КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт1.ҚазақстанРеспубликасының қаржы жүйесін қарастырсақ, өте салмақты орын алатынын көреміз. Өйткені осы салада материалдық өндіріс пайда болады, яғни жаңадан өнім жасалып айналысқа жіберіледі. Оның бәрі жалпы түрде ұлттық табыстан көрсетеді, ал ұлттық табыс мемлекеттік бюджеттің қайнар көзі болып табылады- себебі ұлттық табыс – салықтың көзі. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. Салық төлеушілер- салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік коорпоративтер, коммерциялық ұйымдар). Оның ішінде: -ҚР-сы Ұлттық банкісінен басқа резиденттер және резидент емес заңды тұлғалар; -Кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар; Салық салу объектісі болып салық салынатын табыс саналады. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алынған табысы. Бұған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады.Заңды тұлғалар үшін табыс салығының ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді: — Жалпы заңды тұлғалар үшін – 30% — Негізгі құралдар жабдығы болып табылатын заңды тұлға оны тікелей пайдаланудан алынған табысынан — 10% — Арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс жасайтын заңды тұлғалар үшін — 20%.Табысты төлеу көзінен салықты ұстау арқылы, жылдық жиынтық табыс туралы декларация беру жолымен, патент негізінде төлейді
2.акциз Жанама салық түрі. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелінетін тауарларға акциздік салық салынады. Акцизделетін тауарлардың тізбесі: спирттің барлық түрлері; алкогольдік өнімдер; темекі бұйымдары; құрамында темекі бар басқа бұйымдар; бензин (авиациялық бензиннен басқа); дизелдік отын; жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); газ конденсатын қоса алғандағы шикі мұнай.Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру және өткізу.Акциз салығын төлеушілері:1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республиксының кедендік аумағына импорттайтын;3) Қазақстан Республиксының аумағында бензинді (авиациялық бензиді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;4) егер Қазақстан Республиксы заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республиксының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін таурларды, сондай – ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Републикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.Мыналар:1) егер белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;2) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шеіндегі этил спирті;3) тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі - дәрмек әзірлеу үшін;4) мемлекеттік медицина мекемелері – акциз бойынша салық салудан босатылады .3.Салық салу объектілері:1) салық салынатын айналым;2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.Салық салынатын айналымды айқындау:1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.2. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады. Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады. 2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс. Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады. 3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады. 5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады. 6. Yшінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады. 7. Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары енгізіледі. 246-бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы.Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.247-бап. Салық салынатын импорт мөлшері .Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
Билет
|