отырыстарында өткізіледі. Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісін ескеріп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бірдей болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25-ке толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Респ. және жергілікті бірлестіктер арқылы, сондай-ақ, өзін өзі ұсыну жолымен азаматтар Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сессиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа, қандай да болсын аманат пен тапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конституцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалаушы кеңесінің құрамына кіруі, сондай-ақ, жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды; палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік к-тінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметтен кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т.б.Мәжілістің ерекше құзырына мыналар жатады: тиісті заң жобаларын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерін сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау; әділет біліктілік алқасының құрамына 2 депутат ұсыну; ҚР Президентіне қарсы мемл. опасыздық жасады деген айып тағу, т.б. (ҚР Конституциясы, 56-бап).

Парламент Палаталардың бірлескен отырыстарында: Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституц. заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; респ. бюджетті және Үкімет пен Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп к-тінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Президенттің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық білдірген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді (бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді); Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығарушылық өкілеттік береді; Президенттің Премьер-министрді; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім береді; Премьер-министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен Үкімет бағдарламасының екінші рет қабылданбауы Үкіметке сенімсіздік білдірген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіреді; соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді; респ. референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т.б.Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермесе, Парламенттің Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа тармақтары арасындағы келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда – Президент Парламентті тарата алады. Бірақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейінгі 1 жыл ішінде Парламентті таратуға болмайды.Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты к-ттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиіс. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты к-тінде алдын-ала қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейін – Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Ал Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституц. заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық білдіруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тілді еркін игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргізеді. Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір-біріне бағынбайды, бір-біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртібінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет аясы мен міндеттері бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бірлесіп қызмет атқаруға міндетті.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 188; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты