Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Азақстан Республикасының салық жүйесі.




Читайте также:
  1. А.Смиттің салық салу принциптері
  2. Азақстандағы туристік кластерді қалыптастырып, дамыту
  3. Бап. Салық заңнамасының жариялылығы принципі
  4. Бап. Салық салу объектілері
  5. Блок. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
  6. Блок. «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
  7. Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
  8. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
  9. Леуметтік салық: түсінігі, ставкасы

1.Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: пропорционалды (тұрақты), прогрессивті (үдемелі), регрессивті (кемімелі) болады.Пропорционалды– табыс көлеміне қарамастан салық мөлшерлемесі өзгермейді.Регрессивті (кемімелі)– табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі азаяды.Прогрессивті (үдемелі) – салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады.Барлық салықтар табыстан, өнімнен,мүліктен н/е жерден алынса да, соңында табыстың өсуімен өзгереді. Егер салықтың орташа мөлшері табыстың көбеюімен жоғарыласа, онда ол прогрессивті бт. Бұл салық абсолютті күшпен байланысты болуымен бірге, табыс өсуімен бірге алынатын шамамен байланысты.Регрессивті салық орташа мөлшері табыс өсуімен бірге төмендейтін салық. Регрессивті салық үлкен абсолютті сома әкелуі мүмкін ж/е табыс өскенде салықтың абсолютті шамасының өсуіне әкелмеуі де мүмкін.Пропорционалды салықта табыс мөлшеріне қарамастан орташа салық мөлшері өзгеріссіз қалады.Прогрессивті салық халықтың ауқатты бөлігіне қатты тиеді, ал регрессивті салық керісінше кедейлерге қатты тиеді.

2. Оңайтылған декларация нег/гі арнаулы салық режиміне шағын бизнес субъектілері бюджетпен есеп айырысу үшін негізгі формасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер н/е жеке тұлғалар үшін 2 критерий бар: Жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда қызметкерлердің шекті орташа саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса; Салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 млн теңге болса.

Заңды тұлғалар үшін 2 критерий бар:Қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адам болсаСалық кезеңі ішінде шекті табысы 25 млн теңге болса, жеңілдетілген декларация нег/гі АСР қолданады.



Салықты жеңілдетілген декларация б/ша есептеуді салық төлеуші есептік тоқсан сайын алынған кірісін шкала ставкасына сәйкес 4-7% дейін жеке кәсіпкердің кірісінен ж/е заңды тұлғалар 5-9% дейін дербес жүргізіледі. Жұмыс берушілердің жаңа жүмыс орнын құру қызығушылығын көтеруі ж/е реттеу үшін жалдамалы қызметінің орташа айлық жалақысына 1,5% әрбір қызметкер үшін жеңілдетілген декларация есептелген салық сомасының азайтылуы берілген режимде көрсетілген. Айтып кететін жағдай, салық есептелгенде түзету жүргізіледі.Түзету жүргізуді тек қана егер есепті кезеңнің қорытындысы б/ша жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысы кемінде 2 еселеген мөлшерде болса, келесі тоқсан айдың 10-нан кешіктірмей жеңілдетілген декларация әр тоқсан сайын салық органына табыс етіледі. Тоқсан сайын айдың 15-нен кешіктірмей салық сомасы төленеді.



3. Салықтардегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.



Билет


Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 24; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2022 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты