Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Корпорациялық табыс салығы.




Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Салық Кодексінің81 бабына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып мыналар табылады: мемлекеттікмекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары,сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметінтұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар.Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар — 31 желтоқсан аралығындағыкүнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.Корпоративтік табыс салығын төлеуші салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде, салық кезеңіне сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.Корпоративтік табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.

3.Салық қаржы қатынастарының жүйесінде. Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 173; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты