Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тікелей және жанама салықтар




2. Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)

Р түрлі бюджет деңгейінің құрылуы

1.салықтар - салық төлеушінің табысы немесе мүлкінен тікелей алынатын салықтар. Халықаралық статистикада салықтарды тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей салықтар табысқа және мүлікке салынады. Корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы,әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы тікелей салықтарға жатады.Тауардың бағасына енгізілетін немесе тарифке қосылатын және сатып алушы төлейтін салықты жанама салық деп атайды. Ол негізінен көпшілік тұтынушылардан алынады. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баж салығы жатады.Жанама салықтар салық төлеушілердің пайдасын (табысын) пайдалану үдерісімен байланысты салынады. Олардың салық төлеушінің экономика әлуетімен (табыс әкелуге қабілетімен) байланысы жанама түрде болады. 3 түрге бөлінеді: мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтар, тұтыну салығы мен кеден бажы.Алғашқы түрге қосымша құн салығы жатады.

Екінші түрге акциздер, жанар жағармай сатуға салынатын салық, тағы басқалар жатады.Мүлік және тұтыну салықтарына, сондай-ақ мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтарға салық органдары өкім жүргізеді. Кеден бажын алуды кеден органдары реттейді.Заң жүзінде салықтардың бұл санаты шаруашылық жүргізуші субъектілерге енгізіледі, бірақ олар технология тізбек бойынша тұтынушыларға аударады. Соның салдарынан барлық жанама салықтарды ақырғы төлеуші, ақырғы тұтынушы – жұртшылық. Сондықтан төте салықтардан өзгеше түрде жанама салықтар көбінесе тұтынушылардың мүліктік дербестігіне тікелей сай келмейтін көпшілік қолды тұтыну заттарына салынып, ауыртпалығы, әсіресе, халықтың кедей табына түседі және олардың көлемі төлемшілердің қаражатына кереғар келіп жатады.

Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi..Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.Арнаулы салық режимін қолдану шарттары428-баптың 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 9-бабының редакциясында қолданылды 1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.3. Арнаулы салық режимін:1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)6) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің.Осы тармақшаның мақсаты үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) ұғынылады, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін басқа тараптың тапсыруы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.

Р түрлі бюджет деңгейінің құрылуы. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады. 2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.3. Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.Республикалық бюджет

1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. 2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңыменбекітіледі.Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады. 2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. 2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.Төтенше мемлекеттік бюджет1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. 2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. 3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. 4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

 

№__21__билет

1. Салық органдарының қызметтері және құрылымы

2. Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер

3. Преференциялар және жеңілдікткр

1-сұрақ
1. Салық қызметі органдарының міндеттері:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
2) міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын
қамтамасыз ету болып табылады.
2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кодтары бар уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.
3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
6. Салық қызметі органдарының рәмізі болады. Салық қызметі органдары рәмізінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Салық қызметі органдарының функционалды міндеттері.

Министрліктің негізгі міндеттері:
1) республикалық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және жергілікті бюджеттерге кассалық қамтамасыз ету;
2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толығымен бюджетке түсуін қамтамасыз ету;
3) республикалық жіне жергілікті бюджеттердің орындалуын, бухгалтерлік есеп және аудитті әдістемелік басқару;
4) өз өкілеттілігі шегінде республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылау;

2-сұрақ. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.[1]

Есептi жыл үшiн бiрыңғай жер салығын төлеу аумақтық салық органдарымен келiсiм бойынша төлемдер екi мерзiмге бөлiнiп жүргізіледі:
1 қазанға дейiн - есептi кезең үшiн төлеу көзделiп отырғанның кемiнде 1/2 бөлiгiн;
есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн - салықтың жалпы сомасының қалған бөлiгiн.
Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығының барлық сомасын есептi кезең бiткенге дейiн алдын-ала төлеуге құқылы. Қожалықтың қызметi тоқтаған жағдайда бiрыңғай жер салығының төленген сомасы қайтаруға немесе қайта есептеуге жатпайды.
Қожалықтың қызметi бiрыңғай жер салығын төлеудiң белгiленген мерзiмдерiне дейiн тоқтаған жағдайда салық органдары жер учаскесiн ағымдағы жылы әр ай сайын иеленудiң iс жүзiндегi уақытына қарай бiрыңғай жер салығының сомасын қайта есептейдi.
Қожалық (фермерлiк) шаруашылықтар әрбiр жалдамалы қызметкер, Шаруашылық Басшысы мен әрбiр мүшесi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 35 % мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. Қожалық (жұмыс берушi) жалданған қызметкер үшiн төлеу көзiнен табыс салығын ұстауды, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды кiрiс берiлуiне қарай белгiленген мерзiмдерде дербес жүргiзедi.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
бiрыңғай жер салығын төлеуге Заңда белгiленген мерзiмде есептi кезеңнiң әрбiр айы үшiн әрбiр жалдамалы қызметкердiң табыс салығын, әлеуметтiк салықты төлеудi жүргiзедi;
бiрыңғай жер салығы бойынша декларация тапсыру үшiн Заңда белгiленген мерзiмде әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырады;
зейнетақы заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау мен аударуды жүргiзедi;

3-сұрақ.Тарифтік преференциялар. Кедендік одақтың дамып келе жатқан және онша дамымаған елдерінің экономикалық дамуына қолдау көрсету үшін Кедендік одақ тарифтік пұрсаттылығының Бірыңғай жүйесі қолданылады.

Тарифтік пұрсаттылықты беру, дамып келе жатқан елдерден шығарылатын белгіленген тауарларға қатысты, кедендік баж алымдарының 25% төмендетілген мөлшерлемерінің қолданылуына саяды.

Онша дамымаған елдерден шығарылатын осы тауарларға қатысты, нөлдік кедендік баж алымдары қолданылдады.

Сондай-ақ Кедендік одақ елдерімен еркін сауда туралы келісім жасаған кезде пұрсаттылықты нөлдік кедендік баж алымдары қолданылады (мысалы, ТМД шеңберінде Сербиямен).

Тарифтік пұрсаттылықтар жүйесін қолдану 2008 жылғы 25 қаңтардағы бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісім ережелерімен, Кедендік одақтың Кедендік кодексімен және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кедендік одақ тарифтік пұрсаттылықтарының бірыңғай жүйесі туралы Хаттамамен реттеледі.

Еуразиялық экономикалық комиссияға артылған өкілеттіктерге сәйкес келесі реттегілер бекітілді (2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешіммен):

• Кедендік одақ пұрсаттылықтары бірыңғай жүйесінің дамып кележатқан пайдаланушы- елдерінің тізбесі;

• Кедендік одақ пұрсаттылықтары бірыңғай жүйесінің онша дамымаған пайдаланушы- елдерінің тізбесі;

• Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағына әкелімі кезінде бірыңғай тарифтік пұрсаттылықтар берілетін, дамып келе жатқан елдерден шығарылатын тауарлар тізбесі.

Тарифтік жеңілдіктер.Тарифтік жеңілдік әкелімді баж алымдарын төлеуден босатылу немесе әкелімді кедендік баж алымының төмендетілуі түрінде тұлғаланады, тауар шығарылатын елге тәуелді болмайды және жеке сиаптын алып жүруі мүмкін емес.

Тарифтік жеңілдіктерді қолдану туралы шешім бәтуаластық негізінде одақ елдерінің ұсыныстарын негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссиямен қабылданады.

Тарифтік жеңілдіктерді қолдану 2008 жылғы 25 қаңтардағы бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісім ережелерімен, Кедендік одақтың Кедендік кодексімен және 2008 жылғы 12 желтоқсандағы тарифтік жеңлдіктерді беру туралы Хаттамамен реттеледі.

Келесі тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктердің берілуіне рұқсат етіледі:

1) кедендік заңнамамен белгіленген, тиісті кедендік тәртіптемелер шеңберінде кедендік бақылаумен әкелінетін;

2) осы капиталды қалыптастыру үшін құрылтайшы құжаттармен белгіленге мерзімдер шегінде, жарғылық (жинақтама) капиталына шетелдік құрылтайшының салымы ретінде әкелінетін;3) ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану саласында Кедендік одақ мемлекеттерінің халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тізбе бойынша, ғарыштық аппараттарды ұшыру жөніндегі қызмет көрсетулер келісімдері шеңберінде әкелінетін.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 174; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты